Фонфар ойналады. Ұстаз туралы ән орындалады. Ән аяқталады да екі жүргізуші сахнаға шығады 1 Жүргізуші



Дата25.08.2017
өлшемі84,07 Kb.
#26789
«Үздік мұғалім-2017» байқауының сценарийі
(Фонфар ойналады. Ұстаз туралы ән орындалады. Ән аяқталады да екі жүргізуші сахнаға шығады)

1 - Жүргізуші:

–Мұғаліммін мазасыз білім десе,


Көз майымды тауысты күнім неше.
Рақат тауып қалар ем бұл шақта да
Түн бойы оқып кірпігім ілінбесе…

2 - Жүргізуші:

–Мұғаліммін жан оты жарқылдаған,


Минутым кем ой қуып шарқ ұрмаған.
Жүргіншімін қағаз жүк қолтықтаған,
Азаматтық ақ тыныс алқынбаған.

1 - Жүргізуші:

Ой түзейді жас ұлан маған қарап,


Бой түзейді жас ұлан маған жанап.
Шәкірт пікір ұштайды мен арқылы,
Сондықтан да ерекше маған талап.

2 - Жүргізуші:

Ұландарым —  ұятым, ар-намысым,


Бала —  менің қуатым, алданышым.
Өткен түнім ұйқысыз, күлкісіз күн
Жас өреннің қанатты арманы үшін

1 - Жүргізуші:

«Ұстаз – тумысынан өзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын, ештеңеніұмытпайтын...»



2 - Жүргізуші:

«Алғыр да зерек ақыл иесі, өте шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны таза және әділ, жұртқа жақсылық жасап, үлгі көрсететін, қорқу мен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек».



1-жүргізуші:

Құрметті көрермендер, аяулы ұстаздар, байқауға қатысушы мұғалімдер және жанкүйерлер!



2-жүргізуші:

Сондықтан да жыл сайын аудандық,қалалық, респуликалық көлемде өтіліп дәстүрге айналған биылғы «Үздік педагог-2017» байқауының мектепішілік сайысына қош келдіңіздер!



1-Жүргізуші:

Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,


Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай жақсы шын бақытын тапса адам, -

дей келе бүгінгі байқауымызды бастауға рұқсат етіңіздер.



2-жүргізуші:

Бұл кеште бала бойына тәлім-тәрбиенің асыл қазынасын құйып, тәрбие мен білімнің алтын діңгегі, әулие мамандық иесі болып қана қоймай, қоғамның ұлттық айнасына да айналып үлгерген үздік ұстаз деген атқа лайық ұстаздарымыз сайысқа түскелі отыр.

2-жүргізуші:

Бар өмірін балаларға арнаған,

Ғұмырларын ғибратқа жалғаған.

Ұлағатқа тасып-толған кемері,

Ұстаздарымыз сахнаға келеді,–

деп, ендеше бүгінгі осы ерекше де, қасиетті тұлға иелерін, яғни байқауға қатысушы ұстаздарымызды ортаға, сахна төріне шақырайық.


1-жүргізуші:

Шәкірт —  менің мәртебем,


Мен —  баспалдақ.
Мен арқылы  шырқасыноласпандап.
Мерейленем,
Бой сергіпжасарамын,
Жасұланға ақжарқын жолашқанға-ақ, –деп үнемі шәкіртімен мақтанамын, дей келе бастауыш сынып мұғалімі Есенбаева Дәмегүлді ортаға шақырамыз.
2-жүргізуші:

Сынып — менің сахнам, отты алаңым.


Сонда жанып, қып-қызыл шоқ боламын.
Шоқ болмасам, қып-қызыл от болмасам,
Онда тоқырап тот басып жоқ боламын,– дегенқазақ тілі пәнінің мұғаліміКакенова Нұрсұлудыортаға шақырамыз

1-жүргізуші:

Мұғаліммін мендағы сыншыл жанмын.


Жаңалыққа, жаңаға ұмтыламын.
Мінін сезсем оқушының
Тосын жайға
Сөз бұйда сыр бұрамын,–деген бастауыш сынып мұғалімі Каипова Шолпан ортаға шақырамыз.

2-жүргізуші:

Оқушыммен мақтанам,


Олар сансыз.
От жүрекпен өртене сүйем шамсыз.
Деп тілеймін таусыла:
Оза шауып,
Жүйріктерден сурылып шықса шаңсыз,–дегентарих пәнінің мұғалімі: Мырзағали Абайортаға шақырамыз

1-жүргізуші:

Мұғаліммін.


Жұмыскер жай адаммын.
Жас өренге мейірі бай адаммын.
Космос ашып жанкешті болмағанмен,
Ұстаз деген атаққа сай адаммын,–дегенағылшын тілі пәнінің мұғалімі Қайратқызы Гүлназдыортаға шақырамыз.

2-жүргізуші:

Айтады олар әр жерде аға атын,


Бола біл тек жанына от жаға алатын.
Мұғалімнен өмірлі адам бар ма,
Бір өмірге мың өмір жалғанатын,–деген орыс тілі пәнінің мұғалімі Кадирханова Әлияныортаға шақырамыз.

1 - Жүргізуші:

Балаға мен — әрқашан сая жаймын.


Асылымды бойда бар аямаймын.
Өреннің де қан құям жүрегіне,
Бағбандай гүлді күткен аялаймын - деген, математика және информатика пәнінің мұғалімі Дорветхан Гүлжанды ортаға шақырамыз
2 - Жүргізуші:

Iзденісім, еңбегім, тебіренісім,


Ақыл-ойым, жігерім —  жер жемісім…
Бәрі-дағы балаға —  оқушыма,
Ұстаз тұтып соңыма ергені үшін дей келе дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Маждинов Бахытжанды ортаға шақырамын.
1 - Жүргізуші:
Шәкірт үшін мұғалім – олардың еліктейтін, үлгі ететін абыройлы жаны, ұқсайтын тұлғасы. Олар ұстазының бүкіл іс-қимылына, жүріс-тұрысына, сөйлеу мәнеріне, адаммен қарым-қатынасына еліктейді. Сондықтан да, жауапкершілігі мол, адал да мейірімді, әділ де парасатты, рухани дүниесі бай педагогтар ғана балаға білім мен тәрбие беріп, оның жан дүниесіне әсер ете алады.

2 - Жүргізуші:

Әділ қазы алқасы солар тыңдар,

Анықтамақ, суырылып шығар кім бар?

Жеңіс –біреу, жеңіліс көп болғанмен

Шығады «жүзден жүйрік, мыңнан –тұлпар»,–

депбүгінгі сайыстың қорытындысын шығаратын әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

1- Жүргізуші:

1.Әділ-қазылар алқасының төрайымы: Мектебіміздің директоры Алиакбарова Фатима Маметқалиқызы



2- Жүргізуші:

2.Директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары: Шойбек Анар Қалибекқызы



1- Жүргізуші:

3.«Үздік педагог-2014» байқауының финалисі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Салықбаева Әсия Абылайқызы



2-Жүргізуші:

4.«Үздік педагог-2013» байқауының финалисі, математика пәнінің мұғалімі: Бектасова Алмагүл Ибрагимқызы



1-Жүргізуші:

5.«Үздік педагог-2015» байқауының финалисі, бастауыш сынып мұғалімі: Оспанова Гүлзира



2-Жүргізуші:

Енді байқауға қатысушылар қазір өздерінің реттік нөмірлерін таңдайды. Ондағы сан ретін атайсыздар. Сол сіздердің реттік нөмірлеріңіз болады. Реттік нөмірлеріңізді алған соң, орынға барып жайғасуыңызды сұраймыз.



1 - Жүргізуші: Тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім. Ұстаз һәм мұғалім туралы олардың алдынан өткен тұғырлы тұлғалардың түйдекті ой қалдырғандары көп. Соның ішінде тіл ғылымың атасы, атақты ұстаз Ахмет Байтұрсынов: «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім» деген екен.

2-Жүргізуші:

Байқауымыздың негізгі сайысы «Менің заманауи педагогпын» тақырыбы бойынша жазған эсселерін және «Менің әдістемелік жұмыстарым» тақырыбында портфолиоларын әділ-қазыларға ұсынады.


(барлығы портфолиоларын тапсырып жатқанда сөздер оқыла береді)
1 - Жүргізуші:

– Иә, қаншама жыл, қанша ғасыр өтсе де Шығыс ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің осынау қанатты сөзінің мәні зор болып қала бермек. Ал, аталған мамандық иесінің ұрпақ тәрбиесіндегі алар орны ерекше. Демек, білім сапасын көтерудің негізгі тетігі – ұстаз, оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі.



2 - Жүргізуші:

Еліміздегі жалпы әлеуметтік, саяси-экономикалық, тәрбие және білім, мәдени деңгейлеріміздің жаңа сатыға көтеріліп,  жаңаша реңге ие болуы, жеке тұлғаны оқыту, білім беру, дамыту жүйесін жақсартуды талап етеді. Ал, осы қадамдарды жүзеге асыратын мамандық иесі ұстаз екенін ескерсек, жақсы мұғалімнің қандай қасиетке ие болуы керектігін атап өткеніміз жөн.


1 - Жүргізуші:

Ең алдымен, ол – қай кезде де кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамның ең озық бөлігінің бірі деп есептеледі.



2- Жүргізуші:

Оқушының білімге қанат қаққан сәтінен бастап, оның сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру – ұстамды ұстаздың ұстанатын міндеті. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады.



1 - Жүргізуші:

Жалғанады мың өмір мұғалімге.


Ақиқатты жалтармай ұғамын де.
Жақсы шәкірт — теңдессіз үлкен сыйлық,
Шапалақ соқ, қол ұсын мұғалімге,– деп бүгінгі сайыста сынға түскен ұстаздарымызға шапалақ соғып, құрмет көрсетейік!
2 - Жүргізуші:«Талпынған бала, талпынған құстай,

Құмары қанбас, аспанға ұшпай», - деп бабаларымыз дәл тауып айтқан.

Қазір ХХІ ғасырда ең бірінші орынға білім қойылды. Ұрпақ тәрбиесі мен оларға сапалы білім беру ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей өнегелі ұстаздан білімді шәкірт шығатыны сөзсіз. Біз тек біліммен ғана алға жылжимыз. Ал сол білім нәрін беруші – ҰСТАЗ. Ендеше келесі бөлімде қатысушы ұстаздар 15 минуттық панорамалық сабақ көрсету.

1 - Жүргізуші:

Бірінші нөмерлі сайыскерді ортаға шақырамыз.

15 минутта сабағын беріп шығады.



Екінші нөмерлі сайыскерді ортаға шақырамыз

15 минутта сабағын беріп шығады.



Үшінші нөмерлі сайыскерді ортаға шақырамыз.

15 минутта сабағын беріп шығады.



Төртінші нөмерлі сайыскерді ортаға шақырамыз

15 минутта сабағын беріп шығады.



Бесінші нөмерлі сайыскерді ортаға шақырамыз.

15 минутта сабағын беріп шығады.



Алтыншы нөмерлі сайыскерді ортаға шақырамыз.

15 минутта сабағын беріп шығады.



Жетінші нөмерлі сайыскерді ортаға шақырамыз.

15 минутта сабағын беріп шығады.



Сегізінші нөмерлі сайыскерді ортаға шақырамыз.

15 минутта сабағын беріп шығады.



Ән шашу (Дана мен Жанатқа ән шашу дайындату)
Еліміздің ұстаздары аман болсын,

Бастықтар жел өтпейтін пана болсын.

Сіздерге тек тілейміз аманшылық,

Болсын тек әрқашанда бейбітшілік – дей келе алғашқы ұстаздарға деген құттықтау сөз кезегін мектеп-гимназия директоры Алиакбарова Фатима Маметқалиқызына береміз.
2 - ЖүргізушіҰстаз... Ұстаздық – киелі әpi өте қарапайым мамандық. Жер жаһанда адамзат баласы пайда болғаннан бepi әрбір пендені ойландырып, толғандырып келе жатқан қоғам құрылып жатса да, қажеттігін жоймайтын бip мәселе ол – баланы өмip сүруге дайындау. Бұл – қиынның қиыны!
Ертеңгі мемлекеттің болмысы – бүгінгі ұстаздың тәлімінде.

1-жүргізуші:  

Сондықтан да шәкірттерге берері мен үйретері көп ұстаздарға еңбекқорлық пен табандылық тілей отырып, болашақтарыңыз – берік, келешектеріңіз кемел болсын дегіміз келеді.



Қош сау болыңыздар! Жеңіс құтты болсын! Аудандық сайысқа жолдама алған _________________________шын жүректен құттықтаймыз. Мектеп намысын қорғайды деген сенім білдіреміз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет