Семіздікке қарсы жаттығулар.
1. Шалқадан жатып «1-2» дегенде екі қолды жоғары көтеріп, созылып демді ішке алу, «3-4» дегенде қолды төмен түсіріп, демді сыртқа шығару.
Қайталау 5 – 6 рет. Орташа ырғақта.
2.Жатқан қалыпта терең тыныс алу, тізені бүгіп ішке тигізгенде демді сыртқа шығару. Қайталау 6 – 7 рет. Екі аяқпен кезек орындалады.
3. Жатқан қалыпта қолды шынтақтан бүгу, жұдырықты қатты түйіп, аяқтың басын иіп, терең дем алу. Бастапқы қалыпқа келгенде демді толық шығару. Қайталау 6 – 7 рет. Жылдам қарқынмен.
4.Жатқан қалыпта қолды екі қапталда ұстайды. Құшақ жайып терең дем алу, тізені бүгіп, кеудені жинап, демді шығару. Екі аяқпен бірдей баяу ырғақпен.
Қайталау 5 – 6 реттен.
5. Екі қол қапталда ұстаған бойда отыруға тырысу. «1-2» дегенде отыру, «3-4» дегенде бастапқы қалыпқа келу. Асықпай бірқалыпты, ырғақпен.
Қайталау 4 – 5 рет.
6.Отырған қалыпта, қолды шынтақтан бүгіп, иық буындарын алға артқа айналдырып қозғайды. Екі қолмен бірдей орташа жылдамдықпен.
Қайталау 5 – 6 реттен.
7. Түрегеліп тұрып, орындықтың арқасынан ұстап жүреден отырып тұру. Асықпай бір қалыпты ырғақпен. Қайталау 5 – 6 реттен.
8. Оң жанбасты орындыққа немесе қабырғаға сүйеп тұрып, сол аяқты алға, артқа сермеу. Екі аяқпен кезек мейлінше жоғары сермеу керек.
Қайталау 6 – 7 реттен.
9. Түрегеліп тұрып қолдарды жоғары көтеріп, басты алға тастап, қолды төмен түсіріп еденге жеткізеді. Баяу қарқынмен дұрыс дем алуды қадағалайды. Қайталау 5 – 6 реттен.
10.Тізені жоғары көтеріп бөлме ішінде жәй жүру. Сабырлы ырғақпен.
30 – секунд.
11.Қолдарды алма-кезек көтеріп, қалыпты қадаммен асықпай және шапшаң жүру. Сабырлы ырғақпен дем алуды қадағалайды. 30 – секунд.
12. Қолдарды жоғары көтеріп, терең дем алып жүру, қолды түсірген кезде демді сыртқа шығару. Асықпай ырғақты түрде жасалады. 25 – 30 секунд.
13. Түрегеліп тұрып қолды мықынға тіреу, алма кезек оңға, солға қисаю. Баяу қарқынмен. Қайталау 4 – 5 реттен.
14. Сәл еңкейіп тұрып, қолды қабырға сағаттың маятнигіндей тербелту. Екі қолмен тақымнан ұстап, аяқты босатып тербету. Денені босаңсыту керек.
Қайталау 2 – 3 реттен.
15. Бөлме ішінде асықпай жүру. Еркін дем алу керек. 1 – 1,5 минут
Достарыңызбен бөлісу: |