Спирометрия - өкпедегі ауа сиымдылығын өлшейді .
Ганиометрия – буындардың қимылының көлемін өлшеу.
Миотанометрия – бұлшық еттердің қуаттылығы мен күшін бағалау. Дәрігерлік бақылау жұмыстарының бір бағыты дене жаттығуларымен айналысатын жерлерді, дене шынықтыру сабақтарына дәрігерлік педагогикалық бақылау жасау, спорттық жарыстарды қамтамассыз ету болып табылады. Дәрігер немесе мейірбике спорттық базаларға барғанда бәрінен бұрын тазалық жағдайларын тексереді. Ауасын, жарықтандырылуын, желдеткіштерін, ойын залдарын, әжетхана, жуыну бөлмелерін, шешінетін орындарын тексереді. Спорттық киім, аяқ киім, ішкі тәртіп, аптечкаларды,тазалық журналдарын тексереді.
Достарыңызбен бөлісу: |