Қарсы көрсетілімі: ауыр жағдайдағы науқастарға, жүйке ауруларында, аурудың жедел қабынуында жүрек қан айналысының жетіспеушілігі, тахикардия 100у. Брадикардия (50-ден төмен) жүрек түйнемесі. ЭКТ дұрыс болмаса, гипертензия,(220/120), гипотензия(90/50), қан кетуі, тромбоэмболия, анемия, эритроцид 2,5-3 млн-ға дейін, СОЭ(ЕТЖ)-20-25 мм/г асса, лейкоцит өте көп жағдайда.
ЕДШ. Кіріспе жаттығулары;
1. Тұрған қалыпта, аяқты қосып , қолды иыққа қоямыз. Қолды жоғары созғанда оң аяқты артқа жіберіп , басты шалқайтып- тыныс алу. Қалыпқа келгенде тыныс шығару. Келесіде сол аяққа қайталау. Қайталау 6-8 рет.
2. Т.Қ. аяқты қосып, қолды екі жанға созамыз. Отырғанда қолды төмен түсіріп тізеге қойып – тыныс шығару. Қалыпқа келгенде – тыныс шығару. Баяу және орташа жылдамдықпен жасалады. Қайталау 6-8 рет.
3. Шалқалап жатқан қалыпта, қолды бүйірге қойып аяқты тізе және банбас буыннан бүгу. Аяқты түзетіп жанына қарай созу , түсіргенде аяқты түзу ұстап қосу. Тыныс алу бір қалыпты. Қозғалыс орташа. Қайталау 6-8/ рет.
4. Тұрған қалыпта аяқты қосып, оң аяқты алға қарай бүгіп, қолды жанына созу. Қалыпқа келіп сол аяққа қайталау. Қозғалыс орташа. Тыныс алу бір қалыпты. Әр аяққа 6-8 рет қайталау.
5. Тұрған қалыпта, қолды шынтақ буыннан аздап бүгіп, жұдырықты жұмып ұстау. Қолды жазбай кезекпен бір қолды алға сосын жоғары көтеріп, екінші қолды артқа және төмен жіберу. Қозғалыспен бірге аздап ирелеңдеп отырып тұру. Қозғалыс орташа. Тыныс алу қалыпты. Қайталау 6-8 рет.
6. Тұрған қалыпта аяқ иық деңгейінде. Екі қолды төбеге қойып, оңға иілгенде тыныс алып, солға иілгенде тыныс шығару. Аяқты бүгуге болмайды . Қозғалыс бір қалыпты баяу асықпай тоқтаусыз жасалады . Қайталау 6-8 рет .
7. Тұрған қалыпта аяқты қосып, оң аяқты аздап бүгіп , сол аяқты артқа көтеріп екі қолды жанға созамыз. Қалыпқа келіп оң аяққа жасау. Денені аздап алға еңкейтеміз. Тыныс алу қалыпты. Әр аяққа 6-8 рет қайталау.
8. Аяқты бірге ұстап, қолды мықынға қойып, секіріп аяқтың арасын ашу, секіріп аяқты қосу . Орташа жылдамдықпен бастап күшейтуге болады. Бір қалыпты терең тыныс алу. Қайталау 6-8 рет.
9. Бөлме ішінде жүру , тыныс алу . Қалыпқа келгенше жүрісті біртіндеп бәсеңдету.
10. Т.Қ. қол денемен бірге аяқты түзу ұстап , екі қолды айқастырып алға қарай созып аяқтың ұшына, көтеріліп керіліп тыныс алу. Қалыпқа келіп тыныс шығару. Қайталау 4-5 рет.
11. Т.Қ. бір қолды жоғары көтеріп, бір қолды төмен жібереміз. Әрсанағанда қолды кезекпен баяу ауыстырамыз . Тыныс алу бір қалыпты . Қайталау 4-5 рет.
12. Тұрған қалыпта орындықтың арқасынан ұстап немесе қолды бүйірге қойып , әр санағанда аяқты кезекпен алға, артқа сермеу. Тыныс алу қалыпты. Әр аяққа 4-5 рет қайталау.
13. Т.Қ . қолды белге қойып ,Аяқты иық деңгейінде ұстап, алға еңкейгенде тыныс шығару, қалыпқа келгенде тыныс алу. Қайталау 4-5 рет.
14. Т.Қ. қол кеуде тұсында, аяқ иық деңгейінде. Денемен оңға солға бұрылу. Тыныс алу қалыпты. 8-10 рет қайталау.
15. Т.Қ. қол денемен бірге , аяқ арасы қалыпты. Отырып тұру кезінде бір қолды желкеге, бір қолды бүйірге қойып кезектестіре отырып жасау. 6-8 рет қайталау.
16. Т.Қ. қолды бүйірге қойып, аяқты түзу ұстап, тыныс алу жаттығуларын жасау. Шынтақты артқа жіберіп, аяқтың ұшына көтеріліп терең тыныс алу. Қалыпқа келгенде толық тыныс шығару. Қайталау 8-10 рет.
Достарыңызбен бөлісу: |