Төсек режиміндегі асқазан және ұлтабар жарасына Е.Г.
Қолды ішке қойып шалқадан жатқан қалыпта екі қолды жоғары көтеріп бастан асырғанда тыныс алу, бастапқы қалыпқа оралғанда тыныс шығару. Жаттығу баяу бірқалыпты орындалады 4-6 рет қайталау.
Шалқадан жатқан қалыпта ішпен дем алу. Тыныс шығару кезінде бірнеше рет ішті тарту тыныс алғанда іштің бұлшық еттерін босаңсыту 2-3 рет қайталау.
Шалқадан жатқан қалыпта екі аяқты кезекпеннен, табанды жерден көтермей бүгу. Бүгу кезінде тыныс шығарып, аяқты жазғанда тыныс алу 5-6 рет қайталау.
Шалқадан жатқан қалыпта қолды денемен түзу ұстап аяқ пен қолдың саусақтарын бір мезгілде бүгу, жазу, баяу әрі бірқалыпты. Тыныс алу еркін 8-10 рет қайталау.
Шалқадан жатқан қалыпта қолды екі жанына қарай баяу созғанда тыныс алып бастапқы қалыпқа келгенде тыныс шығару. 4-6 рет қайталау.
Шалқадан жатқан қалыпта оң қырына және сол қырына қарай бұрылу. сол аяғыңды жамбасыңа дейін әкеліп аяқпен итеріп оң қырына қарай бұрылу, бастапқы қалыпқа оралу. Тыныс алу бір қалыпты. Осылай екінші жағына қарай 2-3 рет қайталау.
Шалқадан жатқан қалыпта екі аяқты жайлап бүгіп, табанды жанбасқа тіреу сосын екі шынтақты және табанды тіреп жанбасты жоғары көтеру. Тыныс алу бірқалыпты 3-4 рет қайталау.
Шалқадан жатқан қалыпта барлық бұлшық еттерді босаңсытып 1 мин тынығып жату .
Шалқадан жатқан қалыпта қолмен және шынтақты, баяу және біркелкі саусақтарды бір мезгілде бүгу, жазу. Тыныс алу бірқалыпты. Қайталау 5-6 рет.
Жайлап қолдың көмегімен отыру сағат тілімен басты айналдыру және қарсы бетіне жайлап басты оңға, солға айналдыру. Тыныс алу бірқалыпты 4-5 рет әр бағытта қайталау.
Отырған қалыпта төсектен аяқты төмен түсіріп қолды белге қойып кеудені оңға бұрып қолы жанына созғанда тыныс шығару, қалыпты жағдайға келгенде тыныс алу. Осыны сол жағына қайталау 3-4 рет.
Шалқадан жатқан қалыпта қолды ішке қойып ішпен тыныс алу. Тыныс алғанда іштің алдыңғы бұлшық еттерін бірнеше рет тарту, тыныс шығарғанда босаңсыту, 3-4 рет қайталау .