Қарсы көрсетілімі: Жедел хирургиялық немесе акушерлік көмек қажет ететін жағдайда, жұқпалы аурулар, ревматизм, тромбофлебит, бүйрек, пен дәрет жолдарының қабынуы, қан қысымы жоғары болғанда, токсикоздың ауыр жағдайында, аборт, іштің ауырсынуы кездерінде, жүрек және қан тамырлары ауруларында қояншықта жасауға болмайды.
Жүктілік кезеңі үш бөліктен тұрады: 1) 1-16 апта; 2) 17-32 апта, 3) 33-40 аптаға дейін. Жүктіліктің бірінші кезеңінде әйелдерде жүрек айнуы, құсу, тәбеттің нашарлауы, ащы тамаққа құмарту, дәм сезудің нашарлауы, тез шаршау сияқты белгілер болады. Сондықтан ЕГ мақсаты: жүрек- қан тамыр, тыныс алу жолдарын жақсарту, көңіл күйді көтеру, арқа бұлшық еттерін нығайту.
Достарыңызбен бөлісу: |