Жүйке жүйесі ауруларындағы жаттығулар.
1. Сау қолға жаттығу. Тамыр соққысын санай отырып науқастың жағдайына қарай жасалады. Қайталау 4 – 5 рет.
2. Зақымданған қолды шынтақ буыннан бүгу, жазу. Сау қолдың көмегімен жазу. Қайталау 4 – 5 реттен.
3. Тыныс алу жаттығулары. Қайталау 4 – 5 реттен.
4. Сау аяққа жаттығу жасау. Тобық буынды қоса отырып. Қайталау 4 – 5 рет.
5. Иықты жоғары көтеру, төмен түсіру жаттығулары. Қайталау 4 – 5 реттен.
6, Тобық және білезік буындарға баяу жаттығулар жасау. Массажбен біріктіре отырып қозғалысты күшейту. Қайталау 4 – 5 рет.
7. Білекті тік ұстап қолдың басын және саусақтарды қарқынды қозғалысқа келтіру. Сау қолдың көмегімен. Қайталау 3 –4 рет.
8. Барлық жансызданған буындарды жайлап қозғалысқа келтіру. Біртіндеп қозғалысты күшейту. Қайталау. 3 – 4 рет.
9. Бүгулі аяқты жанына қарай қисайтып, қалыпқа келтіру.Жаттығу жасауға көмектесу. Қайталау 3 – 4 рет.
10.Тыныс алу жаттығулары. Қайталау 3 – 4 рет.
11. Иықты қарқынды айналдыру. 3-4 реттен.
12. Жанбасты көтермей белді қайқайту. Күшенбей орындау. 3 – 4 реттен.
13. Тыныс алу жаттығулары. Қайталау 3 – 4 реттен.
14. Қолдың саусақтарын жайлап қозғау бүгу, жазу. 8-10 рет.
15. Аяқтың саусақтарын жайлап қозғау бүгу, жазу. 8-10 рет.
16. Аяқты жайлап жіліншік буыннан шыр айналдыру. 6-8 рет.
17. Жайлап қолды білезік буыннан шыр айналдыру. 6-8 рет.
Достарыңызбен бөлісу: |