Сабақ Қазақ әдебиеті пәні: Нысанбаева Ақжарқын География пәні: Баймуханова Ақбөбек



Дата14.04.2017
өлшемі9.88 Kb.
  • Кіріктірілген ашық сабақ
  • Қазақ әдебиеті пәні: Нысанбаева Ақжарқын
  • География пәні: Баймуханова Ақбөбек

Сәкен Сейфуллин

  • «Ақсақ киік» өлеңі
  • Сабақтың жалпы мақсаты:
  • Ақын шығармашылығымен таныстыру арқылы эстетикалық және экологиялық тәрбие беру.
  • Мазмұнға байланысты міндеті:
  • Өлеңнің мазмұнын меңгереді, қазіргі экологиялық мәселесімен байланыстырып талдайды, географиялық тұрғыдан түсінеді және әдебиет теориясынан мағлұмат алады.

Сәкен Сейфуллин

  • Сәкен Сейфуллин
  • (Сәдуақас)
  • (1894-1938)
  • Қазақтың көрнекті жазушысы,қазақ әдебиетін қалып- тастырушылардың бірі,қоғам қайраткері.

Қызығушылықты ояту сатысы (топтастыру)

  • Сарыарқа

Мәнерлеп оқу

Өлеңдегі теңеу

  • Қап-қара екі көзі мөлдіреген,
  • Әдемі екі танау желбіреген.
  • Елеңдеп жас балаша жалтаңдайды,
  • Жел түрткен жусаннан да селдіреген.

Өлең құрылысына талдау.

  • Ар-қа-ның Бет-пақ де-ген да-ла-сы бар, 11а
  • Бет-пақ шөл, ой-лы –қыр-лы па-на-сы бар. 11а
  • Сол шөл-де ел жоқ, күн жоқ өс-іп-өн-ген, 11б
  • Жән-дік-тің киік де-ген ба-ла-сы бар. 11а
  • Өлең 11буынды қара өлең ұйқасына құрылған.
  • Топтық тапсырмалар
  • “Кубизм” әдісі

“Кубизм” әдісі

  • “Кубизм” әдісі
  • Суреттеу. Өлеңде Сарыарқаның Бетпақ деген үлкен шөл даласы айтылады. Онда киік мекен етеді. Өйткені ол шөлді жақсы көреді. Онда елді мекен, өзен, көл де болмайды. Өсімдіктен жусан өседі. Шағын бұталардың өзінде де «қу баялыш» жапырақ болмайды.
  • Салыстыру. Өлеңде киік суреттеледі. Ақын оны жас балаға теңейді. Әрбір кішкентай бала сұлу болады. Бөкен бала сияқты сұлу. Қазақтың басқа малына қарағанда Бетпақты құлан, киік көп мекендейді.
  • Зерттеу. Өлең 11 буынды қара өлең ұйқасына құралған. Көркемдегіш тәсілден теңеу кездеседі. Сол шумақты оқимын....Өлеңде сұлу аң киіктің аянышты тағдыры, адам қолынан жасалған қиянат айтылады. Оқиға жапан далада оқ тиіп жараланған бөкеннің шыбын жанын қоярға жер таппай мазасызданған сәтін суреттеумен аяқталады.
  • Байланыстыру. Өлеңде көтерілген экологиялық мәселелерді ақын осыдан жарты ғасыр бұрын айтса да, әлі де шешуін таппай келеді. Өлеңдегі
  • «Азайды соңғы кезде байғұс бөкен»,
  • «Мүйізін пайда қылып, шетке сатқан» деген жолдарда айтылғандай, адамдардың зиянкестік іс-әрекетінен олардың қатары мүлде смреді. Осы экологиялық мәселен өлеңнен көре отырып табиғатты қорғауға шақырамыз.
  • Саралау. Өлеңдегі ақынның табиғатты суреттеуі, жанашырлығы ұнады. Басқа шығармаларға қарағанда бізге әсер еткені – адамдардың табиғатты қорғамауы, мергендердің аңды аяусыз атуы.
  • Келісіңіз немесе қарсы щығу. Ақын киіктің өлгені не өлмегені тралы бізге нақты мәлімет айтпаған. Ақынның басқа ойымен келісеміз.

Бізге беймәлім сөздер.

  • 1.Сегіз көштік-ұзындық өлшемі.
  • 2.Таңы-жануардың әсем,сұлу мүсіні.
  • 3.Қос-шатыр,күрке.
  • 4.Бетеге-шөп атауы.
  • 5.Киік-аталық жануар.
  • 6.Бөкен-аналық жануар.

  • Ғылыми атауы: Saiga tatarisa
  • Төлі: Құралай.
  • Мүйізінен: ,,Пантокрин” дәрісі жасалады.
  • Еті: деликотес саналады.
  • Терісінен: аса бағалы былғары жасалады.
  • Жауы: қасқыр,түлкі,шибөрілер,бүркіт,қыран.
  • Адамдар еті,мүйізі үшін аяусыз атады.

Ой толғаныс сатысы «БҮҮ» әдісі

  • Білемін? Білгім келеді? Не білдім?

Бекіту сұрақтары

  • Сәкен Сейфуллин өмір сүрген жылдары
  • “Ақсақ киік” өлеңі не туралы жазылған
  • Жаралы киікті сипатта
  • Сарыарқаның орналасқан жері.
  • Киіктердің мекені.
  • Бетпақдаланың экологиясы

Үйге тапсырма

  • өлеңнің ұнаған жерін жатқа оқу;
  • бөкеннің аянышты халін суреттеу;
  • 3. «Табиғат және адам»тақырыбында эссе жазу.
  •  

Сабақты қорытындылау

  • Бүгінгі сабақта Қадыр мырзалиевтің мына бір өлең жолдарымен аяқтағым келеді:
  • Аяймын мен анасыз, атасызды,
  • Аяймын, мен құлынсыз ,ботасызды.
  • Хайуанатқа жасаған қиянатың –
  • Бауырыңа жасаған опасыздық.

Каталог: uploads -> doc -> 1210
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1210 -> Өткізген: 5 «б» қазақ сыныбы жетекшісі Аманғалиева Зухра Қуанышбекқызы 2016-2017 оқу жылы
1210 -> Сабақ тақырыбы: Түрік қағанаты 552 603 жылдар


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет