VIII— тепе-теңдік, есту нервісі — соматикалық сезімтал нервтер қатарына жатады. Бұл нерв жеке кіреберіс, ұлу деген екі бөліктен тұзілген. Ұлу бөлігі есту толқынын ішкі құлақтан мидың самай бөлігіндегі жоғарғы есту қатпарына жеткізсе, кіреберіс бөлігі қозуды ішкі құлақтың тепе-теңдік органдарынан мишыққа береді
IX— тіл-жұтқыншақ нервісі
IX— тіл-жұтқыншақ нервісі
— аралас нерв болып саналады. Бұл нерв құрамында шықшыт сілекей безін нервтендіретін парасимпатикалық нерв талшықтары болады. Нерв ядросы ромба ойысының төменгі бөлігінде сопақша мида жатады. Ми бетіне олива артынан шығып, шүйде сүйектің мойындырық тесігі арқылы ми сауытынан сыртқа тебеді. Нервтің талшықтары тілдің артқы бөлігімен жүмсақ таңдайдың кілегей қабықшасын, жұтқыншақты, көмей бездерін, ал қозғалтқыш талшықтары — жұтқыншақтың еттерін нервтендіреді.
X— кезеген нерв
X— кезеген нерв
—аралас нервтер қатарына жатады. Бұл нерв құрамында, көкірек қуысы мен құрсақ қуысында жатқан мүшелерді нервтендіретін парасимпатикалық талшықтар болады. Бұл нервтің де ядросы ромба ойысының төменгі бөлігінде, сопақша мида жатады. Ми бетіне оливаның артқы жағынан шығып, мойындырық тесігі арқылы ми сауытынан мойын бөлігіне қарай бағыт алады. Бұл нерв мойын бөлігінен көкірек қуысына, одан құрсақ қуысына өтеді. Мойын бөлігінде — тіл түбірінің кілегей қабықшасын, көмекей еттері мен кілегей, қабықшасын, жүтқыншақ еттерін; көкірек қуысында — жүректі, өңешті, өкпелер мен бронхыларды; құрсақ қуысында — ас қорыту мүшелерін тік ішекке дейін жүйкелендіреді. Сол себептен кезеген нерв, парасимпатикалық нервтердің ішіндегі ең ірісі және ұзыны болып саналады.
XI— қосымша нерв
XI— қосымша нерв
— қозғалтқыш нервтер қатарына жатады. Оның ядролары сопақша ми мен жұлынның жоғарғы сегменттерінде жатады. Осыған байланысты нервтің ми және жұлын бөліктеріндегі түбірлерді айырамыз. Нервтің төменгі жұлын түбірлері шүйде тесігі арқылы ми сауытына етіп, жоғарғы ми түбіршіктерімен қосылады. Осы қосылыстан пайда болған қосымша нервтің негізгі сабағы, кері ми сауытынан шығып, трапеция тәрізді және төс-бұғана-емізік еттерін жүйкелендіреді.