Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғарғы қазақ педагогикалық колледж
Баяндама
Тақырыбы: Жүйке жүйесінің аурулары.
Орындаған:Кенжетай Дана
Тексерген:Диана Оралқызы
Көкшетау 2019 жыл
Жоспар:
1.Кіріспе: Жүйке жүйесінің аурулары.
2.Негізгі бөлім.
2.1.МИГРЕНЬ
2.2.БЕРИ-БЕРИ
2.3.ҚҰТЫРУ
2.4.ГИДРОЦЕФАЛИЯ
2.5 .ҚОЯНШЫҚ
2.6.БОТУЛИЗМ
2.7.МИЕЛИТ
2.8.АКИНЕЗИЯ
3.ҚОРЫТЫНДЫ
Жүйке жүйесі аурулары
Жүйке жүйесі-адам организмнің реттеуші және үйлестіруші қызметін атқаратын күрделі жүйе болып табылады.Жалпы жүйке аурулары орталық және шеткері жүйке жүйелерінің зақымдануына байланысты екіге бөлінеді. Орталық(реттеуші)жүйке (ми және жұлын) ауруына шалдыққанда,организмде айтарлықтай органикалық өзгерістер байқалады.Ал жоғарғы реттеуші орталықта,анатомиялық құрылысында ешбір өзгеріс байқалмаса,онда шеткері жүйке жүйесі зақымданған болып табылады.
Бас сақинасы, мигрень (фр. mіgraіne, гр. hemіkranіa — бас сүйегінің жартысы) — бастың ұстамалы ауруы, әдетте бір жартысы ауырады.Ауру кезінде вегетативті жүйке жүйесінің қызметі бұзылып, ми табанындағы қан тамырлары кеңейіп кетеді. Бас сақинасы тұқым қуалайды, сондай-ақ, жасөспірімдердің жыныстық жағынан жетілу кезінде байқалады
Бери-бери - тамақ құрамында тиамин (В дәрумені) жетіспеушілігінен пайда болатын ауру.
Құтыру (лат. rabies) — құтырған хайуанаттардың: иттің, мысықтың, түлкінің, қасқырдың шакалдың қабуынан немесе тістеуінен пайда болады. Жарқанат және басқа хайуандар да құтыруды таратушы болуы мүмкін.
Гидроцефалия (Hydrocephalia- су+ ми, гидроцефалия, суми. Ликвордың ми қарыншалары мен ми қабығы астында көбеюіне байланысты туындайтын ми шемені.
Қояншық (эпилепсия) — (грек. epіlambano – шап беріп ұстаймын, шабуыл жасаймын), қояншық – жиі кездесетін ұстамалы аурулардың бір түрі. Эпилепсия белгілі бір мерзімде қайталанып, науқас есінен танады, кейде тұнжырап, мінезі өзгеріп, ой-қабілеті төмендейді. Ауру ұстар алдында адамның басы ауырып, мең-зең болады, қолы дірілдеп, көзі қарауытады, бір жерді шыр айналып, айқайлап, есінен танып құлайды. Аузынан көбігі ағады, басын соғып, тілін шайнайды. Денесі сіресіп, көгеріп қатып қалады да, бірнеше секундтан кейін басын соққылап, селкілдей бастайды. Бұдан кейін науқас адам біразға дейін есін жия алмай, ұйықтап кетеді. Оянғанда не істеп, не қойғанын білмейді.
Ботулизм - (лат. botulus— колбаса) — жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аурудың ауыр түрі. Ботулизм адамдарға көкөністен, саңырауқұлақтан, еттен, балықтан технологиялық ереже сақталмай дайындалған әр түрлі консервіленген тағамдарды пайдаланғанда жұғады. Ауру белгісі 2 — 12 сағаттан кейін байқала бастайды, адамның басы ауырып, ұйқысы қашады, әлсірейді, лоқсып құсады, жүрегі тоқтап қалғандай болып, аузы құрғап, үнемі шөлдеп тұрады. Сонымен қатар көздің қарашығы ұлғайып, зат қосарланып көрінеді, адамның жұтынуы қиындап, бірте-бірте даусынан айрылады
Миелит (Муеlіtіs - жұлынның қабынуы) — Жұлынның қабынуы. Ми мен жұлын бір мезгілде зақымданса, оны энцефаломиелит деп атайды. Ерекше вариант - жедел некрозды миелит. Терминологиялык тұрғыдан сүйек миының қабынуын күрделі сөздерден айыра білу үшін сүйек деген сөз қосып, остеомиелит деп атайды.
Акинезия (грек. akinesia — қаз. қимыл-қозғалыс)— адамның өздігінен аяқ-қолын қимыл-қозғалысқа келтіре алмай қиналуы. Ондай адамның қол-аяғы мен өзге мүшелерін жансыздандыратын аурудың түрі. Мұндай кеселге адам долданып ашу-ызаға булыққан кезінде ұшырауы мүмкін. Аурудың Бұл түрі кейбір жағдайда адамды әлсіздендіріп, қимыл-қозғалыс әрекеттерін баяулатады. Бұл жайт гипокинез деп те аталады. Ауруды емдеу оның түрі мен сипатына орай жүргізіледі
Қорытынды
Қазіргі таңда жүйке жүйесі ауруларын диагностикалауға кеңінен қолданылатын әдістер-КТ және МРТ.Бұл әдістер патологиялық ошақты және оның локализациясын анықтап береді.Дер кезінде диагностикалау ауруды ерте стадиясына анықтауға және уақытылы емдеуге мүмкіндік береді.Сол себептен диагнозды нақтылау мақсатында,осы әдістерді дәрігерлік практикада үнемі қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |