1. Көшпелілік мәдениет типологиясы. Көшпелілік түрлері мен жіктеу



бет1/3
Дата08.02.2022
өлшемі22,6 Kb.
#118791
  1   2   3
Байланысты:
Көшпелілік мәдениет типологиясы.
8245

1. Көшпелілік мәдениет типологиясы. Көшпелілік түрлері мен жіктеу (көшпелілер мәдениеті).
Көшпелілер мәдениетінің бір ерекшелігі — олардың мәдениетінің көбінесе синкретті болып келуінде . Көне заманда қазақ жерінде өмір сүрген тайпалар , одан кейін орта ғасырлардағы түркілер бүкіл Еуразиялық көне және ортағасырлық өркениеттер мен әр түрлі себептер арқылы араласты . Сол аркылы көшпелілер өздеріне түрлі халықтардың жақсы мәдени жетістіктерін қабылдады , өздерінің мәдени үлгілерін басқа халықтарға жұғыстырды . Көшпелілер түрлі мәдениеттердің бір-бірімен араласуына ,жақындасуына қозғаушы күш болған , дәнекер қызметін атқарған .
Қазақстан шеңберінде көшпелілік қалыптасқан аймаққа Каспий маңы ойпаттары, Үстірт, Торғай, Жем жоталары, Бетпакдала, Балқаш маңы далалары, Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау жоталары, Алтай,Тарбағатай, Жоңғар, Іле Алатауларының тау беткейлері және таулы өлкелері жатады. Көшпелілердің рухани мәдениетінің өз даму ерекшеліктері бар. Ол көшпелілердің тіршілік қарекетінің,тұрмысының ерекшеліктерінен туындайды.Кейбір батыстық зерттеушілер:«Көшпелілер өз бетінше мәдени құндылықтар жасауға қабілетсіз,олар тек басып алған отырықшы халықтардың мәдениетін қабылдайды.Ал отырықшы халықтардың мәдениеті бөтен мәдениет болып қала береді»,-дейді.Бұл мүлде қате пікір. Көшпелілердің рухани мәдениеті тіптен бай.Мал шаруашылығы-егіншілікке қарағанда бұқара халықтың барлығы қамтылмайтын, қамтығанның өзінде көшпелі қауымның бос уақыты көбірек болатын шаруашылық түрі.
Қазақтың көшпелі қоғамының негізін қалаған мәдениет ежелгі дүниеден бастау алатыны белгілі. Содан бері қазақтың дәстүрлі мәдениеті мәдени-тарихи және этногенетикалық тұрғыда үздіксіз дамып келеді. Бүгінгі Қазақстан аумағын мекендеген көптеген тайпалардың бұл процеске тікелей қатысы болғандығы да күмәнсіз. Олардың бай құндылықтарының қазақтың мәдени мұраларынан көрініс тауып, осы күнге дейін жеткендігі ғылыми тұрғыда дәлелденген. Сонымен қатар бұл байланыстар ерте кезеңдегі көшпелі тайпалардың мәдениетінің, қалыптаса бастаған әлеуметтік институтары мен рухани өмір-тіршілігінің өзара жақындығын, байырғы қазақ мәдениетінің ішкі бірлігінің беріктігін де көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет