1 Көшбасшылық қасиеттерді дамытуға арналған метафоралар


Көшбасшы оқушының қабілеттеріне нелер жататынын жазыңыз



бет19/23
Дата22.05.2022
өлшемі52,54 Kb.
#144623
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Көшбасшылық сессия (копия)-1

52. Көшбасшы оқушының қабілеттеріне нелер жататынын жазыңыз.
Оқушыны көшбасшылыққа жетелейтін жеке қасиеттер:
қарым-қатынас орната білу;
· топты қалыптастыра, біріктіре білу;
· мақсатын анықтау;
· қажет тапсырмаларды беру және оны орындату;
· адамдардың қажеттіліктерін, қызығушылықтарын білу, оны қорғау;
· аз уақытта көп ақпаратты игере білу;
· белгілі біржағдайда шешім қабылдай алу;
· үлкен шығармашылық қасиеттер болу керек.
Оқушылардың көшбасшылық қабілеттілігі дегеніміз – ол басқару іс-әрекетіне деген жағымды мотивациясы негізінде басқару туралы білімдерін, тәжірибесін өз өмірі мен іс-әрекеті және қоршаған ортадағы құбылыстарды басқаруда қолдана алу қабілеттілігін сипаттайтын студент тұлғасының кіріктірілген қасиеті. 1) Оқушылардың көшбасшылық қабілетін, тұлғаны дамыту процесінің нәтижесі ретінде, өзін-өзі жетілдіруде, өз өмірі мен іс-әрекетінің субъектісі ретінде өзін-өзі қалыптастыруда, туындап отыратын мәселелер бойынша дербес шешімдерді қабылдауда, еліміздің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуына дербес, белсенді қатысуда басқару тәжірибесін табысты және тиімді жүзеге асыруға мүмкіншілігін сипаттайды. 2) Оқушылардың көшбасшылық қабілетінің қалыптасуында, өзін-өзі басқару ұйымының маңыздылығы жоғары. Себебі, студенттердің өзін-өзі басқару ұйымы – ол студенттердің дербес, шынайы өзіндік бастамаларына, шығармашылық және өнімді іс-әрекетіне негізделген бірлестіктің жоғары ұйымдасқан түрі. Ал, студенттердің шығармашылық және өнімді іс-әрекеті, дербес, шынайы өзіндік бастамалары негізінде басқару іс-әрекетін жүзеге асыруы, студенттің көшбасшылық қабілеттілігі қалыптасуының маңызды және тиімді шарты болып табылады
53.Көшбасшының басты қызметтерін өз сөзіңізбен жазыңыз.
Кӛшбасшының басты қызметі – ұйымдастырушылық қызмет. Ұйымдастыру – кез-келген адамның қолынан келе бермейді. Ӛз сӛзін ӛткізу, ӛзінің маңызды басқарушы тұлға екендігін ұқтыру, мақсатқа жету үшін тиімді жолдарды қарастыру кӛшбасшының қолынан ғана келеді. Кӛшбасшының тағы бір маңызды қызметтерінің бірі – ұжыммен жақсы қарым-қатынасқа түсу. Кӛшбасшы ұжым мүшелерін басқару үшін, олармен тіл табысып, тұлғааралық қарым-қатынастың қыр – сырын білу керек. Көшбасшы – жол таба білетін, өзгелерге жол көрсете алатын, өзіне жүктелген міндетті сезіне білетін, ауыртпашылығына төзе білетін тұлға. көшбасшыны қызмет орнына ресми түрде ешкім ұсынбайды, ол басшылық позицияны топтың ашық немесе жабық келісімімен атқарады. Ситауциялық көшбасшылар да болады. Былай күнделікті өмірде ол көшбасшылық қабілетін көрсетпейді. ол көшбасшылығын көрсету үшін белгілі бір жағдай орын алуы тиіс. Мыс., сіз өз тобыңыздағы бар - жоғы білінбейтін адамның спорттық жарыста, не басқа да қиын жағдайларда (өрт, табиғи апат, көше төбелесі) немесе ұжымға тапсырылған қиын жұмысты орындау кезінде өзінің қабілетін ашып көрсетіп, жауапкершілікті өз мойнына алып, ситуацияны қолға алуы, топты басқаруы мүмкін. Бұл да көшбасшылықтың бір түрі. Көшбасшының негізгі қызметі топтың мақсатына жетуге жәрдемдесу, әрі оны нығайта түсу. Ол сарапшы ретінде қызмет етеді, топ ішіндегі қарым-қатынасты реттейді және көпшілікті соңынан ерте біледі, өз тәжірибесімен бөлісе біледі. Көшбасшы-әлбетте өз саласының білгір маманы, сонымен қатар өзге саладан да хабары бар жан. Ол топпен жұмыс істей білуі керек, қол астындағы адамдардың пікірімен санаса білетін, бар пікірлерден сөздің тобықтай түйінін шығара білетін жан. Үлкен жауапкершілігі бар, бойында сабырлылық қасиетін қалыптастыра білген жан. Көшбасшылыққа жетудің кедергісі – өзімшілдік. Көшбасшылықты дамытудың бір жолы сыни тұрғыдан ойлану. Сын тұрғысынан ойлану шығармашылыққа жетелейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет