1. Кіріспе. Емдік денешынықтырудың жалпы негіздері. (Едш) едш орындарын ұйымдастыру



бет49/74
Дата11.01.2022
өлшемі392,5 Kb.
#110985
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   74
Байланысты:
stud.kz-16010

Бронхит - қолқаның қабынуы. Қолқаның қабынуы кезінде Е.Г. басқа жедел респираторлы аурулар сияқты науқастан айыққаннан кейін тағайындалады.

Орташа және үлкен бұлшық ет топтарын нығайтатын арнайы тыныс алу жаттығулары әр түрлі қалыпта қолданылады.


Бронхоэктатикалық - ауруларда дренажды гимнастика қолданылады. Жаттығулар (шалқадан, қырыннан, ішпен) жатқан қалыпта қақырықты шығаруға арналған аяқ қол, кеуде, денені әр түрлі қозғалысқа келтіріп міндетті түрде жөтелу арқылы жасалады. Қақырықтың жақсы бөлінуі үшін кеуденің қақырық жиналған жерін алақанмен ұру арқылы жөтелдіреді.
Демікпе- инфекциялы аллергиялы ауру. Адамды тұншықтырып дем жеткізбей қысады, қолқа еттерінің кенеттен тарылуынан болады. Е.г.-ның негізгі мақсаты қолқаларды босаңсыту, тыныс алуын қадағалап, кеуде қимылын арттыру. Демікпеге арнайы жаттығулар қолданылады. демікпе ұстаған кезде демін сыртқа шығаруды созып , ұзартады. Ұстама болмаған кезде арнайы тынысалу жаттығулары дыбыстық гимнастика қолданылады. дауыссыз С,З,Ш,Щ,Ж, Р және дауысты У,Е,И,А дыбыстарын демді ішке тартып, сыртқа шығарған кезде созып айтады. Алғашқы кезде 5-7 сек созады, кейін 15-20 сек жеткізеді. 15 сек жеткізген соң келесі жаттығуға көшеді, ол 2-3 дыбысты қосып айту, мәселен ПРУУУУ, БРУУУУ, ШРОООО, ТРОООО.

Бір дыбысқа екінші дыбысты жалғап әндетіп айтады: БР,ВР, ГР, ДР,ЖР, КР,ПР. Бұл әрітперді кілт не тез қайтармай ақырын созып айтады. Демді ішке алғанда, сыртқа шығарған кезде де мұрын арқылы дем алу керек. Демді ішке тартқанда кеудені көтеріп, басты тік ұстап сыртқа шығарған кезде басты салбыратып ішті тартады. Жаттығулар жарық ауасы кең бөлмеде немесе далада жасалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет