1-курс студенттеріне арналған Семей 2013 ж


ДӘРІС САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ Тақырып: Өлшеу құрал - жабдықтарының жалпы сипаттамалары. Оларды классификациялау



бет2/21
Дата31.01.2018
өлшемі2,61 Mb.
#36330
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

ДӘРІС САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

Тақырып: Өлшеу құрал - жабдықтарының жалпы сипаттамалары. Оларды классификациялау


Негізгі сұрақтар:

Құралдардың анықтамасы. Оларды классификациялау принциптері: атқаратын міндеттері, жұмыс принципі, көркемдік ерекшеліктері (информациялық жүйе, қондырғы, өлшеу құралы) бойынша жіктелуі



Тақырып: Электр өлшеуіш құралдардың өлшеу шегін өзгерту. Дәлдік класы. Шкалалары, циферблатының көркемделуі. Электр өлшеуіш құралдардың өлшеу шегін өзгерту. Дәлдік класы.Шкалалары, циферблатының көркемделуі

Негізгі сұрақтар: Электр өлшеуіш құралдарының жалпы сипаттамасы. Оның механикалық бөлігінің құрылымы.Бөлік құны. Шаманың шекті мәні. Шкаласы және шкалалардың түрлері.

Құралдардың сипаттамаларының бірі - олардың шектік өлшеу шамасы немесе өлшеу шегі болып табылады. Құралдың шектік өлшеу шамасы немесе өлшеу шегі деп, оның стрелка шкаланы бойлай торлып ауытқыған кездегі көрсететін шамасын айтады. Егер өлшенетін шама өлшеу шегінен артық болса, онда құралдың стрелкасы шкаладан шығып кетеді де, құрал істен шығады, сондықтан электр шамаларды өлшеу үшін құралды таңдап ала білу керек. Әуелі өлшенетін шаманың мәні шамамен анықтап, сонан кейін өлшеу шегі өлшенетін шаманың мәнінен артық болатын құралды пайдалану керек.



Құралдардың келесі сипаттамасы- құралдың шкала бөлігінің құны. Құралдың шкала бөлігінін құны дегеніміз стерлканың бір бөлікке ауытқуына сәкес келетін шама. Шкала бөлігінің құны мен өлшеу шегі өзара байланысты. Егер құралдың өлшеу шегі А0, ал шкаланың бөліктер саны N0 болса, онда шкала бөлігінің құны: . Құралдардың шкала бөлігінің құны өлшенетін шаманың мәнің анықтау қажет. Мысалы, егер өлшеу кезінгде құралдың стрелкасы n бөлікке ауытқыса онда өлшенген шама: А= Сn (1). Сондықтан құралдың көрсетуін алардан бұрын құнын анықтап, сосын барып құралдың көрсетуін (1) формуламен анықтау керек. Құралдың бөлігінің құнына кері шама құралдың сезгіштігі деп аталады. . Құралдың бөлігінің құны неғұрлым үлкен ,болса оның сезгішітігі соғұрлым аз болады. Олай болса, құралдың өлшеу шегі неғұрлым үлкен болса, оның өлшеу дәлдігі соғұрлым аз, сондықтан оны аз шамаларды өлшеуге пайдалануға болмайды.

Негізгі электр өлшеуіш құралдарының бірнеше өлшеу шегі болады. Құралдың қорабында, әрбір қосағы белгілі бір шектік өлшеуге сәйкес келетін бірнеше клеммалар немесе шектік өлшеулер шамасын ауыстырып отыратын арнайы жылжығыш болатын. 7 - суретте көп клеммалар вольтметрдің алдыңғы панелі көрсетілген.

№1- ортақ клемма, №2- клемма 3 В- қа, №3 клемма- 7,5 В- қа дейінгі және т.с.с. өлшеу шектеріне сәйкес келеді. Әрбір клеммада оның қандай шектік өлшеу шамасына сәйкес келетіні көрсетілген. 8 - суретте өлшеу шегі 0,25 А; 0,5 А және 1А- ге ауыстырылып қойылатын жылжығышы бар амперметр көрсетілген.

Электр өлшеуіш құралдардың келесі сипаттамасы – олардың дәлдік класы. Мемлекеттік стандарт бойынша электр өлшеуіш құралдар 7 класқа бөлінеді: 0,1; 0,2;0,5; 1,0; 1,5; 2,5; 4,0.



Құралдардың дәлдік класы оның процентпен алынған келтірілген салыстырмалы қатесін көрсетеді. Мысалы, дәлдік класы 0,1 болатын құралдың келтірілген салыстырмалы қатесін 0,1 %- ке тең. Келтірілген салыстырмалы қате деп-

құралдың абсалют қатесін оңай табуға болады. Егер құралдың дәлдік класы k, ал шектік өлшеу шамасы А0 болса, онда шкаланың бас нүктесі ноль болып келетін құралдар үшін дәлдік класының анықтамасы бойынша * 100%.

Осыдан оның абсолют қатесі мынаған тең: ;Шкаланың түгел бойында абсолют қате бірдей болады. Өлшеудің салыстырмалы қатесі: . Ол шкаланың әр түрлі бөлігі үшін бірдей болмайды және әрқашан құралдың дәлдік класынан үлкен болады, себебі А< A0,

k= ;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет