1.Кіріспе 2. Негізгі бөлім (Windows операциялық жүйесінің түрлері )
Кіріспе
Windows операциялық жүйесі қолданушының дербес компьютерде жұмысын ыңғайлату үшін ойлап табылған. Оның пайда болуына дейін, кез-келген операциялық жүйе, қолданушыдан компьютердің басқару командалар тілін білуді талап еткен. Windows жүйелік ортаның бейнесін және онымен жұмыс жасау ережелерін өзгертті. Қолданушыға арналған қарапайым жұмыс ережелері бар ыңғайлы графикалық интерфейс пайда болды. Бірақ бұл өнімнің алғашқы версиялары суық қабылданып, қолданушылар арасында да, кәсіпкерлер арасында да үндес таппады. 1985-1990 жылдар арасында сұраусыз болған Windows, келесі бесжылдықта, MS-DOS операциялық жүйесінің алғашқы версиясының графикалық қабықшасынан Windows 95, Windows 98 және Windows XP версияларының толық операцияларық жүйесіне дейін өтіп, компьютерлік әлемнің бейнесін күрт өзгертті.
Microsoft компаниясы IBM дербес компьютерлеріне арналған графикалық қабықшаларды жасауды 1981 ж. бастады. Жұмыстың бірінші этапы 1983 жылдың сәуір айында Interface Manager программасымен аяқталды. Бірақ, өкінішке орай, бұл программа да қабылданбады. Тек 1985 жылдың маусым айында ғана Interface Manager программасы Windows 1.0. атауымен жарық көрді. Бұл вариант та алдыңғылар сияқты үндес таппады, бірақ бұл бағытта жұмыс жалғаса берді.
Негізгі бөлім
1. Windows 1.0 (1985) 2. Windows 2.0 (1987) 3. Windows 2.1 (Windows 386, 1987) — графикалық терезелерде DOS-қосымшасын ашу мүмкіндігі пайда болды, сонымен қатар әр қосымшаға 640 Кб жады берілді. 80286 және 80386 процессорлары пайда болды.
Достарыңызбен бөлісу: |