ҚАРАҒАНДЫ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
КЛИНИКАЛЫҚ ФАРМАКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ДӘЛЕЛДІ МЕДИЦИНА КАФЕДРАСЫ
ӨСӨЖ: Тыныс алу жүйесі
Орындаған: Айтубай Аружан
Тобы: 3-010 Жалпы Медицина
№ 8 НҰСҚА
Ауруханаға ауыр тұншығу, цианоз және қоңыраулы тыныс алумен жеткізілді. Анығы, науқас таулы жерден жеткізілген. Шағымы: кенеттен ауа жетпеу сезімімен, жөтел (алдымен құрғақ, одан соң қақырықтың бөлінуімен), кейін-көпіршікті қақырық.
АҚ – 205/50, ЧСС – 106.
1 - сұрақ. Қандай препарат, антигипертензивті және вазодилятирлеуші белсенділікке ие, сіз өкпе ісігінің жоғары өрлеуін қолданасыз? Неге?
Жауабы: Строфантин препараты антигипертензивті және вазодилятаторлы белсенділікке ие, өкпе ісігінің жоғары өрлеуі кезінде қолданылады.
Себебі: жүрек жеткіліксіздігі кезінде строфатин жүректің соғуы пен минуттық көлемін айтарлықтай арттырады, веноздық тоқырауды (застой) азайтады. Одан кейін, веноздық қысым төмендеп, ісіну бірте-бірте жоғалады. Сонымен қатар, бұл препарат диурезді арттырады. Ал диурездің жоғарылауы денеден артық сұйықтықты шығаруға көмектеседі. Гемодинамикалық жағдайларды жеңілдетеді, жақсартады, өйткені айналымдағы қан көлемінің төмендеуіне байланысты жүрекке жүктеме азаяды. Сонымен қатар, тіндердің ісінуі азаяды немесе толығымен жоғалады десекте болады. Строфантин - көктамыр ішіне енгізіледі және 2 мин ішінде әсер етеді.
2 - сұрақ. Тахикардияны шақырмау үшін көрсетілген препаратты Сіз қалай енгізесіз? Жоғарыда көрсетілген препарат қандай кері әсер шақырады?
Жауабы: Тахикардияны шақырмау үшін аталған препараттың дозасын 2-3 көктамырішілік инъекцияға бөлуге болады немесе дозалардың біріншісін бұлшықетішілік енгізеді. Егер науқасқа бұрын тағы басқа жүрек гликозидтері тағайындалған болса, онда строфантинді көктамырішілік енгізер алдында үзіліс жасау керек, 5-24 күн . Себебі, алдыңғы препараттың жинақталған әсерлерінің ауырлығына байланысты.
Жоғарыда көрсетілген препараттың кері әсерлері:
Асқазан-ішек жол жағынан: тәбеттің болмауы, жүрек айнуы, құсу, диарея.
Жүрек-тамыр жүйесі жағынан: қарыншалық аритмия, брадикардия, атриовентрикулярлық блокада.
Жүйке жүйесінен: бас ауруы, бас айналу, әлсіздік, галлюцинация, ұйқының бұзылуы, шаршау, сирек - түс көруінің бұзылуы, депрессия, психоз.
Қосымша: аллергиялық реакциялар, есекжем, тромбоцитопения, тромбоцитопениялық пурпура, мұрыннан қан кету, петехия, гинекомастия, көрудің бұзылуы.
3 - сұрақ. Солжаққарынша жетіспеушілігін түзету үшін Сіз қандай препарат тағайындайсыз?
Жауабы: Сол жақ қарынша жетіспеушілігін түзету үшін изосорбид динитратын тағайындай аламыз. Изосорбид динитратының әсері негізінен:
- алдын ала жүктеменің төмендеуіне (перифериялық веналардың кеңеюі және оң жақ жүрекшеде қан ағымының төмендеуі);
- кейінгі жүктеменің (перифериялық тамырлар кедергісінің төмендеуі) байланысты;
- миокардтың оттегіге сұранысының төмендеуімен, сонымен қатар тікелей коронарлық кеңею әсерімен байланысты болып келеді. Қанмен қамтамасыз етілуі төмендеген жерлерде коронарлық қан ағымының қайта бөлінуіне ықпал етеді. Жүрек жеткіліксіздігінде ол алдын ала жүктемені азайту арқылы миокардты босатуға көмектеседі. Өкпе қан айналымындағы қысымды төмендетеді.
4 - сұрақ. Сәйкестікті таңдаңыз: - тыныс алу жетіспеушілігі терапиясы кезіндегі препарат және солжаққарынша жетіспеушілігіне байланысты оның басқа препараттармен рационалды комбинациясы.
Препараттар:
Левосимендан
Каптоприл
Этакрин қышқылы
Строфантин
Рационалды комбинация:
1. Морфин
2. Уропедил
3. Изосорбид динитрат
4. Дигоксин
5. Маннитол
6. Добутамин
7. Кислород
8. Этил спирті
9. Нитроглицерин
10. Гепарин
5 - сұрақ. 4 сұрақтың препараттарына рецепт жазыңыз (әріппен көрсетілген).
Жауабы:
А) Recipe: Solutionis Levosimendani 0,25% - 10 ml
D.t.d. № 1
Da Signa: көктамырішілік енгізу.
В) Recipe: Tabulettas «Captopril» 0,25
D.t.d. № 20 in tabulettis
Da Signa: 1 таблеткадан күніне 3 рет, тамақ қабылдардан бұрын 1 сағат алдын
қабылдау.
С) Recipe: Acidi etacrynici 0,05
D.t.d: № 20 in tabulettis
Da Signa: таңертең күніне 1-2 таблеткадан 1 рет, таңғы астан кейін.
D) Recipe: Solutionis «Strophanthin K» 0,25 mg/ml -1 ml
D.t.d. № 1 in ampullis
Da Signa: алдын ала 20% - 10-20мл глюкоза ерітіндісінде ерітіп, тәулігіне 1
ампуладан 1 рет, көктамырішілік баяу енгізу.
Достарыңызбен бөлісу: |