1. Кіріспе. Логопедияның пәні, мақсаты, принциптері мен әдістері. Логопедияның негізгі міндеттері. Тіл кемістіктерінің тарихы. Ежелгі шығыc, Греция, Рим. Қазақстандағы логопедиялық ғылымның дамуы логопедиянің мақсаты мен әдістемесі


ЛОГОПЕДИЯНЫҢ БАСҚА ҒЫЛЫМДАРМЕН БАЙЛАНЫСЫ



бет3/42
Дата19.05.2020
өлшемі211,81 Kb.
#69694
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
ЛОГОПЕДИЯ КИТАП

ЛОГОПЕДИЯНЫҢ БАСҚА ҒЫЛЫМДАРМЕН БАЙЛАНЫСЫ

 Сөйлеу тілі бұзылуының түрлеріне түзетумен және сауықтандырумен ойдағыдай айналасу үшін сөйлеу тілі бұзылуының белгілерінің симптоматикасын, себептерін және механизмін білу қажет. Бұл логопедия басқа ғылымдармен тығыз байланысты екендігін анықтайды. Олардың ішінен педагогиканы /жалпы және арнайы педагогиканы/, медицина, лингвистиканы атауға болады.

Медицина ғылымының ішіндегі логопедиямен тығыз байланыстылары: патофизиология, анотомия, физиология және есіту мен сөйлеу тілі мүшелерінің патологиясы, олигофрения клиникасы, психопатология, педиатрия.

Бұл ғылымдар, сау баланың даму заңдылығын зерттеумен бірге, баланың дене бітімі мен психикалық дамуының мөлшерден ауытқуын да зерттейді.

Сонымен И.П.Павловтың бірінші және екінші сигналды жүйесінің өзара әсерлесіп әрекет жасауы туралы ілімі, шартты-рефлекторлық байланыстың қалыптасуының заңдылығы туралы, П.К.Анохинның функционалды жүйе туралы, психиялық міндеттің қозғалмалылығын жайлатпауы туралы ілім және сөйлеу тілінің әрекеттері туралы осы заманғы нейропсихолингвистикалық ілімі логопедияның психофизиологиялық табиғи ғылыми негізі болады.

Логопедия үшін аса маңыздысы И.П.Павловтың І және ІІ сигналды системасының өзара көмектесіп әрекет жасау туралы ілімі.

Біздің сезімізді, қабылдауымызды И.П.Павлов бірінші сигнал болмысы деп атады. Олар арнайы физиологиялық механизмдердің, анализатордың арқасында пайда болады.

Адамның ең зор дәулеті оның сигнализациясының ерекше, жоғарғы түрі – екінші сигналды системасы деп аталады. Адамның сөзі мен сөйлеу тілін қосқанда екінші сигналды сигнал немесе сигналдың екінші тәртібі деп аталады.

И.П.Павловтың ілімі бойынша және екінші сигналды системасы бірі мен бірі тығыз байланысты. Екінші сигналды система біріншінің негізінде құрылады, және дамиды. Бірінші сигналды системасының бұзылуы екінші сигналды системасының бұзылуына апарып соғуы мүмкін. Шынында, мысалы, сөйлеу тілінің бұзылуы себебі кейде есіту, көру анализаторлар механизмдерінің бұзылуынан болуы мүмкін, демек есіту және көру түйсігінің де бұзылғаны.

И.П.Павловтың бірінші және екінші сигналды системасының өзара көмектесіп әрекет жасауы туралы ілімін негізге ала отырып, біз логопедия практикасы үшін маңызды қорытынды жасауға тиістіміз. Екінші сигналды системасының дамуы мен бірқалыпты жұмыс істеуін сақтау үшін бірінші сигналды системасын, әсіресе сезім мүшелерін дамыту және қорғау қажет.

Оториноларингология, невропатология, олигофрения клиникасы, педиатрия ғылымдарының мәліметтері сөйлеу тілі бұзылуының механизмі және этиологиясын зерттеуге логопед пен тәрбиешіге өте жақсы жәрдемін тигізеді, ал бұл сөйлеу тілінің бұзылуын ерте анықтап, жас кезіндегі түзетуге ықпал жасау мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Қойылған диагнозға қарай баланың емделетін арнайы мекемесінің түрі, сонымен бірге сөйлеу тілін тәрбиелеу тәсілі сайланады.

Логопедия лингвистика ғылымымен және психолингвистикамен тығыз байланысты. Бала тілінің жүйелі түрде даму заңдылықтарын білу логопедиялық қорытынды дұрыс анықтауға және оған сәйкес дәйекті логопедиялық ықпал жасау үшін қажет.

Логопедия жалпы және арнайы психологиямен, психодиагностикамен тығыз байланысты. Логопед баланың психикалық дамуының заңдылығын және әртүрлі жастағы баланы психолого-педагогикалық тәсілдермен тексеруді пайдалана білу қажет. Осы тәсілдерді қолдана отырып, әр түрлі тұлғадағы тіл кемістіктерін ой-өрісінің жеткіліксіздігінен, немесе көңіл-күйі және мінез-құлқы бұзылуына байланысты кездесетін тіл кемістіктерінен ажыратуға болады. Психология қағидасы жас балалармен байланыс орнатуға жәрдемдеседі, олардың сөйлеу тілін ақылын ұғынуын, назарын, ой-өрісін тексеруде барабар тәсілді таңдайды, сонымен бірге осы жастағылар үшін әрекеттің түрлері бойынша логопедия жұмысын өткізеді.

Логопедияда жалпы педагогиканың бірқатар принциптері мен тәсілдері кеңінен пайдаланылады. Логопед сабақ өткізудің алдында баланың жасын, оның  психологиялық ерекшелігін еске алу қажет.

Мектепке дейінгі балаларға берілетін оқу көрнекті болу керек. Балалармен логопед оқуды суреттер, макеттер, сөйлеу тілін жаттықтыратын лотолар, әртүрлі ойыншықтар қолданып, ойын түрінде өткізеді.

Логопедия жұмысының нәтижелі болуы тәрбиешінің немесе логопедтің балаға дұрыс ықпал жасауынан көп байланысты. Ол тек оның ынталылығын, ықыласының, ойлауының, ақылының, сөйлеу тілінің ерекшеліктерін ескеріп және бабын табуда әрдайым дербес қараған жағдай да ғана жүзеге асуы мүмкін.

Логопедия сабағының нақты жүйелілігі, жоспарлығы сақталуы тиіс. Логопедия оқуы процесінде қолданылатын тәсілдер баланың жасына қарай пайдаланылады.

Егер мектеп жасына дейінгі кішкентай балалармен логопедия сабағын өткізгенде тілінің кемістігіне назар аудармаса ол мектеп жасына дейінгі балалардың, орта және одан да ересектеулеріне тілінің кемістігінің зияны және себебін айтып, дыбысытың айтылғандығы артикуляциясын көрсете отырып, оны жою үшін не істеу керек екенін түсіндіруге болады. Баланың сабаққа саналы түрде қарауы логопедия жұмысының нәтижелі болуына мүмкіндік туғызады.

Логопедияда педагогиканың көп әдістері пайдаланылады, мысалы: бақылау, әңгіме, ал жеке дыбыстардың мүкістігін түзету мен сөйлеу тілін қалпына келтіруде талдау – жинақтау әдісі қолданылады. Осының бәрі логопедияның  ғылым ретінде педагогикалық маңызын дәлелдейді.

 2. Сөйлеу тілінің дамуы. Сөйлеу тілінің даму кезеңдері. Ерте диагностикалау мәселесі.

  СӨЙЛЕУ ТІЛІ ҚҰРАМЫНЫҢ БӨЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ДАМУЫ

 Сөйлеу тілі құрамының негізгі бөліктері дыбыстары, сөздіктер және грамматикалық құрылысы болады. Ауызекі сөйлеу тіліне диалогиялық және монологиялық деген екі тұлғасы кіреді. Диалогиялық сөйлеу тілі екі немесе бірнеше әңгімелесушілердің тікелей қатысуымен пайда болатын және негізінде кезектесіп сөйлеуден құралатын сөйлеу тілінің ең қарапайым тұлғасы. Монологиялық сөйлеу тілі дегеніміз қағидалы жүйенің дәйектілігінпен бір кісінің байланыстыра баяндауы. Моногиялық сөйлеу тілінің ерекшелігі жүйелікпен ене дәлеледеп сөйлеу, сөйлемнің грамматикалық  құрылысын безендіре орналастыру болады. Кемістігі бар тілде диалогиялыққа қарағанда монологиялық сөйлеу тілі көбірек бұзылады.

Жазбаша тіл дегеніміз сөйлеу тіліндегі жинақталған дыбыстардың бейнелеуі негізінде графикалық безендірілуі. Толық дамымаған сөйлеу тілінде дағдыдағыдай әртүрлі мөлшерде жазудың бұзылуы кезедеседі.

Сөйлеу тілінің ішкі тұлғалары – бұл үнсіз тіл, адам бір нәрсе туралы ойлап, оған жоспар құрғанда пайда болады. Баланың ішік сөйлеу тілі негізінде сыртқы және ішкі құрылыстарының негізігі бір бөлігнің ойлауынан қалыптасады.

Сыртқы сөйлеу тілініен ішкі сөйлеу тіліне көшуі баланың 3 жасқа дейінгі шамасында, өзінің істеген әрекеттерін естірітіп сөйлеп және оған жоспар жасай білетіндігінене байқалады. Ішкі сөйлеу тілінің жәрдемімен ойдың сөзге айналу барысы және сөз сөйлеуге дайындығы толық грамматикалық құрылыстың монологиялық және фонетикалық деңгейінде жүзеге асады.

Тілді біртіндеп меңгеруіне байланысты баланың сөйлеу тілінің дамуы бірнеше жайды көрсетуі мүмкін.

Бірінші жай – фонематикалық есіту қабілетінің дамуы және ана тілі фонемасын сөйлеуде дағдылануы.

Екінші жай – сөздік қорын және синтаксистік дұрыстығын меңгеру.

Үшінші жай – сөйлеу тілінің мағыналық жағын игеру.

Баланың барлық сөйлеу тілі дамуын шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады: мектеп жасына дейінгінің алдындағы, мектеп жасына дейінгі, мектеп жасындағы.

Мектеп жасына дейінгінің алдындағы кезең шамамен 3 жасқа дейін созылады. Бұл кезеңде сөйлеу тілін меңгеруге есіту және сөйлеу аппараттарының қалыптасуы және дайындығы жүріп жатады, оңай сөздерді түсіне бастайды. Бұл кезеңде баланың айналасындағы сөйлеу ортасы маңызды роль атқарады. Баламен неғұрлым көбірек сөйлессе, оның сөйлеу тілі соғұрлым тезірек және жақсырақ дамиды. Лисинаның, Аксаринаның зерттеулері бұл кезеңде  айналасындағыларымен қатынасы болмаған баланың сөйлеу тілінің тоқырағаны байқалатындығын дәлелдейді.

Мектеп жасына дейінгі кезеңде сөйлеу тілі өте-мөте қарқынды дамиды. Бала екі жастан бастап енжар және белсенді сөздіктерді тез жинайды, дыбыстарды айтуды және грамматикалық құрылымдағы сөйлемдерді меңгереді. Баланың белсенді сөздігі жыл сайын көбейеді. Жасының екінші жылының соңында шамамен 300 сөзге дейін,  3 жасқа қараған шағында 1000 сөзді, 5-6 жасқа келгенде шамамен 3000 сөзді меңгереді.

Бала ең алдымен дұрыс айтуға оңай жеңіл дыбыстарды – дауысты және ерінді, ерінді – тіс аралық дауыссыз п,б,м,ф,в,т,б дыбыстарды меңгереді. Ауыр жолмен пайда болатын ысқырып естілетін дыбыстарды, сонымен бірге Р-Л дыбыстарын айту өте қиынға түседі. Бала бұл дыбыстарды дұрыс айта алмайды. Сондықтан ол оларды кейде нашар ажыратады. Оның себебі, баланың фонематикалық есту қабілеті әлі жеткілікті дамымағандығы. Мектепке барар алдында баланың тілінде мүкістік болмау керек, әйтпесе мүкістіктер баланың сауатын ашуға кедергісін тигізеді.

Сөйлеу тілінің бай тәрбиесінің барысында бала мектепке барар алдында тілдің негізгі грамматикалық заңдылығын да меңгереді. Ол сөйлемді дұрыс құрастырады және өз ойын білгірлікпен сөйлейді. Мектеп жасына дейінгі баланың алғашқы сөйлемдерді грамматикалық үйлесімінің жеңілдігімен көзге түседі. Мектеп жасына дейінгі баланың сөйлеу тілі дамуының іргесі қаланады, сондықтан бұл жастағы сөйлеу тіліне ересектер жағынан ерекше қамқорлық жасайтын сабақ болу керек. Дәл уақытында ескеріп және жою үшін сөйлеу тілінің әр кезеңдегі бұзылуының себептері қандай болуы мүмкін екендігін тәрбиеші мен мұғалімге білудің өте зор маңызы бар.

Көбінесе сөйлеу тілінің бұзылуы мектеп жасына дейінгі кезеңде пайда болады. Бұл бір жағынан сөйлеу тілінің қарқынмен дамуы болса, екінші жағынан баланың нерв жүйелерінің және сөйлеу тілінің механизмі қалыптасуы әлі толық аяқталмағандықтан болады. Сондықтан сөйлеу тілінің дертке шалдығуын сыртқы күштердің қандайынан болса да қолайсыз себебі жеткілікті. Бұл кезеңде дислалия, тұтықпа, сөйлеу тілі дамуының кешеуілдеу өте жиі байқалуы мүмкін.

Сөйлеу тілі бұзылуының көпшілігін алдын-ала ескертуге болады. Ол үшін баланың жалпы тірлігінің және сөйлеу тілінің тәртібі, әртүрлі сырқаттардың асқындырмауын, оның сөйлеу тілінің дамуына қамқорлық жасауын, сөйлеу тілінің бұзылуына әкеліп соғатындай шамадан артық салмақ салмауын қадағалау қажет. Ана мен баланың денсаулығын қорғау және логопедтің тіл кемістігінен алдын-ала сақтандыру шараларын ұйымдастырудың да зор маңызы бар. Бұнда мектептегі және мектеп жасына дейінгі  мекемелердегі тәрбиешілер мен педагогтар үлкен роль атқарады.

 3. Сөйлеудің анатомиялық-физиологиялық механизмдері. Сөйлеу іс-әрекеті, оның структурасы және компоненттері. Сөйлеу аппаратының орталық және шеткі бөлімдері. Сөйлеу және ойлау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет