1 курс «Стоматология» мамандығының «Физиология» пәні бойынша емтиханды бағалау принциптері «Физиология» пәні бойынша емтихан 3 блоктан тұрады, онда 5 кредит бойынша сұрақтар енгізілген, 1 блокта екі кредит сұрақтары (1,2), 2 блокта бір кредит (3), 3 блокта екі кредит сұрақтары енгізілген(4,5), әр блоктан студент бір сұрақ алады, оған студент жауабың емтиханға берілген (100 минут) уақыт ішінде жіберуі және негіздеуі қажет. Жалпы баға салмағы 100%. Тапсырма 3 сұрақ түрінде ұсынылған, олардың әрқайсысына толық жауап беру қажет.
Сұрақтардың салмағы: 1 - 40%, 2 -30 %, 3 - 30 %. Барлығы, 100%. Блок бойынша сұрақтарға жауаптарды бағалау кезінде келесі параметрлер ескерілетін болады:
Жауаптың дұрыстығы. Соңғы жауап ұсынылған сұраққа толық сәйкес болуы тиіс. Осы параметрдің жалпы бағалаудағы салмағы 1 сұраққа - 10%, 2 және 3 сұраққа-8%.
Жауаптың толықтығы. Жауап осы мәселеге сәйкес келетін білімді көрсету үшін барынша толық болуы тиіс. Осы параметрдің жалпы бағалаудағы салмағы 1 сұраққа - 10%, 2 және 3 сұраққа-7%.
Жауаптың негізділігі. Студент аналитикалық ойлау қабілетін көрсетуі тиіс: қандай белгілердің, механизмдердің, өзара әсерлердің және т. б. негізінде олар осы сұраққа жауап және шешімге келгенін түсіндіру қажет. Осы параметрдің жалпы бағалаудағы салмағы 1 сұрақтың - 20%, 2 және 3 сұрақтың – 15%.