1 Лекция. Хордалылар типі chordata. Жалпы сипаттамасы



бет1/2
Дата24.02.2023
өлшемі30,63 Kb.
#170019
түріЛекция
  1   2
Байланысты:
432139138407 №1 Лекция Хордалылар типі. Жалпы сипаттамасы.


1 Лекция. Хордалылар типі CHORDATA. Жалпы сипаттамасы.
Қазіргі кезде жер жүзінде 1,5 млн-дай жануарлар түрлері кездессе, солардың 43 мыңдай түрі хордалылар типіне бірігеді. Соңғыларының сыртқы пішіні қапшықтәрізді, құрттәрізді, балықтәрізді, төртаяқты жануарлар тәрізді болып келеді. Дене тұрқы да әртүрлі: ұзындығы бірнеше мм-ден 30 м-ге, салмағы бірнеше граммнан 150 тн-ға дейін жететін түрлері де бар. Мекендейтін орны да көп түрлі – теңіздер мен мұхиттар, өзендер мен көлдер, құрлықтар.
Осындай алуан түрлілігіне қарамастан хордалылардың құрылымында басқа типтердің өкілдерінде кездеспейтін ерекше белгілері болады. Олар: 1 – ішкі қызметін атқаратын хорланың болуы. Бұл ұрықтық даму кезінде ішектен бөлінген эндодермадан пайда болады. Қазіргі көзқарас бойынша шығу тегі екі жақты: эктодермальды әрі мезодермальды. Хорда кейіннен шеміршекті, сүйекті омыртқа жотасымен алмасады. 2 – хорданың үстінде жүйке не нерв түтігі орналасады. Ол ұрықтық даму кезінде эктодермадан пайда болады. (кейіннен ми мен жұлынға бөлінеді.) 3 – асқорыту жолдары хорданың астында орналасады. Оның алдыңғы бөлімі – жұтқыншақтың екі жағын ұрықтың даму кезінде желбезек саңылаулары тесіп жатады. 4 – қан тасымалдау жүйесінің үпілдеп соғатын бөлімі – жүрек (егер ол болса) дененің құрсақ бөлімінде орналасады.
Бұл айтылған ерекшеліктер хордалы жануарлардың арғы – тектері өздерінің эволюциялық даму кезеңінде денесінің қалыпты жағдайдан ауытқуына, яғни инверсияға ұшырағанын көрсетеді.
Осындай өзіне тән ерекшкліктерімен қатар, хордалы жануарларда басқа типтерге ұқсас ортақ белгілері де бар. Олар:
1 – жартылай хордалылар, тікентерілілер, қылжақтылар мен погонофоралар сияқты хордалылар да алғашқы ауыздыларға (Protostomia) қарсы топ – екінші ауыздылар (Deuterostomia)
2 – сақиналы құрттар, моллюскалар, буынаяқтылар, мшанкалар және иықаяқтылар сияқты хордалыларда екінші дене қуысы – целлом пайда болды.
3 – буынаяқтылар мен көптеген құрттарға тән негізгі мүшелер жүйелері метамерлі орналасады (жұлын жүйелері, омыртқа жотасы, құрсақ бұлшық еттері).
4 – хордалыларға, басқа да көп клеткалы жануарлар сияқты екі жақты симметриялық (билатериялық) тән.
Хордалылардың тегі жайында қазба-қалдықтар сақталмаған. Олардың эволюциясының алғашқы даму сатыларын жанама түрде – салыстырмалы эмбриология, салыстырмалы анатомия деректеріне сүйеніп дәлелдейді. Қазіргі кезде хордалылардың тегі жайында негізінен 2 түрлі гипотеза (болжам) кең тараған.
1 – Гарстанг (1928) болжамы бойынша олардың тегі отырып пассивті тіршілік еткен. Қозғалғыш дернәсілдері жан-жаққа тарап, қолайлы жерлерді меңгерген. Бірте-бірте ересектері жойылып, дернәсілдері көбеюге қабілетті болған, яғни бұларда неотения құбылысы жетілген. Осылайша хордалылардың қозғалғыш тегі пайда болған деп болжайды.
2 – А.Н.Северцов (1912, 1939) және Н.А.Ливанов (1958) болжамдары бойынша хордалылардың тегі құрттәрізді һрмелеп не топырақ қазып тіршілік еткендер, яғни тегі белсенді тіршілік еткен организмдер.
Соңғы кезде осы болжамды дәлелдейтін деректер пайда болды. Н.Н.Иорданскийдің (2001ж) болжамы бойынша теңіз түбіне жабысып тіршілік еткен «олигомерлі» құрттардың түрлерінен Қабықтылар, топырақ өазғыш теңіз мекендеушілерінен Бассүйексіздер, ал ары қарай дамып белсенді түрде жүзіп тіршілік еткендерден Омыртқалылар дамыған. Н.Н.Иорданскийдің пікірінше хордалы жануарлар Кембрий кезеңінің басында пайда болуы мүмкін.
Қазіргі кезде 43 мыңнан астам түрді біріктіретін Хордалылар типі морфологиялық, анатомиялық және физиологиялық құрылым ерекшеліктеріне қарай 3 тип тармағына бөлінеді.

Тип Chorodata







3. Craniota seu Vertebrata – Бассүйектілер не омыртқалылар

1. Tunicata, seu Urochorudata – Қабықтылар не Құйрық-хордалылар



2. Acrania - Бассүйексіздер




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет