1. Кіріспе. Емдік денешынықтырудың жалпы негіздері. (Едш) едш орындарын ұйымдастыру



бет55/74
Дата11.01.2022
өлшемі392,5 Kb.
#110985
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   74
Байланысты:
stud.kz-16010

Е.Г. негізгі мақсаты; денеде қышқылдану- тотығу процестерін үдету, жүрек -,

өкпе жұмыстарын жақсарту, ішек қарынның ас қорыту қызметін арттыру, энергияның көп болініп шығуына ықпал жасау.

Семіздікке Е.Г. екі кезеңде қолданылады. Алғашқыда науқас ертемен тұрып жаттығулар жасап, таза ауада жүріп, өзіне-өзі массаж жасайды. Дене тәрбиесіне үйренген соң екінші кезеңге көшеді. Мұнда бұрынғы жаттығуларға қоса 100 -200 метр жайлап жүгіреді, 10 км –ге дейін жазықтықта жүреді, суда жүзіп, шаңғы теуіп әр –түрлі ойындарға қатысады.

Қалайда артық салмақтан құтылуға ынталану керек. Жаттығулардың нәтижесі тек оның қарқынында емес, ұзақтығы мен реттілігі, мөлшеріне тікелей байланысты. Жаттығуды 40 -60 минутқа дейін созуға болады. Дене жаттығулары бірінші күндері жәй жылдамдықпен басталып, кейін орташа жылдамдыққа ауысады.

Ескерте кететін бір жәй, аштықпен арықтауға болмайды, одан организм әлсіреп витаминнің жетіспеуіне әкеліп соғады.
Қант диабеті бұл ұйқы бездерінде инсулиннің жетіспеуінен немесе мүлдем болмауынан туындайды. Бұл семіздіктен кейінгі көп кездесетін ауру.

Қант диабетінің 2 түрі бар.


1.Инсулинге тәуелді диабет. Ағзада инсулин мүлде бөлінбейді немесе өте аз мөлшерде бөлінеді. Денеге инемен шанышу арқылы инсулин енгізіледі.
2. Инсулинге тәуелсіз диабет. Бұл өте жиі кездесетін түрі. Қан құрамында инсулин көп мөлшерде болғанмен, оған сезімталдық төмен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет