1. Кіріспе. Логопедияның пәні, мақсаты, принциптері мен әдістері. Логопедияның негізгі міндеттері. Тіл кемістіктерінің тарихы. Ежелгі шығыc, Греция, Рим. Қазақстандағы логопедиялық ғылымның дамуы логопедиянің мақсаты мен әдістемесі



бет2/42
Дата19.05.2020
өлшемі211,81 Kb.
#69694
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
ЛОГОПЕДИЯ КИТАП
surdopedagogika kazaksha okulyk, surdopedagogika kazaksha okulyk, ЛОГОПЕДИЯ КИТАП
ЛОГОПЕДИЯНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ

 Логопедияның негізгі мақсаты сөйлеу тілі бұзылған адамды оқытуды, тәрбиелеуді және қайта тәрбиелеуді, сонымен бірге сөйлеу тілінің кемістіктерінен алдын-ала сақтандыру жолдарын ғылыми негізде жете зерттеу болып табылады.

Логопедия ғылымының анықтамасына сүйене отырып, мынандай міндеттерді белгілеуге болады:

1.     Әртүрлі тіл кемістіктеріндегі сөйлеу тілі қызметінің дамуын зерттеу.

2.     Сөйлеу тілі бұзылуның таралуын, оның симптоматикалық белгілерін анықтау.

3.     Сөйлеу тілі бұзылған баланың сөйлеу қабілетінің өздігінен белгілі бір бағытпен дамуын, сөйлеу кемістіктерінің адамның жеке басының қалыптасуына, психикасының дамуына тигізетін ықпалын анықтау.

4.     Әртүрлі ақаулары бар балалардың сөйлеу тілінің қалыптасу ерекшеліктері мен кездесетін тіл кемістіктерін зерттеу.

5.     Сөйлеу тілінің кемістіктерін анықтайтын, ажырататын педагогикалық тәсілдерді жетілдеру, дамыту.

6.     сөйлеу тілі бұзылуының себептерін, белгілерін, құрылымын, механизмдерін анықтау.

7.     Сөйлеу тілі кемістіктерін жүйелеу.

8.     Тіл кемістіктерінің ерекшеліктеріне байланысты қолданатын түзету әдістері мен амалдарын жетілдіру.

9.     Қазақ тіліне тән дыбыстардың артикуляциялық ерекшеліктерін және түзету тәсілдерін анықтау.

10. Сөйлеу тілі кемістіктерінен алдын-ала сақтандыру тәсілдерін толық жетілдіру.

11. Логопедиялық жәрдемді ұйымдастыру мәселесін жете зерттеу.

Көрсетілген міндеттерден логопедияның  теориялық және практикалық бағыттылығы анықталады. Сонымен сөйлеу тілінің дамуы мен бұзылуын түзету және сақтандыру логопедиялық ықпал жасау барысының негізгі бағыты болып есептеледі. Логопедияның мағынасы тілдің әлеуметтік маңызымен байланысты. Өзімізге белгілі біздің тіліміз екі міндетті атқарады. Біріншісі адам мен адамды өзара қатыстыру, байланыстыру құралы ретінде қолданылса, екіншісі айтайын деген ойларын бір-біріне жеткізіп түсінсу үшін қолданылады. Онсыз адамдар ұйымдасқан түрде бірігіп тіршіліқ жасай алмас еді, табиғаттың күшіне қарсы күресе алмас еді, өзара түсінсіп, дегеніне жете алмас еді. Сондықтан да біздің тіліміз адам қоғамының өсіп-өнуі үшін ең маңызды құрал.

Тілдің сөйлегенде бұзылып, дыбыстың дұрыс қолданылмауы адамның әлеуметтік белсенділігіне, жеке басының қызметіне, сонымен бірге психикалық дамуына әсерін тигізуі мүмкін. Мысалы: кейбір дыбыстардың үндестік нақышымен дұрыс айтылмауы адамның өзіне оғаш сезіліп, ол ыңғайсызданады, содан өз сөзіне немқұрайлы, салғырт қараған соң, сөзінің сұлулығы жойылады да, кісімен мәнерлеп сөйлесуіне кедергісін тигізеді. Күрделі тіл мүкістіктері немесе тұтықпа сияқты кемістіктер мектепте баланың оқу үлгерімнің төмендеуіне себебін тигізсе, өскенде мамандық таңдауына да әсер етіп, қиындық туғызады.

Біздің тіліміз ойлаумен тығыз байланысты. Баланың тілін дамытумен бірге біз оның ойын да дамытамыз. Тіл ойдың құралы деп аталады. Біз сөздің жәрдемімен ғана ойлай аламыз. Адамның ойлауы тек тіл арқылы ғана туып және де сол арқылы қолданылады. Олай болса, баланың таза, дұрыс сөйлеуінің оның ойының дамуы үшін де үлкен маңызы бар. Сөз қорының таяздығы, тілдің толық жетілмеуі ақыл ойдың дамуын кешеуілдететін нышаны болады.

Таза әдеби тілде сөйлеуге үйрету жұмысы мектеп жасына дейінгі балаға берілетін эстетикалық тәрбиенің ең маңызды саласы.

Баланың тамаша сезімінің дамуын тек қана дыбыс үндестігін дұрыс айтуды пайдалана білуімен шектестіріп қоймай, ол өзінің тілін, оның әрі бейнелі түрде мәнерлеп оқуға немесе мәнерлеп сөйлеуге үйретіп, тырысуында.

Тіл кемістігі көбінесе мектеп жасына дейінгі балаларда кездеседі. Тексерудің көрсеткені бойынша тіл мүкістігі, тұтықпа сияқты тіл кемістіктерінің едәуір проценті мектеп жасына дейінгі балаларда кездесетіні анықталды. Егер осы кемістіктерді дәл уақытында жоймаса, олар барған сайын ұлғайып, нығаяды да, баланың дұрыс сөйлеуіне кесірін тигізеді. Логопедияда тіл кемістіктерін зерттеп жою үшін әртүрлі тәсілдер қолданылады. Оларды бірнеше топқа шартты түрде бөлуге болады. Жәрдемдесе отырып, сөйлеу тілін тексеріп, оның кемістігін анықтауды бірінші топқа жатқызады. Бұл топқа бақылау, әңгімелесу, тәжірибе жасау сияқты тәсілдердің нақтылы түрлерін еңгізуге болады.

Бақылау тәсілі – бұл кең тараған педагогикалық тәсіл. Бұл тәсілді педагогикада да, психологияда да, кең қолданылады, сонымен бірге логопедия да пайдаланды. Сөзінің шапшаңдығын, дыбысты айтуын, сөйлем құрауын, сөз қорын сөйлегенде бақылай отырып, тілінің жалпы жағдайы туралы біз кейбір қорытынды  жасай аламыз да, анықталаған кемшілігін белгілейміз. Бұл тәсілді пайдаланғанда белгілі бір талапты сақтау керек. Бақылаудың сөйлегенін ғана бақылай беруге болмайды, ол үшін бақылаудың алдын-ала мақсатын қою қажет. Мысалы: бір жағдайда дауыссыз дыбыстардың қалай айтылуын қадағаласақ, екініші бір жағдайда баланың сөз қоры, немесе сөзінің грамматикалық құрылысын қадағалаймыз. Дыбыс кемістіктерін анықтауға бақылаудың дұрыс қойылған нақтылы мақсаты ғана пайдалы нәтиже бере алады. Бұл тәсіл мектепке дейінгі балалардың тілін зерттеу үшін кең қолданылуы тиіс.

Бұл тәсілге қойылатын ең маңызды талаптың бірі бақылаудың жүйелілігі мен жоспарлығында. Баланың тілін анықтау үшін ұзақ бақылауды талап ететін жағдай жиі кездеседі. Ол үшін жоспарды алдын-ала ұқыптап дайындау қажет.

Әңгімелесу тәсілі-екінші маңызды тәсіл, ол – тіл кемістіктердің әңгімелесудің көмегімен анықтайтын тәсіл. Әңгімелесу арқылы баланың дыбыстардың қайсысын дұрыс, қайсысын бұрмалап немесе тастап кетіп, бір дыбысты екінші дыбыспен алмастырып сөйлейтінін анықтаймыз.

Тәжірибе жасау тәсілі – бұл тіл кемістіктерін зерттейтін тәсілдердің үшінші түрі. Бұл тәсілдің басқалардан артықшылығы сол, ол өзінің мұқияттылығымен және қатаң жүйелілігімен ерекшеленіп, бізге керекті нәтижені тезірек алуымызға мүмкіндік береді.

Тәжірибе жасау тәсілі өз алдына екі топқа бөлінеді:

а) табиғи тәжірибе және б) лабораториялық тәжірибе. Табиғи тәжірибе баланы әдеттегіше ойнату, оқыту немесе еңбек еткізу арқылы жүргізіледі. Мысалы, бала тілінің фонетикалық жағын анықтау үшін жүргізіледі. Ол үшін арнаулы көрнекті құралдар арқылы дыбыстардың айтылуын тексереді.

Лабораториялық тәжірибе тіл кемшіліктерін тереңірек және көбірек анықтап зерттеу мақсатында қолданылады. Ол үшін әртүрлі аппараттар пайдалану мүмкін. Мысалы:  тұтықпа баланың сөзін жазу үшін таспа, есіту қабілетін арнаулы аудиометр, тұтығып сөйлегенде болатын тыныс кемістігін зерттеп білу тәсілінен басқа логопедияда тіл кемістігінің жекелеген кейбір түрін жоятын арнаулы тәсіл бар. Бұл тәсілді ыңғайына қарай медициналық және педагогикалық деп екі топқа бөледі.

Кейде педагогика әдебиеттерінде тіл кемісітігін «емдеу» дейтін термин кездеседі. «Тұтықпан емдеу», «афазияны, алалияны емдеу» деп жиі айтылып жүргенімен, ол дұрыс емес.

Тіл кемістігі бұл ауру емес. Басқа бір аурумен сырқаттанғанда, соның солай болып қалуы мүмкін. Сондықтан тілінің мүкісі бар адамды науқас деуге болмайды.

Дыбысты дұрыс айтқызу үйрету немесе фонематикалық естілуін дамыту кезінде дыбыстық талдау, жинақтау сияқты педагогикалық тәсілдер логопедияда да жиі қолданылады.

Логопедияның тәжірибесінде дәрігер – мамандардың қызметін пайдаланумен кейбір медициналық тәсілдер де қолданылады. Осы тәсілдердің кейбіреулеріне тоқталайық.

 а) Операция жасау

Кейде баланың тіл кемістігі артикуляциялық аппаратының органикалық қатты бұзылуынан пайда болады. Мысалы: таңдай мен ерінің, тістің көмегімен айтылатын дауысты, дауыссыз дыбыстардың дұрыс шықпауы, сонымен бірге дауыстың мұрын арқылы шығып маңқалануы осындай кемшіліктің айғағы болады. Мұндай жағдайда таңдай мен ерінің тілінген жерін операция жасап тіккен кейін арнтикуляцияны дұрыс жұмыс істетіп және дыбыстың жақсы естілуін жөнге келтіру мақсатымен жаттықтырып тәрбиелеуді арнайы логопедия жұмысы жүргізеді.

 б) Протездеу.

Кей жағдайда  таңдайдың жарығын операцияға дейін уақытша жасанды таңдаймен /протезбен/ жауып қояды.

Есіту мүмкіндігі төмендеген жағдай да сөйлеу тілі жиі бұзылады. Соның салдарынан жақсы естімейтін бала басқа кісінің сөйлеген сөзін ұқпайды, сонымен бірге өзінің сөйлеген сөзін де жеткілікті түрде бақылай алмайды. Бұндай жағдайда есіту аппаратының немесе есіту протезінің көмегімен пайдаланады.

 в) Жақ сүйегін түзету және тістерді реттеу.

Жақ сүйек пен тістер құрылысының түзілуінің дұрыс болмауы салдарынан тіл мен тістің көмегімен айтылатын дыбыстардың сөйлеу сиқы бұзылады. Бұндай жағдайда дәрігер-стомотологтар ұзақ уақыт бойы тіс пен жақ сүйегін түзетумен айналысады. Тіс пен жақ сүйекті реттеп түзеткенде ауыртпайды, сонымен бірге жақсы нәтиже де береді.

 г) Дәрі-дәрмекпен емдеу.

Дәрі-дәрмекпен емдеу логопедияда қолданылатын медициналық тәсілдің ең қажетті бір түрі. Баланы тексерген дәрігер-психоневролог нерв жүйесін нығайту үшін дәрі-дәрмекпен емдейді. Егер бала жиі сырқаттанудың әсерінен асқа тәбеті шаппайтын болып, тағы басқадай жағдаймен реңі нашарлап кетсе, онда денсаулығын шынықтыру үшін дәрігер-терапевт қажетті режим мен дәрі-дәрмек қабылдауды ұсынады.

 д) Физиотерапиялық, психиотерапиялық емдеу.

Логопедия жұмысының процесіне медициналық тәсілді қолданумен қатар физиотерапия мен психотерапияны да пайдаланды. Физиотерапия организмді жалпы нығайту үшін жәрдем береді. Ол сумен, жарықпен, тоқпен емдеу деген сөз.

Психотерапияны кейбір тіл кемшілігінің салдарынан немесе ықпалынан пайда болған жағымсыз мінезін өзгерту үшін адамның психикасын сөзбен әсер ету деп түсінеміз. Мысалы: тұтықпасы бар адамның қорқып сөйлемеуі, күманданғыштығы, үндемеуі сияқты жағымсыз қылықтар байқалады.

Психотерапевтикалық жұмыстың міндеті түсіндіру, сендіру, әңгімемен ұйыту арқылы осы жағымсыз мінезді өзгерту болып, саналады. Кейде психотерапияның бір түрі гипнозды қолданады. Бұл тәсілді тек қана дәрігер мамандар пайдаланады. Ол тек жоғарғы кластағы балалардың және ересек адамдардың ғана тұтықпаларын жою үшін басқа тәсілдермен қатар қолданылады.

Логопедтерге педагогика мен медицинаның ықпалын пайдалану арқылы комплексті қолдану- логопедиядағы ең маңызды принциптердің бірі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет