Зат алмасудың бұзылуындағы жаттығулар.
1. Тұрған қалыпта қол денемен бірге, аяқ иық деңгейінде. Қолдың саусақтарын айқастырып алға қарай созып жоғары көтергенде, аяқтың ұшына тұрып артқа керіліп тыныс алу. Қалыпқа келгенде тыныс шығару. Қайталау 4-5 рет.
2. Тұрған қалыпта бір қол жоғары, бір қол төменде жайлап қолды жоғары, төмен ауыстыру. Тыныс алу бір қалыпты. Қайталау 8-10 рет.
3. Тұрған қалыпта бір қолмен орындықтан ұстап, аяқты, артқа сілтеу. Осы жаттығуды екінші аяқпен қайталау. Тыныс алу қалыпты. Қайталау 4-5 рет.
4. Тұрған қалыпта қолды мықынға қойып, аяқ иық деңгейінде ұстап, алға еңкейгенде тыныс шығару. Қалыпқа келгенде тыныс алу.
5. Екі қолды төбеге ұстап, аяқты қосып оңға қисайғанда оң аяқты денемен бірге жанына қарай созып тыныс шығару. Қалыпқа келгенде тыныс алу. Жаттығуды сол жағымен қайталау. Әр бағытқа 4-5 реттен.
6. Екі қолды мықынға қойып, аяқ иық деңгейінде. Кеудені оңға бұрғанда екі қолды жанына қарай созып тыныс алу. Қалыпқа келгенде тыныс шығару. Осы жаттығуды сол жанына қайталау. Әр бағытқа 3-4 реттен.
7. Жайлап бір қалыпты жүру 2-3 минут.
Достарыңызбен бөлісу: |