Компьютерлік графиканың негізгі қолданылатын облыстары
Компьютерлік графиканың қолданылатын облыстары тек қана сурет салумен шектелмейді. Ғылымның барлық салаларында, техникада, медицинада, коммерцияда және басшылық ету жұмыстарында сан-салалы ақпараттарды көрнекті бейнелеу үшін компьютердің көмегімен құрылған сызбалар, графиктер, диаграммалар қолданылады.
Компьютерлік графиканың қолданылатын негізгі облыстарын қарастырайық.
Ғылыми графика
Алғашқы компьютерлер ғылыми және өндірістің есептерін шешу үшін пайдаланылды. Алынған нәтижелерді жақсы түсіну үшін, оларды графикалық өңдеу қажет болды, есептелінген конструкциялардың графиктері, диаграммалары, сызбалары жасалынды. Бірінші графиктер машинада таңбалық баспа түрінде алынды. Содан соң қағазда сиялы қаламмен сызбалар мен графиктерді сызатын арнайы құрылғылар – графикқұрылғылары (плоттерлер) пайда болды. Қазіргі кездегі ғылыми компьютерлік графика есептеу эксперименттерінің нәтижелерін көрнекті етіп көрсетуге мүмкіндік береді.
Іс-қағаз графикасы
Іс-қағаз графикасы – фирмалардың, тағы да басқа жұмыс орындарының көрсеткіштерін көрнекі түрде сипаттау үшін қолданылатын компьютерлік графика облысы. Жоспар көрсеткіштері, есеп беру документтері, статистикалық есептеу жұмыстары сияқты объектілер үшін іс-қағаз графикасы көмегімен иллюстрациялық материалдар құрылады. Іс-қағаз графикасының программалық құралдары электрондық кестелер (2-сурет) құрамына кіреді.
2-сурет. Іс-қағаз графикасы мысалы.
Конструкторлық графика
Конструкторлық графика инженер–конструкторлар, архитекторлар, жаңа техниканы ойлап табушылар жұмыстарында қолданылады. Компьютерлік графиканың бұл түрі (3-сурет) АЖЖ (автоматтандырылған жобалау жүйелері) ең негізгі элементі болып табылады.
3-сурет. Конструкторлық графика мысалы.
Конструкторлық графика құралдарымен жазықтықтағы бейнелер (проекциялар, қиықтар) ғана емес, кеңістіктегі үш өлшемді бейнелерді де алуға болады.
Иллюстрациялық графика
Иллюстрациялық графика – бұл компьютер экранында еркінше сызу және сурет салу. Иллюстрациялық графика пакеттері жалпыға арналған қолданбалы программалық жабдықтауға жатады. Иллюстрациялық графиканың қарапайым программалық ортасын графикалық редакторлар деп атайды.
Көркемдік және жарнамалық графика
Көркемдік және жарнамалық графика (4-сурет) - теледидар экраны арқылы дамыған графика облысы . Компьютердің көмегімен жасалынған жарнамалық роликтер, мультфильмдер, компьютер ойындары, видеосабақтар, видеопрезентациялар.
4-сурет. Көркемдік графика мысалы.
Бұндай есептерді шешетін графикалық пакеттер компьютердің жадының көлемі мен оның жұмыс істеу жылдамдығына үлкен талап қояды. Бұл пакеттердің ерекшеліктері өмірдегі шынайы бейнелер мен "қозғалатын суреттерді" құру және үш өлшемді объектілердің суреттерін, олардың бұрылуын, жақындауын, алыстауын құруда. Бұл жұмыстардың бәрі өте үлкен көлемді есептеулермен байланысты. Объектіге түсетін жарықты, оның көлеңкесін шығару оптика заңдылықтарын ескеріп есептеуді талап етеді.
Компьютерлік графиканы сонымен қатар кино индустриясында да 70-80 ші жылдары көптеп пайдалана бастады. Мысалы Американдық режиссерлер Стивен Спилберг және Джеймс Камерондар түсірген (1989), «Терминатор 1-3» (1989-2003), «Чужие» (1992), «Титаник» (1998) атты «Оскар» сыйлықтарына ие болған фильмдерінде «Autodesk» компаниясының жасап шығарған «Аутодеск-Аниматор» және «Силикон Графикс» компаниясының бағдарламасы «Open GL» бағдарламалары фильмге жаңа әсер әкеліп, әрлендірді. Сондай-ақ «Disney» студиясының шығарған мультфильмдерінде қолданылған анимация, үш көлемдегі персонаждар компьютерлік графиканың өнімдері деуге болады.
Компьютерлік анимация және мультимедиа
Компьютерлік анимация – бұл дисплей экранында қозғалатын бейнені алу. Суретші экранда суреттің бастапқы және соңғы түрін салады, ал қалған аралықтағы суреттердің түрлерін компьютер есептеп, экранға шығарады. Мультимедиа – бұл экрандағы жоғары сапалы бейнені дыбыспен бірге біріктіру, ол оқу-ағарту, жарнама, ойын бағдарламаларында кең тараған.
Мультимедиа мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін компьютерге арнайы программаларды орнатып қана қоймай, арнайы құрылғыларды қосу қажет.
Интернет үшін қажетті графика
Интернеттің жергілікті желісінің пайда болуы, онда компьютерлік графиканың ең маңызды орын алуына алып келді. Күн өткен сайын көрнекі графиканы тасымалдаудың әдістері жетілдіріліп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |