1. КІРІСПЕ
Пєн туралы қысқаша сипаттама. «Педиатрия нагіздері және балалар гигиенасы» пәнінен студенттер териялық мәліметтер және практикалық дағдыларды игеріп, мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың денсаулығын сақтауға, денесінің дұрыс дамып жетілуіне пайдалана алады. Болашақ мамандар мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың денсаулығының қалыптасуы, оның болашақтағы бүкіл өміріндегі жұмысқа деген қабілетіне, ұзақ өмір сүруіне кепіл бола аладығын меңгереді.
Пєннің мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалар денсаулығы және оны қорғау туралы студенттердің білім ауқымын кеңейту, белгілі бір ғылыми жүеге келтірілген нақты міліметтерді ұсына отырып, аталмыш пән бойынша териялық деректерді өз бетімен оқып – үйренулерін қамтамасыз ету.
Пєннің міндеттері: педиатрия педагогикалық ғылыми білімнің саласы ретіндегі ұғымы туралы, қазіргі кезеңдегі жағдайы мен дамуының бағыттары жайлы білімдерді беру;
Болашақ тәрбиешілердің балалар гигиенасы және педиатрия негіздері курсының негізгі мәселелері мен әлеуметтік маңызын меңгертіп, оны жүзеге асыруларын қамтамасыз ететіндей жағдай туғызу;
Студенттерді мектепке дейінгі ұйым балаларының денсаулығын сақтауға, олардың үйлесімді дамуы мен тәрбиенің дұрыс жолға қойылуын қамтамасыз ететіндей нормативтік құжаттар және ережелермен таныстыру;
Балалардың денсаулығына ықпал ететін қоршаған орта факторларының әсері туралы студентердің білімдерін тереңдету.
Пререквизиттер: жас ерекшелік және педагогикалық психология, жалпы педагогика, патопсихология, жас ерекшелік физиологиясы, невропотология, жалпы және медициналық генетика, арнайы психология т.б.
Постреквизиттер: Арнайы педагогика, балалар психологиясын танып біле отырып, келешек ұрпақтың кейбір кемтарлық жағдайларын түзету, дұрыстау мәселелеріне әсіресе мектепке дейінгі мекемелердің аталған мәселелер бойынша шешілмей жатқан күрделі түзету іс-әрекеттеріне көмек көрсете алады.
Лекция тақырыбы:
Мектепке дейінгі гигиена және педиатрия пәні және міндеттері. Балалардың өсуі және дамуының жалпы заңдылықтары
2. Лекция жоспары:
1. Мектепке дейінгі гигиена және педиатрияның даму тарихы.
2. Мектепке дейінгі балалар гигиенасы және педиятрияның зерттеу әдістері.
3. Даму және өсу процесінің негізгі заңдылықтары.
4. Жас ерекшеліктері кезеңдері
3. Лекция мақсаты: Мектепке дейінгі балалар денсаулығы және оны қорғау туралы студенттердің білім ауқымын кеңейту.Студенттерді мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиеленушілердің денсаулығының сақтауға олардың гармониялық мен дамуы мен тәрбиенің дұрыс жолға қойылуын қамтамасыз ететіндей нормативтік құжаттар және ережелерін үйрету.
4. Лекцияның мазмұны:
Педиатрия негіздері және мектепке дейінгі гигиена пәні ғылымның екі саласын қамтиды: баланың денсаулығын , адам организмінің жеке мүшелері және мүшелер жүйелерінің қызметтерінің жас ерекшеліктер заңдылықтарын,даму жолдарын қарастыратын жасқа байланысты физиология және адамның денсаулығын сақтауға қажетті жағдайларды қарастырып, анықтап, түрлі ұсыныстар жасайтын гигиена ғылымдары.
Бұл пән анатомия, физиология, жалпы және медициналық гигиена, биохимия, биофизика, психология, педагогика, гистология, цитология, генетика, биология т.б.ғылымдардың табыстарына сүйенеді. Педиатрия негіздері және мектепке дейінгі гигиена пәнінің міндеттері:
1. Педагогтарға қажетті балалар анатомиялық, физиологиялық ерекшеліктерін үйрету.
2.Өсу мен дамудың негізгі биологиялық заңдылықтары туралы дұрыс түсінікті қалыптастыру
3.Оқыту және тәрбиелеу жұмыстарында маңызды орын алатын шартты рефлекстердің негізімен таныстыру.
4.Сезім, қабылдау, түйсік, ес, ойлану, сана-сезім, сөйлеу, көңіл күй(эмоция) іспетті функциялардың физиологиялық негіздерін түсіндіру.
5. Болашақ мамандарды балалар мен жастардың, жалпы адам организмінің жас ерекшеліктерін
іс жүзінде пайдалана білуге үйрету
Педиатрия негіздері және мектепке дейінгі гигиена пәні педагогика ғылымымен байланысты, себебі педогогика жүйке жүйесінің әрекетінің заңдарына сүйене отырып, оқу-тәрбие жұмыстарын ғылыми негізде іске асырады.
Көне Греция мен Рим империясындағы дәрігерлердің адам құрылымын, қызметін зерттеуден басталған бұл ғылымға 19-20 ғасырларда орыс ғалымдары И.П.Сеченов пен И.П. Павлов өз үлестерін қосты. Қазақстанда организм анатомиясын зерттеуде Ф.М.Мұхаметқалиев, А.Р.Рақышев физиологияның қалыптасуында 1938 жылдан бастап проф. А.П.Полосухиннен бастап академик Н.О.Базенова мен шәкірттері және проф.Қ.Е.Рымжановтар үлестерін қосты.
Гигиена ғылымының бір саласы – мектепке дейінгі гигиенасы. Гигиена адам денсаулығына қажетті сыртқы ортаның жағдайларын және аурудың алдын алуға бағытталған шараларды зерттейді. Қазақстанда гигиена ғылымының негізін қалаған проф. Б. А. Атшабаров пен академик Т. Ш. Шарманов.
Мектепке дейінгі балалар гигиенасы және педиятрияның зерттеу әдістері
1 Бақылау – сыртқы ортаны танудағы негізгі әдістеме, барлық ғылым салаларында кеңінен пайдаланылады, бірақ басқа әдістерден бөлек талдауға болмайды.
2 Табиғи тәжірибе – байқау мен лабораториялық эксперименттің аралық түрі. Тәжірибе қалыпты (табиғи) жағдайда қолданылады.
3 Лабораториялық тәжірибе – зерттеу тәжірибесі арнайы жағдайда жүргізіледі. Жағдай өзгерту арқылы қызметінің өзгеруін анықтайды.
4 Функциалық жүктеме немесе сынау әдісі – организм мүшелерінің қызметін жүктеме беру арқылы өзгертіп, анықтайды.
5 Телеметрия – радиотехника аспаптары арқылы организмді қашықтан анықтау.
6 Антропометрия – дененің физикалық көрсеткіштерін өлшеу әдісі. Баланың бойын, кеуде шеңберін дене салмағын өлшейді. Бойы мен кеуде шеңбері дем алғанда, дем шығарғанда, тыныштық кезде өлшенеді. Дене салмағы таңертең ұйқыдан тұрғанда, тамаққа дейін өлшенеді.
Өсу мен даму.
Организмдегі клеткалардың саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің артуын өсу деп атайды. Негізгі үш көрсеткіш бойынша :бойы, салмағы, кеуде шеңбері. Организмнің дамуы сан көрсеткіштерінің сапалық көрсеткіштерге айналып, ұлпалардың жекешеленіп белгілі қызмет атқаруға бейімденуін, организм мен жеке мүшелер қызметінің артуын, ақыл-ой өрістерінің молаюын айтады. Организмнің дамуының 2 түрі болады.
1. Физикалық даму көрсеткіштері барлық мүшелерге бірдей: мүшенің ұзындығы, ені, тереңдігі, көлемі, аумағы, салмағы, орны.
2. Функциялық даму – мүшенің атқаратын қызметіне байланысты.
Адам өмірінің 3 кезеңі бар: өсіп даму жетілу; кемелдену; қартаю.
Олардың айырмашылығы дене көрсеткіштерінде және даму дәрежесінде.
Кәмелетке келу (дамып жетілу) – жыныстық жетілу және ұрпақ жалғастыру қабілеттілігінің пайда болуы сонымен бірге әлеуметтік қызмет атқару, еңбек ету. Жыныстық жетілу қыздарда 11-12 жаста, ұлдарда 13-14 жаста, қыз 16-18, ұл 18-20 жаста жетіледі.
Өсу мен даму заңдылықтары
1 Өсу мен даму гетерохронды болады, үнемі біркелкі емес.
2 Мүшелер мен жүйелер өсу мен даму қарқыны әртүрлі.
3 Өсу мен даму баланың жынысына байланысты.
4 Функциялық мүшелер жүйелері мен мүшелердің қызметтерінің биологиялық беріктігі немесе мықты болуы.
5 Өсу мен даму тұқым қуалау қасиеттері мен сыртқы орта жағдайларына тәуелділігі.
6 Өсу мен даму акселерациясы.
Өсу мен даму гетерехрондылығы (гетерос - әртүрлі, хронос – уақыт) жыл мезгілінде, әр кезеңде әртүрлі. Өсу қарқыны өмірде
3 рет күшейеді:
1) туғаннан 3 жасқа дейін
2) 3-7 жас арасында
3)жыныстық жетілу кезеңінде
Өсу мен даму сыртқы белгісі – дене пропорциясының өзгеруі – адамның бойының тұла бойы мен аяқтарының ұзындығына қатынасы.
Дене пропорциясы 1 жасқа дейін:
баланың басының ұзындығы . тұла бой ұзындығы. аяқ ұзындығы
1 жаста: 1:4 2:4 1:4
2 жаста 1:5 2:5 2:5
6 жаста 1:6 2:6 3:6
7 жаста 1:7 3:7 3:7
12 жаста 1:8 3:8, 4:8.
Өсу мен дамуға сыртқы орта жағдайы негізгі тұқым қуалайтын заңдылықтардан асып кете алмайды.
Өсу мен даму акселерациясы деп балалардың белгілі бір жас мерзімінде олардың ата – аналарының сол жасындағы денесінен ірі болып, ерте жетілуін айтады. Өсу мен даму акселерациясын анықтау үшін баланың нақтылы бір жас мерзімін алып оның көрсеткіштерін ата-анасының сол жастағы көрсеткіштерімен немесе сол жерде бұрын өмір сүрген балалардың орта көрсеткіштерімен салыстырады. Өсу мен даму акселерациясы белгілері:
жаңа туған нәрестенің ірі болуы
белгілі бір жас мерзімінде денесінің ірі болуы
ерте жыныстық жетілу
бала сүйегінің ерте қатаюы
бой өсуінің ерте тоқтауы.
Адам жасының кезеңдері.
Адам жасының кезеңдері деп өсу мен дамуы ұқсас физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерінің шегін айтады.
1965 ж Мәскеуде болған дүниежүзілік жас кезеңдерінің жиналысында оны 12-ге бөлді:
1. жаңа туған сәби (алғашқы 10 күн)
2. емшектегі сәби (10 күн 1 жас)
3. алғашқы балалық шақ (1-3 жас)
4. бірінші балалық шақ (4-7 жас)
5. 2-ші балалық шақ (қыз 8-11, ұл 8-12)
6. жеткіншек немесе жас өспірім (қыз 12-15, ұл 13-16)
7. кәмілеттік немесе жігіттік бойжеткендік (қыз 16-20, ұл 17-21)
8. кемелге келу немесе ересектік мерзімнің бірінші жартысы (21-35 әйел, 22-35 ер)
9. ересектік мерзімнің екінші жартысы (36-55 әйел, 36-60 ер)
10. егде жас (әйел 55-74, ер 60-74)
11. қариялар (74-90)
12. ұзақ өмір сүрушілер (90-нан асқандар).
Достарыңызбен бөлісу: |