Валюталық жүйе және оның түрлері



бет1/6
Дата04.01.2022
өлшемі36,87 Kb.
#109429
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
макро семинар 12

Валюталық жүйе және оның түрлері


Халықаралық валюталық қатынастар — ұлттық шаруашылықтары қызметтерінің нәтижесінен өзара қызмет ететін және әлемдік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.

Валюталық қатынастардың жекелеген элементгері ерте Грекияда және Ертедегі Римде вексель түрінде пайда болған. Келесі даму кезеңіне Лиондағы және Батыс Еуропа елдерінің басқа да сауда орталықтарында орта ғасырлық вексель жәрмеңкелері жатады. Мұнда аудармалы вексель (тратта) бойынша есеп айырысулар жүргізілген. Феодализм қарсаңында және өңдірістің капиталистік тәсілінің құрылуымен байланысты банктер арқылы халықаралық есеп айырысулар жүйелері дами түсті.

Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынастарды жалғастырады. Валюталық қатынастардың жағдайы ұлттық және әлемдік экономиканың дамуына, саяси тұрақтылыққа, елдер арасындағы күштердің шекті қатынасына тәуелді болып келеді. Сыртқы экономикалық байланыстарда, оның ішнде валюталык байланыстарда саясат пен экономика, дипломатия мен коммерция, өнеркәсіптік өндіріс пен сауда бір-бірімен өзара бітісе байланысуы валюталық қатынастардың ұлттық және әлемдік шаруашылықтағы орнының ерекшелігін көрсетеді.



Капиталдың шеңбер айналысы үдерісінде ұлттық нарықтан әлемдік нарыкка қосылуы нәтижесінде ұлттық ақшалардың ішіндегі ақшалай капиталының бір белігі шетел валютасына айналады немесе керісінше. Ол көріністі халықаралық есеп айырысуларда, валюталық, несиелік және қаржылық операциялардың барысында байқауға болады.

Шаруашылықтың интернационализациялануы жағдайында ұдайы өндірістің сыртқы факторларға: әлемдік өндіріс динамикасы, шетелдік ғылым мен техника деңгейіне, халықаралық сауданын, дамуына, шетел капиталына ағымына арта түседі. Сондықтан да, бұл валюталық қатынастар мен ұдайы өндірістің арасында тікелей және кері байланыстың болатынын көрсетеді.

Халықаралық валюталық қатынастар тұрақсыздығы мен валюталық дағдарыс ұдайы әндіріс үдерісіне кері әсерін тигізеді.

Шаруашылық байланыстардың интернационализациялануы негізінде халықаралық валюталық қатынастар біртіндеп бір формаларға ие болады.



Валюталық жүйе — ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекет аралық келісімшарттармен бекітілетін валюталык, қатынастарды ұйымдастыру және реттеу нысаны.

Валюталық жүйелер үш түрге бөлінеді:



  • Ұлттық валюталық жүйе;

  • Дүниежүзілік валюталық жүйе;

  • Аймақтық немесе мемлекетаралық валюталық жүйе.

Тарихта, ұлттық валюталық жүйе ең бірінші қалыптаскан.

Ұлттық валюталық жүйе — халықаралық төлем айналымын жүзеге асыратын, ұдайы өндіріс үдерісіне қажетті валюталық ресурсты құрайтын және оны пайдалануға көмектесетін экономикалық қатынастар жиынтығын білдіреді.

Ұлттық валюталық жүйе - елдің ақша жүйесінің бір бөлігі. Оның ерекшеліктері елдің құрамдас экономикасының және сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесі мен жағдайына байланысты анықталады.

Ұлттық валюталық жүйе дүниежүзілік валюталық жүйемен тығыз байланысты. Дүниежүзілік валюталық жүйе XIX ғасырдың ортасына таман құрылған.

Дүниежузілік валюталық жүйе — бұл халықаралық несие-қаржы институттары мен валюталық құралдардың қызмет етуін қамтамасыз ететін халықаралық келісімшарттар мен мемлекетаралық құқықтық нормалар кешенін қамтыды.

Дүниежүзілік валюталық жүйелердің қызмет ету сипаты мен тұрақтылығы дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымдылық кағидаларының сәйкес келуі дәрежесіне және алдыңғы қатарлы елдердің мүдделеріне байланысты болып келеді.

Ұлттық және дүниежүзілік валюталык жүйелер арасындағы байланыс пен айырмашылықтары олардың негізгі элементтерінен көрінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет