1. Lianstartup дегеніміз



бет2/6
Дата19.09.2022
өлшемі252,01 Kb.
#149932
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Канва бизнес-модель
Психология 9 Мамитханова Г, 5.Дең.Топырақтану, Документ (2)
КАНВА БИЗНЕС-МОДЕЛДЕРІ

Lеanstartup құралдарының бірі – канва бизнес-модель (Business Model Canvas), немесе Lean Canvas. Бұл кәсіпкерлік жұмысының негізгі компоненттері мен үдерістерін көрсететін көрнекі сызба.
Александр Остервальдер жасаған Business Model Canvas кәсіпкерлікті бір парақта қарапайым және көрнекі түрде суреттеуге көмектеседі. Үлгі кәсіпкерліктің басты элементтері болып табылатын 9 блоктан тұрады. Олар мәтінді, стикерлерді, суреттерді немесе бейнелерді пайдалану арқылы толтырылады.

Сонымен, бұл кесте қалай толтырылады? Шын мәнінде, өте қарапайым. Сандар бойынша өтіңіз және логикалық тізбектердің көмегімен үлгіні жасаңыз.


1. Басты құндылықтар
Біз клиенттің қандай мәселелерін шешеміз? Біздің ұсыныста қандай құндылықтар бар?
Сіз бұл блокта өз клиенттеріңіз сатып алатын құндылықтарды атап өту керек. Сіз өнімнің өзіне емес, пайдаланушыларға қандай мәселені шешетіне назар аударыңыз. Мысалы, егер бұл көлік болса, брендтің жылдамдығы, сенімділігі, танымалдығы құндылық болуы мүмкін.
Жеке атап өту керек, клиент нені сатып алады және ол нені алғысы келетінін білу қажет. Себебі ол өнімді оған қажетті болғаннан емес, ал оның баламасы жоқ болғандықтан сатып алуы мүмкін.
Сіздің артықшылығыңыз – ассортиментте емес, қолайлылықта немесе жеткізу шарттарында болуы мүмкін. Сіздің міндетіңіз – клиентті сіздің жаққа тартатын ең басты құндылықты табу.
2. Тұтынушылардың сараланымы (сегменттері)
Біз кім үшін жұмыс істейміз? Біз үшін ең маңызды клиент кім?
Бұл бағанда сіз сатып алушылардың негізгі сегментациясын белгілейсіз. Бұл адамдар кімдер? Олар неден қорқады? Нені алғысы келеді? Оларға қалай әсер етуге болады? Мұны қалай істеу керек? Олар нені тыңдайды, бос уақытын қайда өткізеді, нені бағалайды?
Әлбетте, бұл барлық сұрақтарға тұтынушылардың маңызды сипаттамаларына – жынысына, жасына және т.б. байланысты сіздің кәсіпкерлігіңіз бойынша жауап беру қажет.
3. Өзара іс-қимыл арналары
Біздің клиенттеріміз құндылықтарымызды қандай арналар арқылы алғысы келеді? Қазір қалай алады?
Сіздің клиенттеріңізбен байланысатын арналар – сіздің кәсіпкерлігіңіздің ажырамас бөлігі. Бұл жерде, барлық каналдарды міндетті түрде есепке алу: бірінші байланыс, сенім, жеткізу, сатудан кейінгі қызмет көрсету, жарнама және т. б.
Жалпы алғанда, сіздің клиенттеріңізге ұнайды ма? Сіз үшін ыңғайлы ма? Олар клиенттердің кәсіпкерлігіне сәйкес келе ме?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет