Науқас 32 жаста, қоңыр түсті қақырық бөлінуімен жөтелге, оң жақ бүйіріндегі ауырсынуға, қалтырауға, дене температурасының 39оС- дейін жоғарлауына, ентігуге шағымданады. Жедел ауырған, суықтаумен байланыстырады. Айқын ентігу анықталады, кеуде қуысының зақымданған бөлігі дем алу актісінен қалады. Жағдайы ауыр дәрежеде. ТАЖ- 40 рет/мин. Перкуссияда оң жақта 4 қабырғаның алдында және жауырын артында перкуторлық дыбыс тұйықталған, бронхиальді тыныс, бронхофония күшейген. Пульс - 96 рет/ мин. АҚ - 90/60 мм с.б.б. Температура - 38.8оС. Қанда лейкоциттер 19,2 х109/л, ЭТЖ- 31 мм/сағ.