1. Кіріспе. Логопедияның пәні, мақсаты, принциптері мен әдістері. Логопедияның негізгі міндеттері. Тіл кемістіктерінің тарихы. Ежелгі шығыc, Греция, Рим. Қазақстандағы логопедиялық ғылымның дамуы логопедиянің мақсаты мен әдістемесі



бет21/42
Дата19.05.2020
өлшемі211.81 Kb.
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   42
АШЫҚ РИНОЛАЛИЯ

Ауыз бен мұрын жолы аралығында қақпа жабық тұрған кезде дауыс дірілі ауыз жолы арқылы өтеді де сөйлеу мүшелеріндегі дыбыстар дұрыс айтылады. Егер ауыз бен мұрын жолының аралығындағы қақпа толық жабылмай бір шеті ашық қалса ауа дірілі мұрын жолына өтіп кетеді. Соның нәтижесінде ауыз бен мұрын жолының аралығындағы қақпа бұзылған жағдайда дауыстың үні жаңғырып естілетін болады. Бұндай жағдайда, әсіресе дауысты дыбыстарды айтқан кезде үннің әуезі өзгереді. Дауысты дыбыстардың ішінде и мен у дыбыстарының үн әуездері көбірек өзгереді, өйткені бұл дыбыстардың артикуляциясында ауыз жолы басқаларына қарағанда көбірек тарылады. Е мен о дыбыстарын айтқанда үн әуездері білінер – білінбес қана естіледі. Ал а дыбысының мұрыннан естілуі тіпті білінбейді десе де болады, өйткені ол дауыстың айтқанда ауыз жолы кең ашылады.

Ашық ринолалияда дауысты дыбыстардың үн әуездерінің бұзылуымен қатар кейбір дауыссыз дыбыстардың да үн әуездері бұзылады екен, ысқырық /свистящих/ және ызың /шипящих/ дыбыстарды айтқан кезде қырылдап естіледі. /ф,в,х/ сол сияқты ерін-тіс /п,б,д,т,к,қ,г,р/ және үнді /л,р/ дыбыстарын айтқан кезде де үн әуездері ашық естілуі үшін дұрыс айтылуын қамтамасыз ететін ауыз қуысында ауа қысымы пайда бола алмайды. Ашық ринолалияда ұзақ созып айтқанда шығатын ауа ағынының әлсіздігі сондай, тіпті р дыбысын шығаруға тіл ұшының дірілдеуге шамасы жетпейді.

Ашық ринолалия органикалық және функционалдық болып бөлінуі мүмкін.

Органикалық ашық ринолалия іштен туа біткен түрлеріне жұмсақ қатты таңдайдың жарылуы жатады.

Сыртқы соққының залалына пайда болатын органикалық ашық ринолалия түріне ауыз және мұрын қуыстарының зақымдануы және жұмсақ таңдайдың сыртқы соққының әсерінен сал болып қалуы жатады.

Функционалды ашық ринолалияның шығу себептері әртүрлі болуы мүмкін. Бұған баланың сөйлеу мүшелеріндегі дыбыстардың айтылуы кезінде жұмсақ таңдайдың болбырап босаңсуы мысал болады. Функционалды ашық ринолалия талма ауруы /истерия/ ұстаған кезде өздігінен болатын ақау сияқты, ал кейде еліктеу сияқты болып көрінеді.

Функционалды ашық ринолалияның бір түрі тамақ, көмей бездерінің ұлғайып кеткен ісігін сылып тастағаннан кейін жұмсақ таңдайдың ұзақ мерзімге дейін қимылдай алмайтындығынан пайда болады.

Ашық ринолалияның функционалды түрін тексерген жұмсақ және қатты таңдайдың органикалық өзгерісі байқалмайды. Функционалды ашық ринолалияның белгісі, бұнда әдеттегісінше сөйлеу тіліндегі дауысты дыбыстардың айтылуы бұзылады, ал бұл уақытта тіліндегі дауыссыз дыбыстарды айтқанда таңдай мен жұтқыншақ жақсы қабысады және олардың үндері мұрыннан шықпайды.

Функционалды ашық ринолалия болжауы органикалыққа қарағанда едәуір қолайлы. Фонитриалық жаттығудан кейін мұрын жолды әуез жойылады, ал дыбыстардың айтылуының бұзылуын дислалия кемістіктерінде бұрын қолданылған тәсілдерді пайдаланып жояды.

Ринолалиядағы таңдай мен еріннің іштен жырық болып туудың себебі логопедия мен бірқатар медицина ғылымы үшін маңызды мәселе болып саналады. /хирургиялық, стомотология, ортодонтия, отоларингология, медициналық генетика және т.б./ Ерін мен таңдайдың жырығы өмірде тараған және іштен дамымаған ауыр кесел.

Ерні мен таңдайы іштен жетілмеген бала емшекті өте үлкен қиындықпен сорады. Ерін мен таңдайдың біреуінің жырылуы баланың соруына ерекше қиындық туғызса, ал екеуі бірдей жырылған бала сору қабілетінен мүлде айырылады.

Баланың тамақтандырудың қиындығы оның өсуін нашарлатады және ол ауруға шалдыққыш келеді. Жырық балалардың көпшілігі жоғарғы тыныс жолының қабынуы, бронхитқа, қан азаю, өкпенің қабынуы, мешел ауруына бейім болады.

Бұндай балалардың лор мүшелерінде: мұрын шеміршегінің қисаюы, мұрын желбезегінің өзгеруі, тамақ көмей бездерінің өзгеруі сияқты потологиялық өзгерістер байқалады. Бұл балаларда мұрындарының ісіп қызаруы жиі болып тұрады. Ісіп қызару барысы мұрынның шырышты қабығына, жұтқыншақтың евстахиев түтігіне ауысып және орта құлақтың қабынуын қоздыруы да мүмкін.

Жиі ісулердің созылмалы ауыруға айналуы есту қабілетінің нашарлауына себепші болады. Есту қабілетінің төмендігі әртүрлі дәрежедегі жырық таңдай балалардың шамамен 60-70 % cөйлеу тілін түсінуге аса қиындық туғызбайтын шала еститіндермен айтарлықтай мүкістігі барлар.

Ерін мен таңдай құрлысының анатомиялық ауытқуы үстіңгі жақ сүйектің дұрыс дамуына және қиқы-сиқы орналасқан тістердің дұрыс тістенбеуімен тығыз байланысты.

Ерін мен таңдайдың құрлысының ақаулығынан пайда болған толып жатқан функционалды бұзылулар дәрігерлердің үнемі бақылап отыруын талап етеді.

Қазіргі кезде нәресте өмірінің бірінші жылы бүтіндей педиатардың міндетіне жүктеледі. Ол нәрсетенің күнделікті тамақтандыру ережесін, сақтандыру және емдеу шараларына жетекшілік етеді, қажет болған жағдайда қатынап немесе жатып емдеуге кеңес береді.

Үстіңгі ерінді хирургиялық емдеу жолымен қалпына келтіруді нәрестенің дүниеге алғашқы келген күндерінде перезентханада жасалады.

Таңдайдың жарығына стоматолог – ортодент әртүрлі аспаптарды, соның ішінде хирургиялық емдеуге дейін тамақтануын жеңілдететін және сөйлеу тілінің дамуына жағдай жасайтын абтураторды қолданады. Отолоринголог құлақтың, мұрын жолының мұрын жұтқыншақтың және көмейкейдің ауруларын анықтайды, өзгерістеріне емдеп алдағы болатын хирургиялық емдеу жұмысына дайындайды.

Ой өрісі дамуында ауытқуы бар және жүйке ауруы айқын білініп тұрған балаға невропотолог кеңес береді.

Таңдайдың жарығы бар балалар психикасының дамуының жағдайына байланысты психикасына дұрыс дамыған бала, ой-өрісінің дамуы кешеуілдеген бала; ақыл ойы кем бала болып үш түрге бөлінеді.

Неврологиялық тексерудің көрсеткеніне қарағанда бас миының зақымданған белгісі әдеттегіше байқалмайды. Кейбір балаларда жекелеген неврологиялық болмашы белгілері бар. Нерв жүйеснің функционалды бұзылуы балаларда едәуір жиі кездеседі, кейде айтарлықтай психогендік әлсіздігі, көтеріңкі қызбалығы да байқалады. Жоғарыдағы айтылғандардан басқа, таңдайдың іштен туа біткен жарығы баланың сөйлеу тілінің дамуына теріс ықпал етеді.

Ерін және таңдай жарықтарының сөйлеу тілінің дамымауының қалыптасуына әртүрлі рөл атқарады. Бұл анатомиялық ақаулықтың көлемі мен түріне байланысты.

*Жарықтың мынандай түрлері кездеседі:

1. үстіңгі еріннің жырығы, үстіңгі ерін және жақ сүйектер жырығы;

2. қатты және жұмсақ таңдайдың жырығы;

3. үстіңгі еріннің жырығы, тіс түбі қызыл ет өскіні және таңдайдың бір жақты немесе екі жақты жақты жырығы;

4. таңдайдың шырышты қабығы асты жарығы.

Жырық ерін мен жырық таңдайда барлық дыбыстар мұрыннан немесе мұрын жолы реңімен айтылып сөйлеу тілін түсініксіз етіп бұзып жібереді.

Аузындағы асын жұтқанда мұрын жолына кетіп қалмас үшін бала жастайынан тілінің арт жағын көтеріп мұрын жолын жабатындай дағдыға айналдырған. Бұндай әдет баланың сөйлеу тіл мүшелерінің әрекетін өзгертеді.

Сөйлеген кезде бала әдеттегідей аузын аз ашады және тілінің үстін қалыптағысынан жоғары көтерді. Тілдің ұшы осыған байланысты жеткілікті мөлшерде қимылдайды. Бұндай әдет сөйлеу тілінің сапасын нашарлатады, себебі жақ сүйегі мен тіл жоғары көтерілген кезде ауыз қуысы мұрын қуысына ауа өтіп кететіндей жағдайға келеді де мұрын дыбысының реңін күшейтеді.

П,б,ф,в дыбысын айтуға талаптанғанда ринолалиясы бар бала өзінің «тәсілін» қолданады. Дыбыстардың жұтқыншақ қағумен алмастырылуы ринолалияның ауыр түрімен шалдыққан баланың сөйлеу тілін өте өзгеше түрде сипаттайды. Көмекей қақпағы тілдің артқы жағына жанасқан кезде қақпақ жабылғандағы дыбысқа ұқсаған қағу пайда болады.

Таңдайдың ақаулығының көлемі мен сөйлеу тілінің бұрмалауының бұлай жақын үйлесуі анықталған. Бұл балалардың мұрын және ауыз қуыстарының пішін үйлесімдерінің өзгешеліктеріндегі дербестіктерімен түсіндіріледі және әр бала өзінің сөйлеу тіліндегі дыбыстарды шығару қуысы мен толықтыру /компенсаторлық/ тәсілдерінің байланыстарындағы анықтылығы жасына және психологиялық дербестігіне байланысты.

Сөйлеу тілі органдарының жұмыс істеуіне қауыпты өзгерістердің пайда болуынан сақтап қалу үшін баламен логопедиялық жұмысты операцияға дейін бастау қажет. Логопедиялық бұл жұмыста жұмсақ таңдайдың белсенділігін дайындайды, тілдің түбін қалыпты жағдайға дұрыстайды, ерін бұлшық еттерінің қызметін арттырады, ауыздан шығатын ауаның бағытын жөнге келтіреді. Осының барлығы хирургиялық емдеудің және келешектегі түзету жұмысының нәтижелі болып шығуына қолайлы жағдай туғызады. Хирургиялық емдеу жұмыс аяқталғаннан кейін 15-20 күндей арнайы жаттығуларды қайталайды, бірақ сабаққа қойылатын ең негізгі мақсат жұмсақ таңдайдың қимылын одан әрі дамыту болады.

Ринолалияға шалдыққан балалардың сөйлеу тілінің қызметін зерттеудің нәтижесінде сөйлеу тілінің жасалу жағдайының анатомиялық – физиологиялық сапасының нашарлығын, сөйлеу тілінің қозғалтушы бір бөлігінің шектелуі тіл дыбыстарының дамуын кеселдендіріп қана қоймай, сонымен бірге көп жағдайларда оның барлық бөлігіндегі жүйелердің аса қатты бұзылатынын көрсетеді.

Жасы ұлғайған сайын баланың сөйлеу тілі дамуының көрсеткіші нашарлайды, жазу тілінің әртүрлі үлгілерінің бұзылуы салдарынан ақаулығының құрылымы асқынады.

Ринолалиясы бар баланың оқуда және келешекте мамандық таңдауда кедергі болатын қиындықтың алдын  алу үшін сөйлеу тілі дамуындағы кемістікті жас кезінде түзетіліп қалпына келтірудің әлеуметтік және психолого-педагогикалық түзету жұмысының міндеті баланы тексерудегі анықтаманың нәтижесінде байланысты.

Бақылау сұрақтары.

1.Ринолалияның қандай түрлерін білесіңдер?

2.Органикалық ринолалиямен функционалдық ринолалияның айырмашылығы қандай?

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   42




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет