Материалдық ресурстарға шығындар көптеген өндірістік кәсіпорындар үшін шығындардың маңызды бабын құрайды.
Материалдық ресурстар дегеніміз ол шикізаттар, негізгі және қосымша материалдар, жартылай дайын өнім, жанармай және қуат.
Нормадан тыс және тапшылық материалдық ресурстарды анықтаған кезде жеткізу бойынша келісім шарттарды сомасы, түрі, материалдардың сорты бойынша талдау жүргізу керек.
Комплектілік бөлік келіп түскен материалдар бойынша жоспардың орындалуының пайызы бойынша анықталады.
Материалдарды тиімді пайдалану - өндірістің өсу және өнімнің өзіндік құнының төмендету факторларының бірі, яғни пайданың және рентабелділіктің өсуіне әсер етуші фактор.
Материалдардың пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері: материалсыйымдылығы, материал қайтарымдылығы.