Орталық жүйке жүйесіндегі ЕДШ.
Ми қан айналымының бұзылуы, ми шайқалу, жарақаттану, ми мен жұлындағы ісік-осының бәрі жоғарғы нерв жүйесі ауруларына жатады. Мұндай қауіпті сырқаттардың кесірінен спастикалық паралич, жансызданып қалу немесе сезімталдығы кему, ақыл естің өзгеруі т.б. көптеген жағымсыз белгілер білінеді. Мидағы қан айналымының бұзылуы склерозға, миға қан құйылуға немесе тамырдың мүлде тығындалып қалуына әкеліп соғады. Мұндай кезде мидағы өзгерістер әр клеткада байқалады. Бұған душар ететін факторлар гипертония, адамның дене және ой еңбегімен зорлануы, жұқпалы ауруы, улану. Ауру кенеттен басталады. Аяқ астынан естен айырылып жүрек тамыр, тыныс алу мүшелерінде өзгерістер байқалып, бір жағы жансызданып қалады. Кейде тілден де айырылады. Жансызданған қолдың иілетін бұлшық еттері сіресіп, жазылмай, бүгіліп қалады. Аяқта керісінше, жазылған еттер икемге келмей сіресіп қалады. Осының бәрін жеңу үшін 1-ші күннен бастап жансызданған аяқ-қолды қозғалтып, әр түрлі қалыпта ұстайды. Е.Г-ны 2-ші аптадан бастайды. Массажбен бірге жасау өте тиімді.
Е.Г. негізгі мақсаты:
адамның көңіл күйін еңсесін көтеру.
жансызданған жағында қан-лимфа және зат алмасуын жақсарту.
жүрек қан тамыр, тыныс алу, ас қорыту ағзаларының қызметін қалыптастыру.
терінің ойылуын, буынның бүгілуін, контрактура болмауын өкпенің көп жаттқаннан қабынбауын қадағалау, алдын алу.
жоғалған қыймыл қозғалысты қалпына келтіру.
жүруін қадағалап, өз бетімен кіріп шығып, тамағын алып ішуге дағдыландыру.
Е.Г. алғашқыда сау жағынан басталады. Аяқ қолды бүгу жазу, шыр айналдыру, дұрыс тыныс алу сияқты жаттығуларды сау қолмен орындап, осы қыймыл қозғалысты біреудің көмегімен ауырған қолға жасайды. Бүгіліп қалған саусақ, қол шынтақты буынды жазуға ынталанады, аяқты тізеден бүгіп жазады, аяқ ұшын жан жаққа қозғайды. Қыймыл баяу, бәсең асықпай орындалады. әр буында 6-10 рет қайталанады.
Науқасты біртіндеп төсегінде өздігінен аунауға үйретеді. Кейін ешкімнің көмегінсіз отырып, қайта жатуға қабырға не төсекке сүйеніп орындыққа отыруға дағдыланады. Ақырында журуге дайындалады. Алдымен орындық немесе төсекке сүйеніп тұрып кемтар аяққа салмақ салып, бұлшық еттерін шыңдайды. Одан соң буындарды бүгіп –жазып, отырып көреді. Кейін науқастың екі жағынан сүйеп жургізеді де әрі қарай балдақ таяқпен үйретеді. Инсульт (миға қан құйылу) салдарынан жансызданған аяқ созылып кетеді . Сондықтан саусақтар ілініп қалмауы үшін аяқтарын орап басады. Осылай үйренген соң, жаттығулар жасай бастайды. Баспалдақпен көтерілу, далада жүру, снарядтармен жаттығу, әрі қарай еңбекке баули бастайды.
Ми жарақаты. Жарақаттану ашық және жабық болып 2-ге бөлінеді. Бірінші түрінде бас сүйегі мен терісі бүлінеді. Ал екінші түрінде ми шайқалуы, қысылуы байқалады. Қайсысы болса да есінен айрылып, жүрек-тыныс мүшелерінде өзгерістер болады, лоқсып құсады. Зақымданған ми бөлігінде қимыл тежелуі, тіл байлануы, есту қабілетінің нашарлауы білінеді, кейде миға қан құйылып , сол аурулары білініп, бір жағы жансызданып қалуы ықтимал. Науқас ауыр халден біршама шыққан соң Е.Г. тағайындалады- 10-15 күннен кейін. Төсекте шалқадан жатып, орта буындарға баяу ырғақты жаттығулар жасайды. Е.Г. ұзақтығы 15-17 минут. Аяққа тұрған соң 30-35 минуттан, күніне 2-3 рет. Отыруға жарағанда басты оңға, солға бұрып, алға иіп жан-жағына қисайтып, денемен бірге қозғайды. Қимыл қозғалысты жақсартуға доп лақтыру, көзді жұмып қолды созып тұру, бір аяқпен тұру, жіңішке тақтайдың үстімен жүру жаттығуларын жасайды. Мұны меңгерген соң өз бетінше жүру, серуендеу кейбір жеңіл спорттық ойындармен айналысады. ән- күй тыңдайды. Гимнастика кезінде әуен ойнату. Осының бәрі мидың қабын қалпына келтіруге үлкен әсері бар.
Достарыңызбен бөлісу: |