1. Үлгінің жалғасы



Дата28.01.2018
өлшемі72,66 Kb.
#34430
ҚАЗАҚ ТІЛІ



Нұсқау: «Сізге берілген бес жауап нұсқасындағы бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі. Таңдаған жауапты жауап парағындағы берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет».

1. Үлгінің жалғасы



Оғул - оғл - ?

A) ол


B) оғлы

C) ұлан

D) ұл

E) оғлан



2. «Шашты» сөзінің мағынасын ашатын тұрақты тіркесті табыңыз.

A) Ит терісін басына қаптау.

B) Желге ұшырды.

C) Дымын шығармау.

D) Көзі шелдену.

E) Басшы болды.



3. Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды белгілеңіз.

A) Т, С, З, Ж.

B) П, Ф, Б, В.

C) Х, Ц, Ж, Д.

D) Ш, Щ, Т, С.

E) К, Г, Ғ, Т.



4. Тізбек сәйкестігі: бітеу-ашық-ашық-ашық-бітеу-бітеу

A) Еңбек етсең емерсің

B) Ерінген екі істейді

C) Басқа пәле тілден

D) Ұлы сөзде ұят жоқ

E) Сырласуға дос жақсы



5. Сөздің бастан-аяқ біркелкі әуезбен айтылуын табыңыз.

A) Стилистика заңы

B) Грамматика заңы.

C) Орфоэпия заңы.

D) Үндестік заңы.

E) Орфография заңы.



6. Туынды сөзді анықтаңыз.

A) Пайдадан.

B) Пайдалы.

C) Пайданың.

D) Пайдамен.

E) Пайдам.



7. Күрделі сөздерді белгілеңіз.

A) Бала, дала.

B) Әдемі, жаман.

C) Сарышаян, Сарыөзек.

D) Желсіз, балдай.

E) Аз, көп.



8. Меңгеруді табыңыз.

A) Атым – Айзере.

B) Қызыл қарындаш.

C) Тас жол.

D) Мұқағалиды оқыды.

E) Ақынның өлеңі.



9. «Жағына пышақ жанығандай» тіркесінің мағынасы

A) жақты


B) арық

C) ажарлы

D) ауру

E) әдемі


10. Қосымшасы дұрыс жалғанған сөзді белгілеңіз.

A) Рөлі.

B) Цехке.

C) Хирургты.

D) Тарихтің.

E) Полюсқа.



11. Түбір тұлғасы өзгеріске түсіп біріккен сөзді табыңыз.

A) Әулиеата, Алакөл.

B) Белбеу, тоқсан.

C) Ұлтабар, сегіз көз.

D) Жолбарыс, көкқұтан.

E) Қаптесер, алаөкпе.



12. Негізгі етістікті табыңыз.

A) Шуылда.

B) Бағала.

C) Соққыла.

D) Шарша.

E) Отырғыш.



13. Байланысу түрін табыңыз.

Әлгінде келіп кетті.

A) Матасу.

B) Қабысу.

C) Қиысу.

D) Меңгеру.

E) Жанасу.



14. Толықтауыш қызметіндегі сын есімді көрсетіңіз.

A) Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат.

B) Жақсының адамшылығын айт.

C) Жаманның тілі ащы,

Көк мияның гүлі ащы.

D) Ұялшақ сыбағасынан құр қалар.

E) Өлеңмен сөзді желдей құйындатқан.


15. Мақсат пысықтауыш

A) Ол қуанғаннан қозғалмай қалды

B) Бала жүгіре-жүгіре шаршады

C) Біз қала маңынан келдік

D) Сен түсінбегендіктен айта алмадық

E) Сәуле зат алғалы келді








Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз».

Денсаулықты сақтау тарихы

Денсаулықты сақтау жөніндегі көптеген мәліметтер бізге Шығыстың, Мысырдың, Қытайдың, Гректің, Тибеттің, Израилдың, Ливанның ежелгі қолжазбалары (папирустар) арқылы жетті. Бұл қолжазбаларда Ежелгі Шығыстың хан сарайындағы емшілер сол ханның денсаулығы болған күндеріне ғана ақы алғандығы туралы қызық фактілер сақталған. Сол ежелгі кездерде-ақ емдік шөптер қолданылып, тұратын жерді, ішетін суды қорғаудың гигиеналық ережелері, өлген адамдарды дұрыс жерлеудің ережелері құрылған. 


Ежелгі кездің Гиппократ, Аристотель, Ибн Сина (Авиценна), Корнелий Цельс, Әл-Фараби сияқты ғалым-философтары денсаулық сақтаудың тәсілдерін зерттеген. Ибн Сина дұрыс тамақтанудың пайдасы туралы: «Тағам – денсаулықтың дұрыс болуының кепілі. 
Тәбетсіз ішкен нәрсенің қорытылуы да қиын болар» - деп жазған.

Гиппократ ( б.э.д. 460-377 жж.) әлемге «медицина атасы» ретінде белгілі. Ол ең алғашқылардың бірі болып организмнің құрылысы мен функциясын (қызметін) зерттей бастады, аурулардың туындау себептерін ашып, ауруларды емдеу туралы жазды. Гиппократ жаттығу жасау, дене шынықтыру қажеттігі туралы көп айтты. Әрбір адам өзінің жұмыс қабілетін, денсаулығын, толыққанды және қызықты өмірін сақтап қалғысы келетін болса, онда бұл дағдылар күнделікті үйреншікті ісіне айналуы тиіс деп есептеді.

Аристотель – (б.э.д. 384-322 жж.) ежелгі кездің ұлы дарындылардың бірі. Ол «денсаулық» және «ауру» ұғымдарына анықтама беруге талпыныс жасады.

Әл-Фараби медицинаны тек ауруларды емдеу туралы ғана емес, денсаулықты сақтау туралы да ғылым деп есептеді. Ол денсаулықты нығайту тәсілдерін зерттеп, көптеген аурулардың емі туралы жазды. 

Авиценна ( 980-1037 жж.) Бұхара қаласында дүниеге келді және сонда оқыды. Кейіннен Иранда билеушінің дәрігері болып жұмыс істеді. Оның «Емделу кітабы» және «Дәрігерлік ғылым негіздері» атты еңбектері көптеген тілдерге аударылған және күні бүгінге дейін басылып шығарылуда.

Рим дәрігері Авл Корнелий Цельс «Медицина туралы» деген үлкен еңбек жариялады, ол көптеген тілдерге аударылып, бірнеше рет басылып шыққан. «Еңбектенбеу кәріліктің келуін тездетеді, еңбек болса, біздің жастығымызды ұзартады. Суық су айықтырады, аурудың алдын-алуға көмектеседі, денені нығайтып, рух сергектігін сақтайды... Жаттығу ретінде доп ойнау, жүгіру, серуендеуге де болады... »- деп жазды К.Цельс.

Итальяндық дәрігер әрі жазушы А.Де Вилланов (б.э.д. 1311-1235 жж.) соңына «Салерндік денсаулық кодексін» қалдырған, онда ол IX-X ғасырлардағы салерндік мектептің салауатты өмір сүруінің басты ережелерін негіздеп берді.

ХVI-XVIII ғасырларда Луи Пастер, Роберт Кох қауіпті-сібір жарасы, тырысқақ (холера), туберкулез ауруларын тудырғыш микробтар ашты. Олар жұқпалы ауруларға қарсы күресудің әдістерін ойлап тапты және қолданды.

XVI ғасырда Қазақстанда Жәнібек ханның тапсырмасы бойынша «Шипагерлік баян» атты кітап жазылды. Оның авторы халық емшісі Тілеуқабыл Өтейбойдақұлы болды. Кітапта көптеген ауруларды емдеу тәсілдері, организмді сауықтыру, шынығу, дене тазалығын сақтау және басқа көптеген денсаулықты сақтауға арналған нұсқаулар жазылған.

Денсаулық жайлы ілімнің дамуына қазақстандық ғалымдар да үлкен үлес қосты. Көрнекті ғалым Халел Досмұхамедов гигиена, денсаулықты сақтау туралы балаларға арнап кітаптар жазды. Қазақстанда Х.Қ.Сәтпаев, Л.З.Тель, А.А.Ақанов, Т.К.Мұстафина, Ш.Ж.Жанәділов, А.Әділханов, Н.Иманғалиев сияқты ғалымдар салауаттануды дамытуды жалғастыруда. Олар салауатты өмір салтын ұстануға, организмді шынықтыруға, дене жаттығуларына, гигиена ережелерін сақтауға және түрлі аурулардың алдын - алуға үлкен мән береді.






16. Иранда билеушілердің дәрігері болған ғалым-философ

A) Луи Пастер

B) Гипократ

C) Аристотель

D) Ибн-Сина

E) Әл-Фараби



17. Жәнібек ханның тапсырмасымен жазылған кітап

A) «Дәрігерлік ғылым негіздері»

B) «Шипагерлік баян»

C) «Емдеу кітабы»

D) «Медицина туралы»

E) «Салерндік денсаулық кодексі»



18. Философ-ғалымдарға тән ортақ пікір

A) Денің сау болса, жарлымын деме

B) Жарлының байлығы – денінің саулығы

C) Ауырып тұрдым – аунап тұрдым

D) Сәтін салған ауруға не болса да ем

E) Ауырып жол іздегенше, ауырмаудың жолын ізде



19. Еңбегінде қартаю процесін тежеу жолдары туралы жазған дәрігер

A) Аристотель

B) Әл-Фараби

C) Л.Пастер

D) Авицена

E) К.Цельс



20. «Тағам – денсаулықтың дұрыс болуының кепілі» пікірінің авторы

A) К.Цельс

B) Аристотель

C) Ибн-Сина

D) Әл-Фараби

E) Гиппократ




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет