1. Кіріспе. Логопедияның пәні, мақсаты, принциптері мен әдістері. Логопедияның негізгі міндеттері. Тіл кемістіктерінің тарихы. Ежелгі шығыc, Греция, Рим. Қазақстандағы логопедиялық ғылымның дамуы логопедиянің мақсаты мен әдістемесі



бет7/42
Дата19.05.2020
өлшемі211,81 Kb.
#69694
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42
Байланысты:
ЛОГОПЕДИЯ КИТАП

Дислалия – есту қабілеті мен сөйлеу мүшелерінің инвервациясы дұрыс сақталғанда кездесетін тіл дыбыстарының бұзылып айтылуы. Синонимдері: тіл мүкістігі, тіл дыбыстарын айту кемістігі, фонетикалық кемістік.

Ринолалия – сөйлеу мүшелерінің анатомиялық-функционалдық кемістіктерінің салдарынан дауыс әуезділігінің (тембрінің), тіл дыбыстарының айтылуының бұзылуы. Синонимдері: мұрынан сөйлеу-палатолалия.

Дизартрия – жүйке тамырларының сөйлеу мүшелерінің жұмысын толық қамтамасыз ете алмауына байланысты сөйлеу қабілетінің бұзылуы Дизартрияның ауыр түрі анартрия деп аталады. Ондай жағдайда адам дыбыс айту мүмкіншілігінен айырылады.

Тұтықпа – сөйлеу мүшелерінің бұлшық еттерінің тартылу салдарынан сөйлеудің ырғақтығын, жылдамдығының бұзылуы. Синонимдері: логоневроз. Тұтықпа органикалық немесе функционалды болып келеді, көбінесе ол баланың тілінің жедел даму кезеңінде пайда болады.

Брацилалия – сөйлеу жылдамдығының қалыптан тыс баяулауы. Синоним: брадифазия. Сөйлеу жылдамдығы баяулағанда сөз босаң, бірқалыпта, созыңқы шығады. Сөйлеу жеделдеген кезде сөз шапшаң, екпінді шығады да мұндай ауытқулар жеке тіл кемістіктері деп есептеліп, мынандай терминдермен аталады: баттаризм, парафазия. Шапшаң сөйлеген кезде өздігінен кідіріп, мүдіріп, тоқтап қалу – полтерн деген терминмен белгіленеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет