1. Кіріспе Негізгі бөлім Қорытынды


Патшалық Ресей тұсындағы Ұлт азаттық көтерілістер



бет4/5
Дата16.02.2022
өлшемі24,42 Kb.
#131949
1   2   3   4   5
Байланысты:
1. ҚҚЗТ Семинар. ЭССЕ

Патшалық Ресей тұсындағы Ұлт азаттық көтерілістер
Патшалық Ресей тұсында негізінен жер мәселесі, үкіметтің көрсеткен озбырлығынан және тәуелсіздік үшін көтелістер болған. Солардың алғашқысы 1783-1797-Кіші жүз қазақтарың Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі. Басты қозғаушы күші феодалдық және отарлық езгіден,хан,сұлтан,патша әкімшілігі озбырлығынан құтылуға ұмтылған Кіші жүз шарулары болды. 1784 жылы Орынбор губерниясына қарасты Самара және Сібір жеріне Игелстром тағайындалды,хандық билікті жою реформасын ұстанды. 1785 жылы Сырым әскері Сахарный бекінісне және Январцевский, Антоновский форпостарға шабуыл жасады. 1786 жылы Нұралы хан Ресейден қорған іздеді, осы жылы Сырым батырды Ералы сұлтан ұстап алды,бірақ Игелстром өз реформасының тірегі болады деп оны босатып алды.1795-96 жылдары жұттан кейін көтерілісті қайта бастады,бірақ жазалаушы отряд қудалауынан қаза болған көптеген жақтастарынан кейін 1797 жылы Сырым Кеңес отырысына келіп көтерілісті тоқтататындығын мәлімдеді. 1797 жылы Сырым батыр Хиуға қоныс аударып, 1802 жылы сонда қайтыс болды. Қазақ халқы тарихындағы Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтары көтерілісі ұлт-азаттық сипатқа ие болып,ұлттық сана-сезімнің өсуіне әсер етті. 1783-1797 жылдары ірі феодалдық және отарлық езгіге қарсы бағытталып, Кіші жүздегі хандық билікке кері әсер ете отырып,оның толық жойылуына себепкер болды.
1822-1825-Жоламан Тіленшіұлы бастаған қазақтардың патша үкіметіне қарсы көтерілісі болды. Қозғаушы күш табын және жағалбайлы рулары өйткені Орал,Ілек,Қурайлы өзендері арасында 1811-22 жылдары Новоиленск шебі салынды және аталған рулар 600000 десятина болатын қысқы қоныстарынан айырылған болатын. Жоламан батыр қол астына 3 мыңға жуық көтерілісшілерді топтастырды. Көтерілісшілер казактардың станицаларына шабуыл жасады, олпрдың үйлері мен шөбін өртеді, адамдарын тұтқынға алып, малдарын айдап әкетті. Сондай – ақ, патша үкіметінің әкімшілігіне бүйректері бұратын қазақ ауылдарына да шабуылдарын жасап отырды.1825 жылдың көктемінде жазалаушы экспедиция Бұлдырты, Шиелі және Тамды өзендерінің бойындағы жүздеген қазақ ауылдарына ойран салып, аяусыз қырып – жойды. Көтерілісшілер аянбай қарсылық көрсетті, жазалаушы отрядтармен болған шайқастар кезінде 195 сарбаз қаза тауып 125 адам тұтұынға алынған болатын. Жоламан батыр бастаған қозғалыстың отаршылдыққа қарсы сипаты басым болды. Көтерілістің әр жерде шашыраңқы жүруі мен оған қатысушылар санының аздығы оның жеңіліске ұшырауына жеткізді. Солай бола тұрса да ол Кенесары Қасымұлы бастаған қуатты көтерілістің пісіп – жетілуіне елеулі ықпал етті. Кеңесары Қасымұлының ұлт-азаттық көтерілісі (1837-1847) Негізгі қозғаушы күшке шекаралық аймақтарға бекіністер салу және әлеуметтік қатынастардың шиеленісуі.К.Қасымұлының көтерілісіне үш жүздің толық дерлік қатысуы оның ішінде:Қыпшақ,Жағалбайлы,Төртқара,Табын,Тама,Бағаналы,Шекті,Алшын,Керей,Жаппас,Арғын,Үйсін,Дулат тб. Кеңесары бастаған көтерілістің мақсаты Абылай хан тұсындағы Қазақ хандығының аумақтық тұтастығын қалпына келтіру еді. 1837 жылы Кеңесары алдымен дипломатиялық жолмен хат жазды. Бірақ еш жауап болмаған соң ,осы жылы Ақтау бекінісінің казак отрядына шабуыл жасайды.1838 жылы Ақтау мен Ақмола арасындағы Симоновтың отрядын талқандайды.Осы жылдың күзінде полковник Қоңырқұлжа Құдаймендин және старшина Қарбышев басқаратын Ақмола бекінісін отқа орап,қару жарақ олжалады.1838жылы Кеңесары Орынбор генерал-губернаторы В.К.Перовскиймен уақытша келісім жасады. 1841 Кеңесары ақ киізге отырғызылып Ресей империясы отарлап үлгермеген жерлерге хан атанды. 1841-42 жылдары Созақ,Сауран,Ақмешіт,Жаңақорған қалаларын қоқандықтардан азат етті.1843жылы 27 маусымда патша Николай I Кеңесарын көтерілісін басу үшін ірі көлемдегі әскер жіберу туралы бұйрық шығарды, хан басын әкелген адамға 3000 сом сыйақы тағайындады. 1847 жылы Кеңесары 10000 әскерімен қырғыз жеріне Қоқан және Патша үкіметіне қарсы күресуге шақырды.Бірақ Кекілік-Сеңгір жерінде Кеңесары әскерін үш жақтан Қырғыз манаптары,Вишневскийдің отряды және Қоқан әскері қоршауға алады. Нәтижесінде Кеңесары хан және 32 сұлтан қырғыз манаптары қолынан қаза табады.К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық күрес қазақ халқының тарихында мәңгілік өшпес із қалдырған,Қазақ мемлекеттілігін қайта жаңғыртуға тырысқан,тарихи маңызы зор күрес болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет