Иіс және көру (I, II) нервтерінің орталықтары алдыңғы ми сыңарларымен байланыста болса
көз-қимыл және шығыр (III, IV) нервтері — ортаңғы мимен
ал үшкіл, әкеткіш, бет және кіреберіс-ұлу (V—VI— VII—VIII) нервтері — артқы мидың көпір бөлігімен
тіл-жұткыншақ, кезеген, қосымша және тіласты (IX— X—XI—XII) нервтері— сопақша мимен байланыста жатады
Ми нервтері құрамы мен атқаратын жұмысына қарай сезімтал, қозғалтқыш және аралас нервтер деп бөлінеді. 12 жұп ми нервтерінің I, II, жұп нервтері соматикалық — сезімтал, III, IV, VI, XI, XII жұп нервтері соматикалық — қозғалтқыш, ал қалған (V, VII, IX, X) нервтері — аралас нервтер қатарына жатады.

I—иіс нервісі
I—иіс нервісі
— сезімтал нервтер, ол (16—20) иіс нерв талшықтарынан түзілген. Иіс талшықтары мұрын қуысының кілегей қабықшасынан басталып, ми сауытының ішіне тор сүйегі арқылы еніп, иіс жолының нейрондары жатқан иіс жуашығына жетеді. Бұл нейрондардың талшықтары иіс жолы арқылы иіс бұрышына, одан белдеу, теңіз жылқысы қатпарының ілмегіне (иіс орталығына) келіп аяқталады
II— көру нервісі
II— көру нервісі
— сезімтал нервтер, бұл көз алмасының торлы қабықшасынан басталып, ми сауытының ішіне сына сүйектің көру каналы арқылы енеді. Онда көру нервтерінің кейбір талшықтары айқасып (оңнан-солға, солдан-оңға), көру айқасын түзіп, көру жолы арқылы қыртысасты көру орталықтарына барып аяқталады. Қыртысасты көру орталықтары ортаңғы мидың жоғарғы қос төмпешігінде, сыртқы тізелі денеде және көру төмпегінің көпіршігінде орналасқан. Қыртысасты көру орталығындағы кезекті нейрондар талшықтары үлкен мидың шүйде бөлігіндегі тепке қатпарының аймағына (жоғарғы көру орталығына) барып аяқталады.