Фармакотерапиялық тобы
Диареяға қарсы биологиялық тектегі препараттар, ол ішек микрофлорасының тепе-теңдігін реттейді.
АТЖ коды АО7FА
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Бактериялық жасушалар ішектің шырышты қабығына адгезияланып, олардың қанға сіңуі болмайтындықтан зерттелмеген.
Фармакодинамикасы
Препараттың емдік әсері жанды бифидобактериялар мен ішек таяқшаларының шигеллаларды, сальмонеллаларды, протеяларды және т.б қоса патогендік және шартты патогендік микроорганизмдер жөнінде антагонистік белсенділігімен байланысты. Бификол спецификалық және спецификалық емес, соның ішінде қорғаныстың жергілікті факторларының өндірілуіне әсер ететін бактериялық антигендердің иммунмодуляциялайтын және адьюванттық белсенділігіне әсер етеді.
Қолданылуы
- шектің дисфункциясы болған кезде жедел ішек жұқпасынан кейінгі реконвалесценцияларда, патогендік бактериялардың бөлінуінде
- түрлі этиологиядағы созылмалы колиттерде (жиынтық ем құрамында)
- дисбактериозда.
Достарыңызбен бөлісу: |