1. Кіріспе Негізгі бөлім Қорытынды


Негізгі бөлім: Моңғол шапқыншылығына дейінгі кезең



бет2/5
Дата16.02.2022
өлшемі24,42 Kb.
#131949
1   2   3   4   5
Байланысты:
1. ҚҚЗТ Семинар. ЭССЕ

Негізгі бөлім: Моңғол шапқыншылығына дейінгі кезең
Қазақ жерінде тас, энеолит, қола (б.д.д II-I м.ж кезеңі) , темір (б.д.д VII-IV м.ж) дәуірлерінде ру-тайпалардың өсіп өркендеуі басталады. Қазақ халқының бастауы болып сақ тайпаларының тікелей жалғасы болып үйсін, қаңлы саналады. Б.з.б I ғасырда Солтүстік ғұндар батысқа қоныс аударуымен үйсін, қаңлы тайпаларымен араласып кетті. Жалпы бұл тайпалардың негізгі шарушылығы мал шарушылығы болған және үйсіндерде теселі егінішілік дамыған. Бұнымен айтарымыз Қазақ жеріндегі бұл тайпалар бірі кетіп бірі қалып жатқан жоқ бір-бірімен араласып келесідей тайпалық одақ құрып жатыр. Ендігі кезекте біздің заманымыздағы VI ғасырда оңтүстік-шығыстан Алтай тауынан келген Ашина әулеті басқарған түріктердің басымдылығы байқалды. VI ғасырда Қазақ жері түгелдей құдіретті Түрік қағанаты құрамына кірді. Жалпы түрік атауы қытай жазба деректерінде 542 жылдан бастап аталады. Түріктердің ең бірінші қағаны Бумын болған. Одан кейін 603 жылы Түрік қағанаты екіге бөлінеді: Батыс және Шығыс болып. Батыс Түрік қағанаты (603 ж.) сияқты феодалдық мемлекеттер құрылғандығы белгілі . Одан кейін Түргеш қағанаты (704-756 жж.), Қарлұқ қағанаты (756-940 жж.) , Оғыз мемлекеті (IX ғ . соңы – XI ғ.басы), Қимақ қағанаты (893 – XІ ғ.басы), Қыпшақ хандығы (XI – 1219 ж.) , Қарахан мемлекеті (942-1212 жж.) өмiр сүрді . Осы мемлекеттердің ішінде қазақтардың халық болып – қалыптасуына , әсіресе екі мемлекеттің тарихи рөлі ерекше болған . 1 ) Карахан мемлекеті . Бұл мемлекеттің кезінде халық болып қалыптасу пісіп – жетіліп , қалалық өмір өркендеп , отырықшылық жанданып , қолөнер дамып , көрші жатқан елдермен сауда қатынасы артып , жалпы мәдени экономикалық дамуы өскен. Алғаш рет Ислам дінін 960 жылы Мұса хан мемлекеттік дін ретінде қабылдаған. Қыпшақ хандығы ( XI – XIII ) Ертіс пен Еділ арасындағы кең жерді иемденді . Хандықтың құрылуына байланысты этникалық процестер жаңа даму кезеңіне аяқ басты . Бұл кезде қазақ тілінің негізі – әдеби қыпшақ тілі құрылып , сонымен бірге қазақтардың өзіне тән антропологиялық кескіні қалыптасты . Қазақ этногенезінде қыпшақтар этнос ретінде маңызды рөл атқарды , Қазақ сөзінің шығу тегінің өзі қыпшақтар мекен еткен аймақтар- да пайда болды . Бірақ , осындай сапырылыс кезеңде шығыстан кидандардың ( қарақытай- лардың ) шапқыншылығы болып , Қарахан мемлекетінің жағдайы нашарлады . ХІІІ ғасырдың басында енді дамып келе жатқанда моңғол шапқыншылығы басталды , сөйтіп халық болып қалыптасу процесі тоқталды . Халық болып қалыптасу процесі ХV ғасырға дейін , немесе 200 жылдай уакытка кешеуілдейдi . Қазақстан жерінде қаншалықты жойқын шапқыншылықтар болғынымен халық болып қалыптасудың негізгі шарты тіл бiрлiгi жойылмады . Керiсiнше , уақыт өткен сайын моңғол шапқыншылығының өздері жергілікті халықтың түркі тіліне , әдет – ғұрпына , салт – санасына көшіп XIV ғасырда толық түркіленіп кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет