1. Кіріспе Орталық жүйке жүйесі



Дата13.12.2021
өлшемі0,91 Mb.
#126084
Байланысты:
физиология кейс



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ




КЕЙС
Тақырыбы:


Орындағандар: Саурбек Мақсат

Тобы: ЕП-20-2К

Қабылдаған: Рахымбердиева Ж.Ш.


Шымкент, 2021ж.


Жоспар:




1. Кіріспе

2. Орталық жүйке жүйесі

3. Орталық жүйке жүйесінің құрылымы

4. Ми және оның бөлімдері


Қосымшалар:

  1. Глоссарий

  2. Сөзжұмбақ

  3. Ребус

  4. Тест сұрақтары

Әдебиеттер тізімі

Орталық жүйке жүйесі

Жүйке жүйесі тұтас ағзаны байланыстырып,тіршілік кызметін реттеп отырады.Жүйке жүйесі орталық жүйке жүйесі және шеткі жүйке жүйесі болып бөлінеді.





Орталық жүйке жүйесі дегеніміз - нейрондардын жиынтығын айтады. Орталық жүйке жүйесі денедегі барлық мүшелермен, физиологиялық жүйелер қызметін,зат алмасуын реттеп отырады,әрекеттер мен процестерді сыртқы орта кұбылыстарына бейімдеп,тіршіліктің белгілі бір бағытта өтуін қамтамасыз етеді.Орталық жүйке жүйесіне ми және жұлын жатады.Ми мен жұлынды кескенде,оның ақ және сұр заттан тұратынын көруге болады.Сұр зат жүйке клеткаларынан,ал ақ зат миелин кабығымен қапталған жүйке талшықтарынан тұрады.

Шеткі нерв жүйесі миды, жұлынды дене органдары, тканьдерімен байланыстырады.Шеткі жүйке жүйесі (перифериялық) дәнекер кабықпен капталган жүйке талшықтарының шоғырынан түзілген.Оған жүйке түйіндері мен гангли жатады.Нейрон - ол жүйке жасушасы.Нейрон арасын нейороглия толтырады.Нейрондар пiшiнi мен көлемi жағынан әр түрлі. Ол дене және денеден шығатын өсінділерден тұрады. Нейронның ұзын өсіндісін аксон деп, ал қысқа тармақталган талшығын дендрит дейдi. Аксоннын нейрон денесiнен басталатын жерiн аксон төмпешігі дейді. Сезімтал нейронның шеткей орналасқан аксонның ұшында рецептор (қабылдауыш) болады. Ал орталық жүйке жүйесіндегі жүйке талшығының ұшы жуандап бүршікке ұқсайды. Нейрондардын осындай ұштары бір-бірімен түйісіп синапс құрайды. Қозу серпiнiсiн рецептордан жүйке орталығына бағыттап өткізетін жүйке талшығы сезімтал (афференттік), ал орталықтан қозуды шеткі мүшелерге жеткiзушi талшықты қозғалтқыш (эфференттік), сезімтал жүйке мен қозғалтқыш жүйке жалғастыратын жүйкенi аралық жүйке деп атайды. Жүйке талшықтарының майлы жұмсақ қабықтарының болу-болмауына байланысты миелиндi және миелинсiз деп ажыратады. Нейроглия нейрон аралығын толтырып жататын жасушалар, нейрондарға қаннан қорек заттарын алып, зат алмасу өнiмдерiн нейрондардан қанға өткізеді, сұйықтықтың иондық құрамын, медиаторлар мен судың деңгейiн бiр қалыпта сақтап нерон тiршiлiгiне қажетті жағдай жасайды. Тармақтарының санына қарай нейронның бірнеше түрлерге бөледі: көп тармақты нейрон- мультиполярлы, қос тармақты нейрон- биполярлы, бір тармақты нейрон- униполярлы. Атқаратын қызметтеріне қарай нейронды бiрнешеге бөледi:сезiмтал, қозғалтқыш, аралық, тежеуші нейрондар.

Нейрондар барлық клеткалар сияқты iшкi және сыртқы орта факторларынын әсеріне тітіркенгіш келедi, яғни тыныштық күйден әрекет күйіне көшеді.Нейронның тітіркендіргіші баска нейрондардан немесе рецепторлардан келетін жүйке импульстары болып келеді. Тітіркендіргіштердің табиғатына қарай бірнеше түрлері бар: механикалық, температуралық, электрлік, химиялық.Қозу дегенiмiз организмнiң сыртқы ортаның тітіркендіргішін қабылдап, оған күшті қозу арқылы жауап беру қасиетін айтады. Тірі ағзада ұлпаларды 2 бөледі: қозғыш ұлпалар (жүйке, бұлшықет, секреторлы жасушалар), қозбайтын ұлпалар (шеміршек, дәнекер ұлпасы, тері эпителиі). Тітіркендіру әсерінен қозғыш ұлпаларда қозу процесі туады. Бір жасушадан екінші жасушаға қозу тек бір бағытта ғана жүредi, аксоннан жасуша денесіне және басқа нейронның дендритіне.



Синапс - өзара жүйке жасушалары не жүйкемен шеттегі қызмет жасушасы (эффектор) туйіскен жерінде серпiнiстi өткiзетiн арнайы орын. Синапс ұғымын физиология ғылымына енгізген ағылшын ғалымы Ч.Шерингтон болатын.Бір нейрон денесіндегі синапстар саны 100 немесе оданда көп болады. Синапс құрылымы күрделі, ол екі мембранадан түзілген:пресинапстық және постсинапстық,аралығында синапс саңылауы болады. Синапс түрлері: нейронаралық, ет-жүйкелік. Жүйке талшығының ұшы синапс кұрар алдында кеңейiп жуандап гүл шоғырына немесе бұтақ бүршігіне ұксайды, жүйке бүршігінде медиаторлар болады. Қозу процесі пресинапстық мембранадан постсинапстық мембранаға жүйке ұшынан бөлінетін химиялық зат медиаторлардың қатысуымен өтеді. Постсинапстық мембранада медиатормен әрекеттесетін арнайы белок-рецептор орналасқан. Синапс медиаторы ацетилхолин болса, оның постсинапстық рецепторы - холинрецептор болады. Рефлекс - орталық жүйке жүйесінің қатысуымен ағзаның сыртқы және ішкі тітіркендіргіштеріне беретін күрделі жауабы. Рефлекс сөзін тұңғыш қолданған француз ғалымы Рене Декард (1664), оған ғылыми сипаттама берген чех ғалымы Прохаска (1817), рефлекс теориясын пайымдаған орыс ғалымдары И.М.Сеченов, И.П.Павлов, П.К.Анохин. Организмнiң рефлекторлық әрекетiнiң арқасында организм сыртқы және ішкі ортанық түрлi езгерiстерiне жауап береді. Рефлекстiң морфологиялық негізі рефлекторлық доға, яғни қозуды рецептордан жүйке орталығына, одан шеткі ағзаға жеткізетін жол. Рефлекстік доға бүтін болған жағдайда ғана рефлекс қызметін атқарады, яғни доғаның бүтіндігі бұзылса рефлекс бір жола жоғалып кетеді. Биологиялық бағыттануы бойынша рефлекс түрлері: қорғану, қоректік, жыныстық және ұрпағына қамқорлық, бағдарлау немесе зерттеу, И.П.Павлов бойынша "Бұл не?" рефлексi, ол жаңа, бұған дейін кездеспеген тітіркендіргішке жауап ретінде пайда болады.

Орталық жүйке жүйесiнiң ең көрнекті және манызды қызметтерінің бірі рефлекстерді келістіру, үйлестіру, координациялау болып табылады. Орталық жүйке жүйесiнiн бөлімдері - жұлын және ми. Жұлын омыртқа бағанының каналында орналасқан. Жұлын сұр және ақ заттан тұрады. Сұр зат рефлекстік қызмет атқарса, ақ зат қозуды өткізеді. Жұлында дене (құрсақ), аяқ-қол және мойын бұлшықеттерiнiң рефлекторлы орталықтары орналасқан, олардың катысуымен бұлшықеттердiң жиырылуы (тізе, ахиллов рефлексі), созылу рефлекстерi, бүгу рефлекстер орналасқан. Мысалы, дәрет жiберу және дефекация, аталық жыныс мүшелерінің әрекеті, асқорыту бездерінің бөлiнуi, асқорыту жолдарының кимылының қызметін реттейтін орталықтары жұлында орналасқан. Ми әрқайсысы жарты шарға ұқсас қос ми сыңарынан, мишық пен ми бағанынан тұрады.

Вегетативті жүйке жүйесі ішкі мүшелер қызметін сыртқы және ішкі әсерiне бейiмдеп, реттеп отырады. Вегетативті жүйке жүйесi симпатикалық және парасимпатикалық жүйкелері болады. Парасимпатикалық және симпатикалық жүйкелер мүшелеріне қарама-қарсы әсер етеді. Мысалы, симпатикалық жүйке жүректiң соғуын жиiлетiп, күшейтсе, парасимпатикалық жүйке керiсiнше оны сиретіп,әлсіретеді.

Вегетативті жүйке жүйесі орталықтағы басқа бөлімдерімен бірлесіп, адамның көніл күйiн, (эмоция) қалыптастыруға қатысады. Симпатикалық жүйке жүйесі қозса, қанда эмоция гормоны - адреналин көбейеді.

Ми баста бассүйек қуысында орналасады. Ол мынадай бөлімдерден тұрады: сопақша ми, ми көпірі, мишық, ортаңғы ми, аралық ми және үлкен ми сыңарлары.

Жұлындағы сияқты мида ақ және сұр заттар болады. Ақ заттан өткізгіш жолдар түзіледі. Олар миді жұлынмен, сондай-ақ ми бөліктерін өзара байланыстырып тұрады. Өткізгіш жолдардың арқасында бүкіл орталық жүйке жүйесі біртұтас қызмет атқарады. Сұр зат өз алдында шоғырланып, ақ затқа ядролар түрінде орналасады. Мұнымен қатар сұр зат ми сыңарларымен мишықты қаптап, ми қыртысын түзеді.

Сопақша ми мен көпір жұлынның жалғасы болып табылады, олар рефлекстік және өткізгіштік қызмет атқарады.

Сопақша ми мен көпірдің ядросы ас қорыту, тыныс алу, жүрек қызметін және басқа процестерді реттейді, сондықтан сопақша ми мен көпірдің зақымдалуы өмірге қауіпті. Шайнау, жұту, ему процестерінің реттелуі, сондай-ақ құсу, түшкіру, жөтелу сияқты қорғаныш рефлекстері мидың осындай бөлімдерінің қызметіне байланысты болады.

Сопақша мидің үстіңгі жағына мишық орналасады. Оның беті сұр зат - қыртыстан тұрады, қыртыстың астындағы ақ затта ядро болады. Мишық орталық жүйке жүйесінің көптеген бөлімдерімен байланысады.

Мишық адамның қимыл әрекетін реттейді. Оның қалыпты қызметі бұзылса, адам дәл үйлесімді қимылынан айырылып, дененің тепе-теңдігін сақтай алмайды. Мұндай адамдар, мысалы, иненің көзінен жіп өткізе алмайды, олар мас адамдарша теңселіп жүреді, жүргенде қол-аяғы сермеп, ебедейсіз қимыл жасайды.

Ортаңғы мида ядролар орналасады, олар қаңқа бұлшық еттеріне үнемі жүйке импульстарын жіберіп, олардың шыриғып тұруын - тонусын сақтауға мүмкіндік береді. Көру және дыбыс тітіркенуін қабылдайтын бағдарлау рефлекстерінің рефлекс доғалары ортаңғы ми арқылы өтеді. Бағдарлау рефлекстері бас пен денені тітіркендіргішке қарай бұрудан бөлінеді.

Сопақша ми, көпір және ортаңғы мидан ми бағаны түзіледі. Одан 12 жұп бассүйек - ми жүйкелері таралады. Нервтер миды баста орналасқан сезім мүшелерімен, бұлшықеттер мен бездермен байланыстырады.

Нервтердің бір жұбы - кез келген жүйке миды ішкі мүшелер - жүрек, өкпе, қарын, ішектермен және т.б байланыстырады.



Ми бассүйектің ми сауытының ішінде жатады. Мидың орташа салмағы шамамен 1300-1400 г. Салмағы бұл көрсетілгеннен көбірек болатын адамдар да кездеседі. Адамның дарындылығы мен ақылдылығы мидың салмағына байланысты емес. Ми 20 жасқа дейін дамиды. Оны бұлшықеттер тәрізді «жаттықтыруға» болады. Ойлау жүктемесін оқу арқылы үнемі жетілдіру нәтижесінде нейтрондар жүктемесі өседі де қысқа өскіндер көбірек қалыптасады, сөйтіп олар тармақтала түседі. Тұрақты шұғылдану нәтижесінде есте сақтау, назар аудару, ойлау, көз алдына елестету және басқа да жоғары жүйке қызметінің үдерістері жетіле түседі.

Глоссарий

Аккомадация - организмдегі ағзалардың турлі тітіркендіргіштердің күшіне біртіндеп беймделуі, жаттығуы

Альтерация – Ұлпалардың кейбір нәрселерден зақымдануынан оның қызметінің өзгеруін білдіретін термин

Анаболизм – организмде зат алмасудың арта түсуі

Анестезия – жансыздану. Ағзаға операция жасау үшін жалпы немесе белгілі бір мүшенің жүйкелерін тежеу

Анализаторлар – ішкі немесе сыртқы тітіркенгішті қабылдап өткізу және келген қозуды анықтап – талдап, оны қайтадан эффекторға жеткізу жүйесі

Анализ – анықтап талдау

Анабиоз – сыртқы ртаның қолайсыздығы туғанда ағзаның тіршілік белгілерін уақытша тоқтатуы

Афференттік – шеткі ағзаның қозуын орталыққа жеткізу

Атропин - өсімдіктерден алынатын зат және парасимпатикотроптық заттар қатарына жатады.

Ахилия – асқазан сөлінің өте аз мөлшерде бөлінуі немесе тіптен тоқтатылуы

Ацидоз – қанның тұрақты сілтісінің өзгеруі немесе төмендеуі

Аэрация – су немесе басқа сұйықтықты оттегіне қанықтыру

Барокамера – тұйық бөлме, онда ішіндегі ауа қысымын, жылылықты, ылғалдылықты және газ құрамын қолмен өзгертуге болады

Барорецептор – қысымды қабылдаушы рецептор

Билирубин - өттің бояуы. Эритроцит бұзылғанда ондағы гемоглобиннен пайда болады

Бинауральды есту – екі құлақпен бірдей есту

Биопсия – малдың не адамның денесінен өте кішкентай мөлшерде ет кесіп алу

Блефароспазм – көзқабығының шеңберлібұлшық еттерінің құрысып жиырылуы

Брадикардия – жүрек соғысының төмендеп (баяулап) кетуі

Ваготонин – ұйқы безінде пайда болатын белсенді зат

Вазодилататорлар – қан тамырларын кеңейтетін жүйкелер

Вазопрессин – гипофиздің артқы бөлігінен шығатын гормон

Вальвулография – жүрек қақпақтарының күйін, жұмысын ультра жұмыс арқылы жазу

Венотомия –венотомия, көк тамырды ашу, венаны кесу, қию

Вена синусы – жоғарғы және төменгі қуысты веналардың оң жақ жүрекшеге қан құятын жеріндегі кеңйген қойнауы

Виварий – түрлі майда зертханалық жануарларды ұстайтын орын

Гальванометр - өте әлсіз электр тогын өлшейтін, өте сезгіш құрал

Гематология – қан туралы ілім

Гастрон – асқазанда тұз қышқылын тежейтін зат

Гастроэнтеростомия – жіңішке ішекті асқазанмен біріктіріп жалғастыру

Гемодинамика – қанның қан тамырларында жүруін зерттейтін ғылым

Гемометр – қандағы гемоглобинді өлшейтін құрал

Диплопия – бір заттың көзге қосарланып көрінуі

Дальтонизм- түсті ажырата алмау

Децеребрация – миы бұзылған. Мидың сабауына операция жасауды айтады

Диоптрия – көздің оптиқалық жүйесіндегі сәулені сындыру күші

Зоб – қалқанша безінің өсіп үлкейіп кетуі

Изохронизм – қозудың жүйкеден бұлшық етке өтуі үшін жүйке мен бұлшық еттің хронаксиясының біртүрлі болуы

Иммунитет – ағзаның белгілі бір жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті

Иррадиация – орталық жүйке жүйесі арқылы қозудың дененің барлық жеріне таралуы

Катакрота – катакрота, пульстің – тамыр соғуының төмендеу кезеңі

Калориметр – белгілі уақыт ішінде пайда болған қуатты (жылылықты) өлшейтін құрал

Катаболизм – ағзадағы заттардың майдалануы

Катаракта – көз бұршағының қарауытуы

Кимограмма – кимограф арқылы жазылып алынған сызық – жазулар

Лактация – сүт безінен сүттің шығуы

Летаргия - ұзақ ұйқы

Латенттілік – жасырын, білінбейтін. Кейбір реакцияның немесе ауру түрінің жасырын немесе білінбей, сезілмей өтетін кезі.

Лабильность – мүмкіндік, мүмкіндігі

Ликвор – ми – жұлын сұйықтығы

Миоглобин – бұлшық етттердің гемоглобині

Миелин – жұмсақ, былжыр зат, жүйке талшығын қаптап жатады

Медуллин- бүйректің жұмсақ қабатынан шығатын зат. Ол липид тектес, қантамырын кеңейтетін заттарға жатады

Нефрон – қаннан зәрді бөліп шығаратын бүйректің күрделі құрылысты жасушасы

Норадреналин – бүйрек безінің жұмсақ қабатынан бөлінетін гормон

Пульс амплитудасы – пульс тербелісінің ұзындығы, жүрек соғуына байланысты артериялық қабырғаның керіліп – тарылуынан пайда болатын тербеліс

Окклюзия – бітеліп қалу

Хроноксия – нерв талшығын қоздыруға қажетті белгілі электр күшінің ең кіші, аз уақыты.


Тест сұрақтары

Жүйке жүйесінің атқаратын қызметі:

А. Қоректік заттарды тасымалдайды.

Ә. Гуморальдік реттелуді жүзеге асырады.

Б. Ағзаны сыртқы ортамен байланыстырады.

В. Мүшелерді қорекпен қамтамасыз етеді.

2. Жүйке жүйесі жүйке жасушасынан тұрады, ол қалай аталады?

А. Аксон


Ә. Нейрон

Б. Дендрит

В. Медиатор

3. Атқаратын қызметі бойынша жүйке жүйесі бөлінеді:

А. Соматикалық және вегетативтік (автономиялық)

Ә. Симпатикалық және парасимпатикалық

Б. Орталық және симпатикалық

В. Шеткі және соматикалық

4. Жүйке жасушасының ұзын өсіндісі:

А. Шоқтар

Б. Талшық

Ә. Аксон


В. Дендрит

5. Сұр зат неден құралған?

А. Нейрон денелерінің жиынтығы

Б. Нейронның ұзын өсінділерінің жиынтығы

Ә. Жүйке талшықтары

В. Мидың тамырлы қабықшасы

6. Жүйке – бұл:

А. Орталық жүйке жүйесі маңындағы жүйке талшықтарының шоғы

Ә. Бір нейронның аксоны

Б. Нейрон денелерінің жиынтығы

В. Жұлынның өткізгіш жолы

7. Рецептордың қызметі:

А. Орталық жүйке жүйесінен қозуды жұмыс істеген мүшеге өткізеді

Ә. Тітіркендіруді қабылдайды

Б. Қозуды сезгіш нейрондардан қимыл нейрондарына жібереді

В. Қозуды сезгіш нейрондардан қондырмалы нейрондарға жібереді

8. Синапс:

А. Жүйке жасушаларының бір-бірімен немесе ұлпалармен тоғысуы

Ә. Жүйке импульстарының әсерінен бөлінетін зат

Б. Сезімтал жүйке талшықтарының аяқталуы

В. Жасушаның «энергетикалық станциясы»

9. Жүйке жасушасының қасиеті:

А. Қозғыштық және жиырылғыштық

Б. Жиырылғыштық

Ә. Қозғыштық және өткізгіштік

В. Тек қана қозғыштық

10. Рефлекс – бұл:

А. Жүйке қозуының қабылданатын және жұмыс істейтін мүшеге жіберетін рөлі

Ә. Организмнің тітіркенуге жүйке жүйесі арқылы жауап қайтару реакциясы

Б. Қозудың сезгіш нейрондардан қимыл нейрондарына өтуі



В. Қозудың жұмыс істейтін мүшелерге жеткізілуі

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Ж.Д.Демеуов А.М.Бекетаев Б.Я.Байназарова «Мектепке дейінгі балалардың анатомиясы және физиологиясы» 1997ж

  2. Дүйсенбин Қ. Алиакбарова З. «Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы» 2003ж





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет