43.Шетелде көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру бағыттарын сипаттаңыз.
Адамның жеке қасиеттеріне тоқталайық - эмоционалды тепе -теңдік пен стреске төзімділік . Эмоционалды теңгерімсіздік адамның өзіне деген сенімділігін төмендетуі мүмкін, сонымен қатар оның іскерлік белсенділігі. Бірақ көшбасшы - тірі адам. Теріс эмоционалды реакцияларды үнемі басу, оларды қоғамдық жұмыс жағдайында ұстау жеке адам үшін бірқатар жағымсыз салдарға - невроздар мен психосоматикалық ауруларға айналуы мүмкін. Сондықтан эмоционалды релаксация құралдарының көшбасшысын іздеуге байланысты сәт назар аударуға тұрарлық. Релаксация құралдары формасы өте алуан түрлі болатын адамның бос уақытының құрылымынан ізделуі керек. Эмоционалды тепе -теңдік адамның стресске төзімділігімен тығыз байланысты. Стресс - бұл өмірлік белсенділікті төмендететін, мінез -құлықты реттемейтін, мақсатқа жету әрекетін әлсірететін шамадан тыс күш. Стресстің барлық қиындығы біздің кейбіреулеріміздің тиімді жұмыс істеуі үшін қолайлы стресстің деңгейі басқалар үшін мүлдем төзбейтіндігінде. Әр адам бақытты болу үшін әр түрлі стрессті қажет етеді.Тағы бір жеке қасиет - шығармашылық Аударылған - «проблемаларды шығармашылықпен шешу мүмкіндігі». Көшбасшының басқа адамдардың іс -әрекетіндегі жаңашылдық, шығармашылық элементтерін көру қабілеті, олардың бастамаларын қолдау.(интернеттен алдым)
44.Қазақстандағы үлгі тұтатын көшбасшыңызды жазыңыз.
Елбасымыз Н. Назарбаев; Қазіргі президентіміз Қ. Тоқаев;
Дінмұхаммед Қонаев; Алихан Бөкейханов; т.б. Бұрын билікті өз қолына алған хандарымыз. Мысалы: Жәнібек пен Керей, Хақназар хан, Кенесары хан, Абылай хан, және т.б. Қазақ қалқынығ зиялылыарында көшбасшы деп айтар едім.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Отаны мен халқы үшін бар ынта-ықыласын салып, адал қызмет етудің нышанына айналды.Барша қазақстандықтар Тұңғыш Президентті Елбасы деп атап кетті.Осы ұғымның мән-мағынасы-жаңа мемлекетті құрып, қазақ халқының ұзақ ғасырлар бойғы арманын орындағаны,әлемнің жетекші елдерімен терезесін теңестірген тәуелсіз Қазақстанның жаңа буынын тәрбиелеп өсіргені үшін халқымыздың Н.Ә.Назарбаевқа деген үлкен сүйіспеншілігі,ризашылығы деп білеміз. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қызметі және оның Қазақстан тарихындағы рөлінің санқырлылығы соншалық, оның елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік негіздерін құрудағы үлесін жарқын бейнелеп көрсетті. Елбасы арқасында біздің еліміз бар жоғы екі онжылдықта кеңестік экономикалық жүйенің жай ғана қосымшасынан-халықаралық сахнада өзін-өзі көрсете білген, қарқынды дамып келе жатқан тәуелсіз мемлекетке айналды.
Барлық сөзі мен барша іс-әрекет, халық қамы, ұлт мүддесіне қызмет ететін
Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев-Ұлы Тұлға!
Елбасы «НұрОтан» партиясы «ЖасОтан» жастар қанатының ІІ сьезінде сөйлеген сөзінде: «Мәңгілік-байлық-білім,ең басты бақытымыз-Тәуелсіздік!»-деген еді.
Дүниежүзілік экономикалық форум мәліметтеріне жүгінсек,соңғы бір жылда Қазақстан 21 сатыға көтеріліп,51-орынға табан тіреді.
Түрік Республикасының бұрынғы Президенті Абдулла Гүл де: «Әр келгенімде гүлдене түскеніне куә болып жүрген Астана қаласы-Қазақстанның динамизмі мен Президент Назарбаев мырзаның көргенділігін бейнелейтін ең үлкен туынды»-деп ішкі сырын ақтарып еді.
Елбасы Астананы көтерді,Астана Елбасыны абыройға бөледі.
Егер, сол жеке тұлғаның болмыс –табиғатына Тәңірі – шебер айырықша қабілет пен қасиет дарытса, ол қабілет қасиет тек қана жасампаздыққа, тек қана биік мұраттарға бағышталатын болса, ондай тұлға өз өмірін ғана мазмұн-мағынаға кенелтіп қоймайды, ең бастысы ,өзі ғұмыр кешкен қоғамы мен уақытын да сәулелендіріп,оның мерейін өсіріп,мәртебесін биіктететін болады. Осындай жан -Н.Ә.Назарбаев.
«Сендердің бүгіндерің мен ертеңіңнің қамы әрқашан менің саясатымның мәні болып келді» -деп Н.Ә.Назарбаев «ЖасОтан» жастар қанатының ІІ сьезінде. Бұл-Елбасының жастарға деген көзқарасының айқын белгісі.
Н.Ә.Назарбаевтың есімі инновациялар тұрғысынан алдыңғы қатарлы білім беру жобасы –Назарбаев Университеті иеленді.Бұл жоба ел Президентінің нұсқауларына сәйкес «Қазақстандық ұқсастық, үздік халықаралық білім беру моделі, ғылыми тәжірибені» үйлесімді байланысатын ұлттық брендке айналды.
Жас ұрпақ тәрбиесі, білімі, олардың басқа да мәселелері-Елбасы назарынан тыс қалған емес.
Қоғамды рухани,патриоттық тәрбиелеу ісіне, ұлттық тарих пен тілді, мәдени дәстүрді сақтап, оның жаңа қырларын ашуға Елбасының тынымсыз назар аударуы үлкен жасампаздық жолға бастайды, қазақстандық қоғамның тұтастығы мен ынтымағын қамтамасыз етеді.
Білім саласында жаңа серпіліс Елбасының «Қазақстан білім қоғамы жолында» атты дәрісі. Бұл дәрістің негізгі мақсаттарының бірі Қазақстанда беріліп жатқан білім сапасын арттыру болып табылады. Кез келген елдің ұлттық бәсекелестікке қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады. Сондықтан да «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» демекші жастарымыз мыңды жығатын білімді болу керек деді.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты жолдауында қазақстандағы білім беру жүйесін жаңғыртудың үш басты бағытын айтып өтті:
1.Білім беру мекемелерін оңтайландыру;
2.Оқу –тәрбие үдерісін жаңғырту;
3.Білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру.
Н.Ә. Назарбаев әр Жолдауында ұрпақ тәрбиесі, әйел затын ардақтауға қатысты өз ойын үнемі айтып келеді. Мұның өзі еліміздің қоғамдық өмірінде белсенді жұмыс істеп жүрген қыз келіншектерге үлкен қолдау болатыны айтпаса да түсінікті.
«Қазақстан -2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деп аталатын жолдауында Елбасы жаңа кезеңдегі әлеуметтік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ана мен баланы қорғауды жариялады. Ең алдымен, біз қыздарымыздың тәрбиесіне көп көңіл бөлуіміз керек. Біз Қазақстан қыздарының сапалы білім алып, жақсы жұмысқа ие болуы және тәуелсіз болулары үшін барлық жағдайды жасауымыз қажет.
Халқымыз «Қыздың жолы жіңішке» дегенге ерекше мән беріп айтады. Бойжеткеннің жолы, қыздың жолы – қылдай, оны үзуге болмайды. Бойжеткен, әйел заты әрдайым біздің қоғамның теңқұқылы мүшесі, ал ана – оның ең ардақты тұлғасы болды.
«Қыз ақылды ескермес, ана үлгісін көрмесе , ұл жарқырап ас бермес , әке үлгісін көрмесе », «Қыз тәрбиелей отырып ұлтты тәрбиелейміз» деген сөздердің түп-төркіні қыз тәрбиесінің қаншалықты маңызды екенін айғақтайды . Сондықтан ертеңгі ұлт анасы , бүгінгі ару қыздарымызды тәрбиелеу - барша қауымның міндеті . «Қыз ұлттың ұяты, халықтың шырайы» демекші , қыздарымыздың төрден орын алып, еркін өсіп , халқының барлық жақсы қасиеттерін , парасаттылық пен рухани –моралдық құндылықтарын теріп өскені ұлтымыздың ерекше рухани болмысы болмақ.
«Орта түзер ойыңды, ойың түзер бойыңды» деп Абай атамыз айтпақшы , қыз бала тәрбиесін бірінші орынға қойып , қыздарымыздың жан-жақты тәлім алуына аса көңіл бөлудің мәні зор.
Достарыңызбен бөлісу: |