Фармакотерапиялық тобы: диареяға қарсы микроорганизмдер. ATX коды: A07FA01.
Фармакологиялық қасиеттері: Препарат құрамында табиғи микрофлораның қалыпты құрамдас бөлігі болып табылатын тірі лиофилизацияланған сүт қышқылды бактериялар бар және стафилококктарды, энтеропатогенді ішек таяқшаларын, протеяларды, шигеллаларды қоса алғанда, патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдерге қатысты жоғары антагонистік белсенділікке ие, бұл препарат бұзылған кезде бактериоценозды қолдауға және қалпына келтіруге қатысты әсерін айқындайды. Препарат жергілікті әсер етеді. Лактобактериялар сүт қышқылы мен басқа да өмірлік маңызды өнімдерді шығарады, қышқыл орта жасайды, ас қорытуды және жергілікті иммунитетті қалыпқа келтіруге ықпал етеді. Қолдану көрсеткіштері
Препаратты ересектер мен балалар профилактика үшін, сондай-ақ қалыпты микрофлора теңгерімінің бұзылуымен қатар жүретін жағдайларды кешенді емдеуде көмекші құрал ретінде қолданады.
Асқазан-ішек жолдарының ауруларында:
Микрофлораның бұзылуымен өтетін ішектің жедел және созылмалы қабыну ауруларын кешенді терапияның бөлігі ретінде.
Жіті ішек инфекцияларына шалдыққан адамдарда ішектің микробиологиялық тепе-теңдігін қалпына келтіру үшін.
Бактерияға қарсы немесе сәулелік терапия салдарынан ішек дисфункциясының алдын алу үшін.
Әйел жыныс мүшелерінің аурулары кезінде:
Әйел жыныс саласының спецификалық емес қабыну аурулары кезінде қынап биоценозын қалпына келтіру және босануға дайындық кезінде III-IV дәрежеге дейін вагинальды секреция тазалығы бұзылған жүкті әйелдерде жыныс жолдарын санациялау үшін.
Қарсы көрсеткіштер: препараттың компоненттеріне жоғары сезімталдық
Сахараза/изомальтаза тапшылығы, фруктозаға төзбеушілік, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.
Вульвовагинальды кандидоздарда жергілікті қолдануға қарсы. Вульвовагинальді кандидоздар кезінде препаратты пероральді қолданудың қауіпсіздігі мен емдік тиімділігі клиникалық тұрғыдан зерттелмеген.
Достарыңызбен бөлісу: |