1. Кіріспе. Негізгі бөлім



бет1/6
Дата25.12.2016
өлшемі0,91 Mb.
#4871
  1   2   3   4   5   6
Ауыл мектептеріндегі жасөспірімдердің өнегелілік қасиеттерін қалыптасуы: қазіргі жағдай мәселесі.
Жоспар:
1.Кіріспе.
2. Негізгі бөлім.

1-тарау

1.1 «Өнеге», «өнегелі», «өнегелі қасиет» ұғымдарының мәні, мазмұнын анықтау.

1.2. Өнегелі қасиеттерді қалыптастырудағы халқымыздың мұраларына тарихи шолу.

1.2.1 Абай шығармашылығының ұрпақ тәрбиесіндегі ролі.

2-тарау

2.1. Әлеуметтік педагог және оның ауыл мектептеріндегі қызметіне сипаттама.

2.2 Ауыл жасөсапірімдерінің өнегелі сапаларын қалыптастырудың негізгі факторлары.

2.3 Ауыл мектептеріндегі жасөспірімдердің өнегелілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер, бағыттар, формалар.

2.4. Қазіргі ауыл мектептеріне сипаттама және ондағы өзекті мәселелер.

3. Қорытынды.

4. Қосымшалар.

5.Әдебиеттер тізімі.
2.4. Қазіргі ауыл мектептеріне сипаттама және ондағы өзекті мәселелер.

Кез-келген мемлекеттің өркениеттілігі орнда өмір сүретін халықтың өнегелілігімен бағаланады, ал өркениеттіліктің негізі мектепте қаланып, мектепте өркен жаяды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде:«Мектеп туралы мәселенің көтеріліп жатқаны өте дұрыс.Мектеп әлеуметтік мәселелердің ішіндегі ең өзектісі» деген пікірді айта келе, әсіресе ауыл мектебін өркуендетуге, ауыл мектебінің жағдайын жақсартуға баса көңіл бөлу қажет екенінемән береді. Осы тұрғыдан қарағанда, еліміздегі мектептердің, оның ішінде ауыл мектептерінің жұмысын жандандыру, ондағы тәрбие процесінің сапасын жетілдіру, жасөспірімдерге ұлттық, өнегелілік негізде тәрбиелеу бүгінгі күннің басты көкейтесті мәселесіне айналып отыр

Ауыл мектептері әрбір адам, отбасы, ауыл қоғамдастықтары өмірінде маңызды роль атқарады.

Гурьянова өзінің мақаласында ауыл мектебіне мынадай сипаттама береді:Бұл ауыл аймағында орналасқан жалпы білім беру ұйымдар түрлерінің жиынтығы, олардың территориялық орналасуы, әлеуметтік ортасы, ұлттық құрылымы әр түрлі, оқушшылардың білім және еңбек дайындығының ерекше міндетін орындауға және балалардың қызығушылықтарын қанағаттандыруға тырысады» делінген.

Ал Л.Ф.Стерлин мен Е.С.Зайцевтің айтуы бойынша «Ауыл мектебі --- ауылда болып жатқан барлық әлеуметтік-экономикалық үрдістердің белсенді аймағы болып табылады. Ол ауылшаруашылық өндірістерінің кадрларын дайындап, өз оқушыларын еңбекке баулып, туған жердегі жұмысқа сүйіспеншілігін тәрбиелейді».

«Ашығын айтар болсақ ауыл мектебі дегеніміз – қазақ мектебі. Ол еліміздің білім жүйесінің түп қазығы. Қаймағы бұзылмаған ұлттық тәлім мен тәрбиенің қара шаңырағы. Осы тұрғыдан келер болсақ, сол ұлттық тәрбиені қазіргі заманға сай ілім мен білімге ұштастыра жүргіземіз десек, ауыл мектебінің жағдайын жасау – кезек күттірмейтін мәселе. Бұл бағытта Үкімет түбегейлі шаралар жүргізетін болады» деп кезінде И. Тасмағанбетовтың өзі айтқан болатын.


III. Қорытынды.
Қазақстанның XXI ғасырда өркениетті әлемнен орын алып, дамыған елдердің деңгейінде болуына ықпал ететін бірден-бір құдірет ---- білімді, тәрбиелі, өнегелі, адамгершілігі және ақыл-парасаты мол ұрпақтардың қанатын шыңдау.

Қазіргі кезде ұлы бабамыз Әл Фараби айтқан “Тәрбиесіз берілген білім ----- адамзаттың қас жауы” деген нақыл сөзді ұран етіп, болашақ жастарды қоғам талабына сай, ұлттық дәстүрмен байланыстыра отырып, ауыл жасөспірімдерін өнегелілікке, адамгершілікке тәрбиелеуіміз керек және де қазіргі ауыл мектептерінде қордаланып қалған проблемаларды уақытысында шешуге атсалысуымыз керек. Себебі ауыл – қазақтың алтын кіндігі. Барлық салт-дәстүр, ұлттық құндылық, ұлттық тәлім-тәрбие – бәрі ауылда. Сонымен қатар ауыл мектебі – тек білім ордасы ғана емес, үлкен мәдениет орны, рухани орталық. Және де ауыл мектебі – Қадыр мен Қаныш, Мұхтар мен Бауыржан шыққан мектеп. Оның проблемасы тереңде.

Ауыл мектебі көпұлтты Қазақстан халқының ұлт ретінде жойылып кетпеуіне және төл мәдениетінің сақталуына көмектеседі. Ауыл мектебінің басым көпшілігі қазақ мектепетрі болғандықтан ата-бабалардан мұра болып қалған ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып, оны жаңаша дамыту, жетілдіру қажеттілігі заман талабынан туындап отыр. Онда ұлттық сана-сезім, мінез-құлық, рух, діл, мемлекеттік тілді оқушылар бойына ұялату үшін оқу-тәрбие жұмыстарын кешенді түрде жүргізу оң нәтиже берері анық.

Әрбір тәрбиелеп отырған азаматтарымыздың ұлттық санасын оятып, жоғары деңгейге жеткізсек, сонда ғана біз әрі алғыр, әрі батыл, әрі шапшаң, өз заманымыз ақыл-ойын толық меңгерген, тайсақтауды білмейтін нағыз текті ұрпақ тәрбиеледік деп мақтанышпен айта аламыз. Ендеше қойнауы кенге толы жеріміздің байлығын, ырыс-құтымызды, дәулетімізді төгіп шашпай ұстайтын, жүректерінде түйсік-танымы бар, ата-бабамыздың бай тәрбиелілік құралдарымен тәрбиеленген жігерлі жігіттер, ибалы қыздар бүгінгі қоғамның басты сұранысы болып отыр. Патриотизмнің биік үлгісін сөзімен де, ісімен де көрсете білген халқымыздбың біртуар азаматтарының бірі М. Жұмабаев “Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбиелеуге міндетті” деген екен. Халқымыздың бай тәжірибесіне сүйене отырып, өскелең ұрпақты руханилыққа, өнегелілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу--- мемлекеттің, білім беру мекемелерінің, жанұяның алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі. Ұрпақ тәрбиесі ертеңді күтпейді.

Әрбір ел келешегі --- мектебіне байланысты. Бір елдің тағдыры мектебінің құрылысына байланысты. Мектептен мемлекет мәдениеті көтеріледі десек, бұл болашаққа үміт, тілегіміз мектептен басталады деген сөз.
Еліміз егемендікке ие болғалы шынайы ұлттық мектептің іргетасы қалана басталды. Төл оқулықтарымыз жасалып, ғылым негіздерін оқытудың жаңа тұжырымдамалары іске асырылуда. Ұлттық мектептер ұлт тарихын, тілін, мәдениетін оқып,зерттей отырып, әлемдік деңгейдегі білімге ұмтылуда.

Қазақстан Республикасының Конституциясында мемлекетімізде бірте-бірте қалыптасып келе жатқан құқықтық-демократиялық қоғамның ең құнды байлығы адам екендігі баса айтылған. Соған орай білім беру саласында тікелей пайдасы тиетін, күнделікті өмірде іс жүзінде қолданатын білімдерді меңгерумен қатар, парасаттылық пен тұлғаның өнегелік қасиеттерін қалыптастыру жағына баса назар аударудың өзектілігі арта түсуде,

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Респулика Бі лім және Ғылым қызметкер лерінің 2-съезінде сөйлеген сөзінде білім беру ісін реформалаудың стратегиялық міндеттерінің бірі—шығармашылық тұрғыда ойлай білетін жеке тұлғаны мәдениетті, рухани биік деңгейде тәрбиелеу, өнегелік қасиетін қалыптастыру болып отырғандығына бюаса назар аударып, жалпы білім беретін орта мектепте білім берум ен қатар, адалдық, адамдық, ізгілік, отанынсүйе білу сияқты асқақ сезімдерге тәрбиелеу қажеттігі өзекті мәселе болып ондығын ерекше атап көрсетті. Осыған байланысты жалпы адамзаттық қадір-қасиеттерінің мән-маңызын түсінетін жаны да, тәні де таза білімді, ізгі ұрпақ тәрбиелеу міндетін тәрбиелеудегі ең негізгі мәселе жалп білім беретін орта мектептің –оқу-тәрбие процесін ұлттық негізге құру болып отырғандығы айқындалған.

2003 жылдың желтоқсан айында Астанада “Қазақ мектебі: бүгінгі жайы мен даму болашағы” тақырыбында респуликалық ғылыми- тәжірибелік конференция өтіп, онда жоғары оқу орындары мен ауыл мектептеріне мамандар даярлау, білім беру жүйесін жаңаша жүргізу, өскелең ұрпақты өз отаны – Қазақстанды сүюге және ұлттық сыалт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды құрметтеуге тәрбиелеу, мектептің жүрегі- ұстаздардың білімі мен біліктілігін көтеру мәселелері кеңінен әңгіме болды.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жолдауында (30 сәуір 2002 жыл) “Ауыл дегеніміз сайып келгенде, халықтың тұрмыс салты, мәдениетіміздің, дәстүрлеріміздің, әдет-ғұрпымыз бен өнегелік қасиеттеріміздің қайнар көзі. Осынау саяси-моральдік және әлеуметтік факторлардың өзі-ақ бізден ауылға барынша байсалды қарауымызды талап етеді” деген жолдар бар.

Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңының 8-бабында: “Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау”, -деп көрсетілген.

Үкіметтің ауыл мектебін көтеруге бағыттанған көреген саясатымен батыл қадамын, әсіресе ауылдық мектепте қызмет атқаратын ұстаздар қауымы қуана қабылдады. Өйткені барлық деңгейдегі басылымдарда мәселе болып көтеріліп жатқан ауыл мектебінің жағдайы тұралап жатқаны баршамызға аян. Қай ауылға бара қалсаң да менмұндалап тұратын қасиетті шаңырақ ол - мектеп деп саналады.

Ауыл балалары тек мектептегі сабақ пен өткізілген даталы іс-шаралардан басқа еш нәрсе көрмейді. Оларды үйде жетелейтін, ұстаздармен бірлесіп тәрбиелейтін ата-аналардың көбінің білім деңгейі, ойлау қабілеті өте баяу. Өйткені ата-аналар ауылшдан көп шықпайды. Көбі орталық басылым газет-журналдарын алмайды, теледидардан тек Ресей телеарнасының бағдарламасын ғана көреді. Ауылға мәдени орталықтардан келіп көрсетілетін мәдени шаралар жоқ. Ауыл кітапханашыларының, клуб меңгерушілерінің, ауыл әкімдерінің тарапынан ұйымдастырылып жатқан ауыл тұрғындарының рухани мәдениетін көтеретін іс-шаралар жоқ. Осы жағдайлардың бәрі ата-аналардың ұстаздарға, әлеуметтік педагогқа деген көмегін тежейді.

Ұлттық рухта жаңаша оқыту мен тәрбиелеу халықтық педагогикаға сай құрылса ұтарымыз көп. Бұл әр баланың ойлауын жеделдетеді, толық адам болып қалыптасуына әсер етеді, елін, ұлтын сүюге баулиды. Бірақ осы халықтық педагогикаға негізделген ұлттық үрдіс, салт-дәстүрмен күнбе-күн етене таныспайды.Ауылдағы шілдехана, тұсау кесер, тоқым қағар, сүндет той, беташар, сыңсу, қоштасу, естірту т.б. салт-дәстүрлеріміз өз нақышында,өз деңгейінде өтпейді. Бала өз көзімен көріп, етене араласып,жүрегімен қабылдап,іштей сезінбегеннен кейін, ұстаздардың ауызша насихаттағаны нағыз тәрбие бола алмайды. Осындай істерге ұйытқы боларлық, жанашыр адам кім

Жасөспірім тәрбиесіндегі ең алдымен, аға ұрпақтың жас жеткіншекке деген сүйіспеншілігі менқамқорлығынан, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттердің тамаша үлгілерінің жиынтығынан туындайды.

Атадан балаға ұласатын асыл құндылықтар үлкендердің әңгіме желісінен, іс-қимылынан танылып, сезім жіптері арқылы жүректен жүрекке беріліп отырған. Сондықтан егеменді ел жастарының санасына осы ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білу үрдісінің мәні зор. Ақынжанды, шешен, өнерпаз, өнегелі халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан тәлім-тәрбиелік әдеттері,рәсімдері мен салт-саналық дәстүрлері жас ұрпақтың жан дүниесіне әсер етіп, санасына сіңсе, ол ұлттық, өнегелік мәдениетті игерген,иманжүзді, инабатты, жалпы адамзаттық асыл қасиеттерге ие болады.

Бүгінгі күні біз ---- әлем халқы бір кісідей Жаңа дәуір --- Жаңа ғасыр – жаңа мың жылдыққа аяқ басып отырмыз

Тағдырымыз тап келген Үшінші мың жылдықтың жастары қандай болмақ. Бұл бүкіл адамзатты ойландыратны да, толғандыратыны да анық.

Шығармашылық бай мұрасымен халқымызға қайта оралған ұлы ақын Ш. Құдайбердиев: “Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын --- адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жұрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күнінен бастап тәрбиелейді”,---- деп есептейді.

Шындығында да, асыл қасиеттерге ие өнегелі адамды қалыптастыру ---- оның туған кезінен басталса керек.

Адамның Адам болып қалыптасуында ата-аналармен қатар, әлеуметтік педагог пен мұғалімнің ролі зор. Яғни білім жүйесінің қызметкерлеріне болашақ ұрпақты тәрбиелеуде үлкен жауапкершілік жүктелген. Сондықтан бұл істе асығыс шешім, жалған әдісғ, қалыптағыдай қатып қалған, ескірген тәсіл қолданылмауы тиіс

Оқушылардың өнегелік қасиеттерін қалыптастыру ісі тәрбие берумен ғана шектелмейді, бұл баланың сезіміне әсер ету арқылды ішкі дүниесін оятудың нәтижесінде оның адами қасиеттері қалыптасады. Өнегеліки қасиеттер бала бойына тат-бабаларымыздың құнды дүниелері арқылы берілгені жөн. Өйткені өзгенің басындағыны өз басынан өткізетіндей етіп қабылдауы баланың болашағын аңғаруына, айналасындағылдардың іс-әрекетін түсінуіне, ой елегінен өткізіп,сезінуіне ықпал етуі тиіс.
2003-2005 ж.ж. “Ауыл жылдары” болып жарияланғаны баршамызға мәлім. “Ауыл мектебі ”бағдарламасында ауылдағы білім сапасын жоғарылатуға мүмкіндік беретін, полифункциялық және интегративтік білім беру қызметтерін сипаттайтын оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың жаңа формулаларын енгізумен байланысты жаңа мектеп түрлерін дамыту ұсынылады. Мәселен, “Мектеп- кітапхана- Мәдени ---орталық”, “Мектеп- балабақша”, “Мектеп – ауыл шаруашылық кешені”, “Мектеп - өндірістік серіктестігі” және оқушыларға қосымша білім алу бағдарламасын іске асыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі заманға сай ауылды дамыту, оған жоғары мәдениетті енгізу --- ауыл мектебінде жұмыс істеуге келген маман үшін алғашқы міндет болып табылады.

Әрбір жеке тұлға әлемдік және ұлттық мәдениеттен сусындауы қажет. Әрбір мәдениеттің де ұлттық құнардың уызына қанып, дүниежүзілік құндылықтардан нәр алуы аса маңызды. Осыдан барып білім беру жүйесінің мәдениеттерінің өзара кірігуі мен бірін-бірі байытуы, жеке тұлғаның әлемдік және ұлттық мәдениет жүйесіне бойлауын қамтамасыз етеді.

“Ауыл мектебі” бағдарламасынан


Ауылдық жерде балалар мен жасөспірімдердің бос уақыты мен демалысын ұйымдастыру, балалар қозғалысын дамыту, кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтарды, қылмыстар мен қадағалаусыздықты ескерту және алдын алу ауылда қосымша білім беруді талап етіп отыр.

Ауыл педагогтарына көмек ретінде тәрбие мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу, озық педагогикалық тәжірибені қорыту және тарату, оны ауыл мектептерінің практикасына белсенді енгізу қажет.

Жалпы білім беретін мектептер мен мектептен тыс ұйымдарды тиісті кадрлармен қамтамасыз ету, бұрын қысқартылған педагог ұйымдастырушылардың, педагог-психологтардың, әдіскерлердің лауазымдарын қалпына келтіру қажет.

Ауылда қосымша білім беру жүйесі құқықтық, санитарлық ағарту жөніндегі білім беру бағдарламаларына, дағдарысты жағдайда қалған оқушы жастарға психологиялық және педагогикалық қолдау көрсетуге арналған жасөспірімдер мен жастарға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету орталықтарына қатты мұқтаж.

Жасөспірімдердің өзін-өзі тану, интернационализм, қазақстандық патриотизм сезімдерін тәрбиелеу мәселелерінде қоғамдық бірлестіктермен, ұлттық мәдени орталықтармен бірлесіп жұмыс істеуді жандандыру қажет.

Салауатты өмір салтын енгізу, өнегелілік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында балалар мен жасөспірімдерге рухани-адамгершілік тәрбие беру, дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру жөніндегі таңдаулы ауыл мектептерінің тәжірибесін қорыту әрі тарату қажет.


Оқыту мен тәрбиелеудің сапасын арттыру

Іс-шара





Аяқталу нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындалу мерзімі

2003 жыл

2004 жыл

2005 жыл




“Ауыл мектебі” бағдарламасында белгіленген күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге жәрдемдесетін ауылдық мектептерді дамытудың негізгі бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының орындалуын жүзеге асыру

Бұйрық
БҒМ

2003-2005 ж.ж. 1 тоқсан

1,8

1,8

1,8




Аудандық білім беру бөлімдері жанындағы әдістемелік кабинеттердің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету

Әкімдердің шешімі

Облыстардың әкімдері

2003 ж. 1 тоқсан

282,26

282,26

282,26




Ауылда балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдасьтыруды, сауықтыруды және жұмыспен қамтамасыз ету

Әкімдердің шешімі

Облыстардың әкімдері

2003-2005 ж.ж. сәуір

135

135

135




Жасөспірімдер мен жастарға консультациялар беруді жүзеге асыру үшін емдеу-сауықтыру мекемелерінің жанынанконсултациялық пункттер ашу

Әкімдердің шешімі,бұйрық

Облыстардың әкімдері

ДСМ


2003 ж.1 тоқсан

53

50,94

50,94




Құқық қорғау органдарымен және ауылдық білім беру ұйымдарының басшыларымен бірлесіп, құқық бұзушылық пен балалар қауіпсіздігінің алдын-алу мәселелері бойынша жұмыс жүргізу

ҚР Үкіметіне есеп

2003-2005 ж.ж. қаңтар- шілде

51,42

51,42

51,42

51,42




Балалар, жастар тақырыбы бойынша жаңа теле-радио хабарларын жасау

Бұйрық, әкімдердің шешімі

БҒМ

Облыстардың әкімдері



1 тоқсан жыл сайын

2,1

2,1

2,1




Балаларға арналған үздік музыкалық шығармаларғ, кинофильмдерге ,әндерге балалардың көркем әдебиетіне конкурстар өткізу

ББ

Әкімдердің шешімі



МҚ

КМ

БҒМ



Обл. әкімдері

Тұрақты

1,9

1,9

1,9




Дін ұстану бостандығы құқықтар, сондай-ақ діни экстремизмге қарсы күресті насихаттау жөніндегі мәселелердің БАҚ жариялануын қамтамасыз ету

БАҚ-тарға жарияланымдар

МАҚКМ Обл. әкімдері

Тұрақты

7,15

7,15

7,15




Ауылдық жалпы білім беретінмектептерде кәсіптік бағдарлау кабинеттерін ашу, мектепаралық оқу-өндірістік комбинаттарды қалпына келтіру

Әкімдердің шешімдері

Обл. әкімдері

Қаңтар, жыл сайын

65

60,2

59,2




Ауылдық мектептерде бейіндік еңбекке баулуға және кәсіптік даярлыққа дейінгі оқытуды жүзеге асыруға жағдайды қамтамасыз ету

Әкімдердің шешімі

Обл. әкімдері

Қаңтар жыл сайын

85

84,9

84,8





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет