1. курс туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы



бет34/81
Дата03.02.2022
өлшемі0,57 Mb.
#130563
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   81
Байланысты:
силабус сабактан тыс

9.1.15.Тақырыбы: Ғылыми жұмыстар, тәжірибе қою, оны бақылау, қорытынды шығара білу дағдысын қалыптастыру жолдары

Сағат саны: 1

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Мектеп оқушыларын зерттеушілік жұмыстарға бейімдеуінің теориялық негіздері

  2. Тәжірибені тереңдету шарттары

  3. Мектеп оқушыларын зерттеушілік жұмыстарға бейімдеуі жөнінде эксперимент өткізу

Дәріс тезисі:

Бүгінгі білім беру үрдісінің жалпы орта білім беру мазмұнының мақсаты- өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Өзіндік көзқарасты қалыптастыруда дарынды оқушыларды ғылымға бейімдеу. Зерттеу жұмыстарының негiзi- өзгерту, қосу мақсатымен қоршаған ортаға деген белсендi көзқарас, білімқұмарлық. Бұл ғылыми зерттеуге де қатысты, дегенмен ғылыми зерттеуге тән ерекшелiктер бар. Ғылыми зерттеу - бағытталған танымдық жұмыс. Ғылыми зерттеу нәтижелерi - ұғымдар жүйелері, заңдар. Кез келген ғылыми жоба адамның жаңа бірдеңені білгісі келуінен басталады.

Зерттеуші оқушының әрекетін мынадай кезеңдерге бөлу керек:


  • зерттеу мақсатын анықтау;

  • қажетті мәліметтерді жинау;

  • басты бағытты айқындау;

  • зерттеу объектісінің үлгісін жасау;

  • зерттеу әдiстемесiн жасау;

  • зерттеу жұмыстарын өткiзу;

  • алған нәтижелерді сипаттап түсiндiру;

  • алған бiлiмдердi қолдану туралы ұсыныс жасау;

  • өз зерттеуiнiң нәтижелерiн жұрт алдында қорғау.

Ғылыми жұмыстың табысты жазылуына тақырыпты дұрыс таңдаудың тигізетін әсері мол. Тақырыпты таңдау кезінде оқушылдардың ғылыми үйірмедегі жұмысындағы, арнайы әдебиеттерді оқудағы, бұрынғы жұмыс тәжірибесіндегі, семинар сабақтардағы, баяндамалардағы, сабақтас пәндер бойынша ғылыми жұмыстағы ғылыми және практикалық мүдделерді оқушының ескеруі қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет