ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3-деңгейдегі СМЖ құжаты
|
УМКД
|
|
«Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері
» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
|
№ басылым _
|
УМКД
|
«Ұлттық спорт түрлері оқыту әдістемесімен» мамандықтарына арналған пәнінің
ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
СЕМЕЙ-2016
Мазмұны
1 Глоссарий..........................................................................................................
2 Дәрістер.............................................................................................................
3 Тәжірбиелік сабақтар....................................................................................
4 Курстық жұмыстар мен дипломдық жоба...............................................
5 Студенттердің өздік жұмысы........................................................................
№1 ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕ ҚЫСҚАША ШОЛУ, ШЫҒУ ТАРИХЫ, ДАМУЫ.
Қазақстың ұлттық спорты 1920-1930 жылдар аралығында қазіргі заманға сай бір жүйеге келтіріліп, олардың түрлері бойынша арнайы спорт жарыстары өткізіле бастады. Оған жергілікті жерлерде: ауыл, аудан, облыс көлемінде ұйымдастырылған үйірмелер мен секциялар негіз болды. 1938 жылы Алматыда колхозшылардың республикалық спартакиадасы өткізілді, ал 1944-1947 жылдар аралығында қазақтың ұлттық спорт түрлерін тұтас қамтыған жеке-жеке жарыстар ұйымдастырылды. Осы кезден бастап Қазақстанда қазақтың ұлттық спорт түрлері басқа әлемдік спорт түрлерімен қатар дамып, халқымыздың денсаулығын нығайтуға икемді де епті, күшті де төзімді болып болып өсіп жетілуіне зор пайдасын тигізіп келеді. Ұлттық спорт түрлері ойындарының өте кең тараған түрлері: «Қазақ күресі», тоғызқұмалақ, асық ату, ат спорты ойындары (көкпар, аударыспақ, бәйге, қыз-қуу) сияқты ойын түрлері көне заманнан осы заманға дейін халықпен бірге жасасып келеді.
Ұлт ойындары ертеден-ақ жалпы этнографиялық әдет ғұрыппен бірге дамып, жетіліп, ендігі жерде өз алдына бір бөлек зерттеуді керек ететін қазақ этнографиясының бір бұтағы, ұлт ойындарының дамуы тек қоғамның өзгеруіне байланысты әлеуметтік экономикалық жағдайдың негізінде дамып отырғанына көзіміз жетті.
Қазіргі кезде ұлттық күрес, тоғызқұмалақ және ат спорты ойындарының түрлі үйірмелері ашылып, спорт мектептерінде арнайы жаттықтырушылар жаттықтыра бастады.
Республикамызда әсіресе ат спорты ойындары кеңінен етек жая бастады. Кезінде Луговой жылқы заводынан шыққан Ақалтеке тұқымды «Абсент» атты сәйгүлік қазақ елінің мақтанышы болып қатарынан Рим және токио Олимпиадасында жүлдегер атанған. Қазір сол жылқының тұқымы осы заводта және Алматы облысындағы «Дегерес» жылқы заводында бар. Қазақстанда өткен әрбір бәйгелерге осы заводтың аттары әрдайым жүлдеген болып жүр. Ат спортындағы ең қызықты, тартымды көрермендерді қызықтыратыны осы бәйге. Бәйгеде спортшының тактикалық шеберлігінің үлкен маңызы бар, өйткені, аты жүйрік спортшы атының шамасына қарай керек жерінде басын іркіп немесе қоя беріп, жарысты дұрыс өткізген шабандоз жеңіп кететін кездері аз емес.
Бәйгеге жеткілікті дәрежеде даярланған төзімді аттар қатыстырылады. Қазақ халқы әр уақытта жылқы тұқымын қасиетті жануар деп бағалаған, сондықтан бәйге өте кең тараған ат спорты ойыны. Қазіргі кезде ірі жиын, той, астарда бәйгеден жеңіп келген аттарға қомақты жүлде тағайындалып, темір тұлпар, машиналар жүлдеге тапсырылып жүр. Өте кең тараған ойындарының бірі көкпар, бұл ойын командалық ойын. Жарыс өткізу үшін шұңқыры, тасы жоқ, топырағы жұмсақ жер таңдалып алынады. Алаңның ұзындығы 300-400 м., ені 150-200 м. Осы алаңның ортасына диаметрі 9 метр шеңбер сызылады. Алаңның екі жағына жалаушалар белгіленеді. Көкпарды екі команда қақпаға түсіру арқылы есептейді. Командалар шектеулі уақытпен ойнайды. Барлық ауылдарда көкпар ойыны кең етек алған. Бұл ойын Кеңес үкіметі тұсында тысқа ысырылып өз мәнін жоғалтып қоя жаздаған ойын.
Күрестің ұлттық түрі - қазақ күресі. Қазақ күресінің даму тарихы тереңде жатыр. Қазақ халқының өмір сүру салты көшпенді тұрмысқа бейімделгендіктен, күнделікті іс-әрекетінің өзі күрес. Тарихқа көз жүгіртсек көшпенді тайпалардың түп атасы сақ, ғұн, түркілер дәуірінде садақ атудан, ат үстінде найзаласудан тағы басқа дәстүрлі сайыстар өтетіні жайлы нақты деректер бар. Мысалы, Қытайдың осы заманғы археологтары біздің жыл санауымыздан бұрын Хан патшалығы дәуірінде тұрғызылған, Шинан қаласы маңындағы ежелгі түркілердің қонысын қазып, қабырды ашқанда зираттың ішінен екі мыс табақша табылыпты. Табақшалардың бетінде екі адам бір-бірімен қоян-қолтық ұстасып, күресіп жатқан сипаты ашық бейнеленген екен. Қытай ғалымдары бұл палуандарды түріктердің арғы тегі саналатын ғүндар деп ұйғарған. Демек, бұл заттар - күрес шежіресінің айғағы. Оның бер жағында халықтық эпостарда сайыс өнері жайлы көркем тілмен керемет баяндалса, ерте замандағы таңбалы тастардағы күресіп жатқан адам бейнелі таңбалар жайдан-жай салынбаған.
Ата-бабаларымыздан қалған жекпе-жек сайыс өнерінің бірінде қазақ күресінің өзіндік орны бар. ХХ ғасырдың басына дейін ел ішінде күрестің бірізді жүйеленген тәртібі болған жоқ. Сондықтан да әрбір өңірде күрес ішкі ерекшеліктерін сақтай отырып, қалыптасқан.
Қазақ күресінің ғылыми жүйеленуі 1920 жылдан басталған. 1936 жылы Семей қаласында қазақша күрестен Қазақстан чемпионаты өткен. «Қазақ күресі» бойынша бірінші ірі жарыс 1938 жылы ауыл шаруашылығы аймақтары арасындағы спартакиада аясында өткен. Сол сәттен бастап жарыс дәстүрлі түрде республика қалаларында тұрақты өткізіліп отырған.
Қазақ күресінде шалу, жата тастау, арқалай тастау, қол байлап күресу, салмақпен басу, тіресу, ашадан алу, аяқтың басымен іліп тастау, жамбасқа алып иіре лақтыру, белінен қысып, тірсектен шалу сияқты әдістердің бәрін де қолдануға болады. Ойынның ережесі бойынша жатып күресуге болмайды. Қимыл үстінде адамға зақым келтіре күш жұмсауға, дөрекілік жасауға болмайды. Күрес бір жақтың талассыз жығылуымен және жауырыны жерге тигізілуімен аяқталады. Адамның ептілігі мен жылдамдығы, шымырлығы мен ой жүйріктігі басым палуандар жеңіске жетеді. Бұл күні палуандар тек алпауыт алпамсадай азаматтар ғана емес, орта салмақты, арықша келген азаматтарда бола алады. Себебі мұнда ең бастысы сенің жігерің мен ұмтылысың.
Қазақ тарихында жауырыны жерге тимеген батыр аталарымыз да жоқ емес. Аттың құлағында ойнап, ерлігімен, батырлығымен, батылдығымен, палуандылығмен көзге түскен. Махамбеттей ер тұлғалы батырлар, Балуан Шолақ сынды ат үсті ойынының түрлі тәсілдерін меңгерген, күш өнерін көрсеткен спортшы, жауырыны жерге тимеген палуан, қазақ елін әлемге танытқан Қажымұқандай аталарымызды айтпау мүмкін емес.
Қазақша күрестің дамуы еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін басталды. «Қазақша күрес» федерациясын құрып, көптеген ғылыми еңбектер жазып, тұңғыш төраға болған - Ерғали Мұхитдинов ағамызды айтпай кету мүмкін емес. Ол кісінің ерең еңбегі мол. Алғаш рет «Қазақша күрес» федерациясын құрып, оның тұңғыш төрағасы болған адам. Осы шамада, яғни 1990 жылдары атақты балуан Әбілсейіт Айханов ағамыз өзі бас болып қазақша күрес ережесін жазып, ол ереже 1990-1995 жылдарға дейін қолданыста болды. Одан кейін күрес ережесін жетілдіріп, қазіргі палуандар киіп күресіп жүрген күрес киімінің негізін жасаған адам – Елемес Әлімханов. Бұл кісінің де қазақ күресіне сіңірген еңбегі зор. 2002 жылдардан бастап осы күрестің қыр-сырын білетін Бауыржан Жаналин, Марат Жақитов, Диқанбай Биткөзов сияқты мамандар қазір қолданыста жүрген ережені дүниеге әкелді. 2004 жылы Берлин қаласында өткен Дүниежүзі қазақтарының кіші құрылтайында «Қазақ күресі» бойынша халықаралық федерация құрылып, оның басшысы болып Серік Төкеев сайланды.
2004 жылы Алматы қаласында ҚР Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен ірі халықаралық турнир болды. Оған әлемнің 25 елінен 100-ден аса спортшылары қатысты. Олардың қатарында Германия, Түркия, Голландия, Франция және басқа да елдер болды.
Алғаш рет Азия біріншілгі 2006 жылдың шілде айында Ресейдің Алтай жерінде өтті. 2007 жылы Алматы қаласында «Күрес фестивалі» өтті. Фестивальға әлемнің 60 мемлекетінен спортшылары қатысты. 2008 жылы Ресейдің Орск қаласында екінші біріншілігі өткізілді, оған 42 мемлекеттің палуандары қатысып, Қазақстанның 4 палуаны алтын, 2-і күміс медальмен оралды. 2010 жылы Астана қаласында 3-ші әлем біріншілігі туын желбіретті, оған 46 мемлекеттен 300-ден астам палуандар қатысты. Қазақ палуандары бұл бәсекеде намысты қолдан бермей 5 алтын 1 күміс 1қола медаль иеленіп командалық есепте бірінші орынды алды.
Алғаш рет 2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында, ұлтжанды азаматымыз Арман Шораевтың жобасы негізінде «Қазақстан Барысы» турнирі өткізілді. Оған әр облыстан 4 палуаннан, барлығы 64 балуан қатысып бас жүлдені сарапқа салынды. Бұл сайыста бірінші орынды Қызылордалық палуан Ұлан Рысқұл иеленді. Екінші рет 2012 жылы «Қазақстан Барысы» турнирі өтті. Бұл турнирде Тараздық палуан Бейбіт Ыстыбаев «Қазақстан барыс» атанды. Үшінші рет өткізілген «Қазақстан барысында» Шығыс Қазақстан облысының палуаны Айбек Нұғмаров атанса, сондай-ақ 2014 жылғы «Қазақстан барысын» Мұхит Тұрсынов иеленді.
2014 жылдың 25 қазан күні Павлодар қаласында тұңғыш рет қазақ күресінен «Әлем Барысы» атты халықаралық турнир өтеді. Бұл – қазақ күресінің тарихында бұрын-соңды болмаған жетістік. «Әлем барысы» ауыр салмақта өтті. Оған бес құрлықтан 35 елдің жауырынды спортшылары келді. Бұл да болашақта Халықаралық Олимпиада комитеті тарапынан қойылып отырған талаптарға сай болуы үшін өткізілген жарыс. «Әлем барысына» Еуропа мен Азияны айтпаған күннің өзінде Америка да, Африка да, жалпы, бес құрлықтан 35 елдің спортшылары келді. Әр мемлекеттің намысын қорғау үшін сол елдің бір палуаны сынға түсті. Жарыс жоғары деңгейде, халықаралық турнир деген мәртебеге лайық болу үшін салмағы арнайы 90 келіден жоғары дүлей күш иелері келді. Әрбір жарысқа қатысушы өз елінің мақтанышы, бетке ұстар палуаны болды. «Әлем барысы» нар тұлға, сен тұр мен атайын деген алыптардың айқасы болды. Нағыз айқас, жан алысып, жан беріскен күрес болды. Төрткүл әлем «Әлем Барысын» тамашалап, қазақ күресінің таныды. Куба палуаны Оскар Рене Видал Брайсон алғаш рет өткізілген қазақ күресінен «Әлем барысы» халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды. Брайсон Видаль — дзюдодан Олимпада ойындарының қола жүлдегері. Айта кетейік, жүлде қоры 150 мың долларды құрады.
Халық «Әлем барысынан» жауырыны жерге тимеген палуандарынан үміт күткені шындық. Бірақ, спорттың аты - спорт. Біреуге жеңіс, біреуге жеңіліс болады. Бұл біздің палуандарымыз үшін сәтсіз болған күрес. Бірақ та, қазақ күресінің деңгейін әлемге танытты.
Қазақ күресі – бүгінгі күнде өз өмірін спортпен байланыстыратын адамдар үшін әлеуметтік саты болып табылады. Ұлттық күресті жаңа деңгейге көтеру қазақ елінің мәртебесі. Себебі, осы әлем күресі арқылы мыңдаған ел тамашалап, қазақ деген елді танып біліп жатыр десек қателеспейміз. Егер мемлекет болып, ел болып қазақ күресін қолға алсақ, әлемдік деңгейге көтерілуі мүмкін.
Ұлттық күресімізді дамыту арқылы бұқараның көптеп спортпен шұғылдануына, дені сау, рухы күшті болуына ықпал жасау. Болашақтағы қазақ күресінің танымалдығын арттырып, мәртебесін жоғарылатуда спорт мектептері мен жекелей қазақ күресі үйірмелерінің жаттығу сабақтарын жүргізу мен болашақ балуандарды дайындаудың ауылдық, облыстық жарыстарды үйымдастырудың маңыздылығын өте зор.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақтың ұлттық ойындары. Б.Төтенаев, Алматы, 1994 жыл
2. Қазақтың ұлттық спорт ойындары. Е.Сағындықов, Алматы «Рауан», 1994 жыл
3. Дене тәрбиесі сабағында қолданылатын қысқаша терминдік сөздер Е.Шоңов, Н.Байзақова, Қ.Омаров, А.Жұмабеков, Тараз қаласы, 2001 жыл.
4. Қазақтың ұлттық спорт ойындарының тарихы мен дамуы, Шоңов Е.Ш., Тараз қаласы, 2015 жыл,
Қазақтың ұлттық спорт түрлері, дене тәрбиесі және ойындары, ұлттық ат спортынан, кейбір үстел және қимыл-қозғалыс ойындарынан және ұлттық күрес түрлерінен тұрады.
Ат спортының түрлері:
аламан бәйге - алыс және өте алыс қашықтарға атшабыс,
аударыспақ - ат үстінде алысу,
жорға жарыс - жорғалар сыны,
құнан бәйге, дөнен бәйге, тай жарыс - жылқы түліктерінің жарысы,
қыз қуу,
көкпар - командалық ойын,
жамбы ату - шауып келе жатып нысана көздеу,
теңге алу - жерден күміс тиынды ат үстінен іліп әкету,
тоғыз құмалақ - домалақ тас ойыны,
қазақ күресі,
асық ойындары
Бүркіт салу
№2 ҚАЗАҚ КҮРЕСІ-ШЫҒУ ТАРИХЫ, ЕРЕЖЕСІ.
Өткенге көз жіберіп, шежіре жолдарына тереңірек үңілер болсақ, қазақша күрестің өсіп-өркендеу, даму жолдарының өзгеше, өзіндік сыр-сипаттары бар. Бір қызығы, әу бастан-ақ қазақтар той-домалақ думанда, басқа да халық мол жиналатын жиындарда балуандардың салмағын өлшеп жатпаған. Қарсыласыңа қарсы тұрарлық күш-куатың бар ма, онда кілемге білек сыбанып шыға бер. Әрине, атан жілікті түйе балуандардың жөні бөлек, тұрпаты тым басқаша ғой.
Дегенмен, халыктық ұғым, нағыз бәсеке тұрғысынан балуандардың мықтылығы мен тума-талант, алып күш иесі болуын салмаққа қарамай-ақ "күшті болсаң күресіп көр" деген тұжырымда кесіп-пішіп айтып тұрған тәрізді.
Былайша айтқанда кез-келген жарыс ережесіз болмайды. Ол әр халыққа әрқалай, өзіндік ұлттық психологиясы, көзқарас тұжырымдарымен тізбектеліп, қалыптасқан.
Қазақ күресінің тарихы ұлтымыздың өмір тарихымен тығыз байланысты. Балуандардың күш сынасуы ат жарысы, ақындар айтысы сияқты қазақ халқы өнерінің ажырамас бір бөлігі болып саналады. Қазақтар күш иесін «алып», «толағай», «балуан» деп атап, оны ерекше қасиет қонған адам ретінде таныған. Күрес — өнер, ол ұлттық мәдениетіміздің маңызды бір саласы болып табылады. Қазақтардың жыл он екі ай далада өмір кешіп, үнемі қозғалыста болу тірлігі, жас баладан бастап еңкейген кәріге дейін дене-күш дайыңдығына ерекше талап қойды. Қазақ елінде ат үстінде еркін отырудан бастап, садақ ату, күрес, жекпе-жек айла-тәсілдерін меңгеру ұл мен қызға бірдей қойылатын талап деңгейіне көтерілді.
Ежелгі сақтар дәуірінде де күрес өнерінін тәрбиелік мәні болғанын, адамды шыңдау міндетін аткарғанын айтуға болар еді. Бір қызығы, боз кілемде жігіттер ғана емес, қыздар да күш сынасқан екен. Көне грек жазушысы Клавдий Элиан "Сақ жігіті өзі ұнатқан қызға үйленгісі келсе, сол қызбен күресуге міндетті болған. Егер бұл белдесуде қыз жеңіске жетсе, онда жігіт соның қол астында қалып, бағынышты болады. Мықты, күшті жігіттердің ғана мерейі өсіп, билік жүргізген", - деп жазады.
Ал кіндік Азия елдерін шаралап, жиһангерлігімен аты шыққан итальян саяхатшысы Марко Поло да күрес өнері сақ елдерінде өркендеп, өсіп, әскери-қолданбалы жаттығудың бір түріне айналғанын және жігіттермен бірге қыздардың да күреске түсетінін айтып, тарих шежіресіне тіркелген.
Тағы бір саяхатшы, король Кастилий Генрих III-тің жіберген кісісі Рей Гонзалес Клавдихо өте-мөте құнды деректерді келтіреді. Ол даңқты қолбасшысы Темірдің сарайында ең күшті балуандардың белбеуден ұстап күрескенін тамашалайды. Бұл 1403-1406 жылдар аралығы екенін ескерсек, белбеуден ұстап күресудің ережесі әлдеқайда ертеден бастау алғанына көз жеткіземіз.
Темір әміршінің белбеуден ұстап күресуге қатты назар аударып, көз тігіп қарап отыруы туралы тың тарих жылнамасының мәні біз ушін өте зор. Және атақты, ауыр айқастарда жеңіске жеткен балуандарға алтыннан, күмістен, баска да бағалы металдардан жасалған сыйлықтар, тарту –таралғылар беріліп отырған.
Тағы бір бағалы жаналық, атақты тарихшы Әбілқазы Бахадүрхан былай деп жазады: "Чурас деген бектің бірі айтты: "Осында бір күшті бар. Сол онымен күресіп көрсін. Егер ол оны женсе, мен мұсылман боламын. Моңғолдың күштісін алып келді. Шейх білекті түрінді. Әлгі балуан өте қарулы екен. Бірақ Шейх оны кеуде тұсынан қатты ұрып еді, моңғол есінен танып құлап жатты... Әмір Чурас жағдайды көргеннен соң мұсылман дініне енді. Бұл күні 160 мын адам мұсылман дінін қабылдады.
Содан бері Шағатай ұлысында ислам мемлекеттік дін болып жария етілді".
Діни – саяси мәнге ие болған күрестің құдіретін осыдан-ақ біле беріңіз. Ру, тайпа өкілдерінің даңқты балуандарын бүкіл қазақ білген.
Жылдар жылжып өтті. Ғасырлар артта қалды. Содан бері казактың ұлттық спорты-күрес ешқашан тіршіліктен тыс қалмай, бірге жасасып келеді. Тарихи жазбаларда балуандық өнер туралы деректер өте көп. I. Жансүгіровтың "Құлагер" поэмасы мен Ғ. Мүсіреповтің "Ұлпан" романындағы балуандардың айқастары халықтың бауырынан бастау алған өнердің мәңгілік екенін дәлелдейтін бір ғана мысал. Батырлар жырларын парақтасаңыздар да халыктың жекпе-жек өнеріне асыл мұра ретіңде қарағанына күман келтірмейсіз.
1928 жылға дейін қазақ күресіне арналған бірыңғай ереже болған жоқ.
Сондықтан күреске шыққан балуандардың жас ерекшеліктері, салмақ дәрежелері ескерілмеді. Балуандар күресі алдын ала өзара ауызша келіскен шарт бойынша өткізілді.
1928 жылы Петропавл (Қызылжар) қаласында өткізілген спорттық ойындарда салмақ және жас мөлшеріне бөлінген алғашқы күрес ережесі қабылданды.
1938 жылы Алматы қаласында өткізілген колхозшылардың 1-республикалык спартакиадасында балуандар үш салмақ дәрежесіне бөлінді (жеңіл салмақ — 65 кг-ға дейін, орта салмақ — 76 кг-ға дейін, ауыр салмақ — 76 кг-нан жоғары).
Колхозшылардың 1-республикалық спартакиадасы чемпиондары деген құрметті атақты салмақ дәрежелері бойынша Семей облысының өкілдері С. Адасқанов, К. Алтыбасаров және И. Түменов жеңіп алады.
1938 жылы Республика чемпионаты алдында әр облыстарда біріншілік өткізілді. Онда жеңіп шыққандар «Қазақстан чемпионы» атағы үшін күресу жолдамасына ие болды. 1938 жылы Семей қаласында Қазақстан біріншілігі өткізіліп, бұл жарысқа Алматы, Павлодар, Семей, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының балуандары қатысты. 1939 жылы Республика чемпионы деген атақты Құрманбаев (Алматы облысы), Досқалиев (Батыс Қазақстан), Мусин (Павлодар облысы) жеңіп алды. Табанды белдесу нәтижесінде Батыс Қазақстан облысының өкілі Досқалиев барлық қарсыласын жеңіп, «Республиканың абсолюттік чемпионы» атағына ие болды.
1940 жылы бес салмақ категориясы бойынша республика біріншілігі өтті. Салмақ категориялары: аса жеңіл, орта, жеңіл, жартылай ауыр жөне ауыр салмақ болып бөлінді. Республика чемпионы атағын салмақ дәрежелері бойынша Байдәулетов, Құрманбаев, Төлегенов, Мохманов және Жұмабаевтар жеңіп алды.
1944 жылы Азамат соғысының батыры Амангелді Имановка арналған спорттық жарыстар өткізілді. Батырды еске алу ретінде спорттың ұлттық түрлерінен, соның ішінде қазақша күрестен де жарыс өткізілді.
1945 жылы Ұлы Отан соғысы аяктала салысымен, еліміз қираған шаруашылықты қалпына келтіруге бүкіл халық болып жұмылды. Сонымен қатар елімізде спортты дамытуға үлкен көңіл бөліне бастады. Соғыстың аяқталу құрметіне 1945 жылы мамыр айында Қазақстанның колхоздары мен совхоздарында қазақша күрестен жаппай жарыстар өткізілді.
1945 жыл республиканың спорттық өмірінде спорттын ұлттық түрлерімен айналысу жөніндегі жұмыстардың кеңінен өріс алған жыл болды. Спартакиада бағдарламасына ұлттық қазақша күрес те енгізілді. Мысалы, 1946 жылғы Жамбыл Жабаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған спартакиадаға ұлттық күрес кірді, ұлы ақын атындағы арнайы жүлделерді Медібаев, Күнібаев, Аманов жеңіп алды.
1952 жылы Түрікменстан астанасы Ашхабатта Орта Азия республикалары мен Қазақстанның кезекті спартакиадасы өткізілді. Оның бағдарламасында ұлттық күрестен жарыс өткізу де көзделді. Бес республиканың ұлттық күрес жарыс ережелерінің негізі болып қазақ күресі ережесі алынды. Жарыс сегіз салмақ дәрежесі бойынша өткізілді. Семей облысынан К. Байбатыров (жеңіл салмақ), Қарағандылықтар К. Бақыжанов (орта салмақ) пен Ә. Сәлімбаев спартакиада чемпионы атанды.
1953-1954 жылдары қазақша күрестен өткізілген жарыстарды талдау кезінде оның бұқаралығы жағынан да, әдіс-айланың көптігі жағынан да, күресу тәсілі жағынан да, қазақша күрес спортшыларды дайыңдау және жастардың дене тәрбиесіне оң ықпал ететіндігін атап көрсетті. 1955 жылы қазақша күреске сегіз салмақ категориясы енгізіліп, алғаш рет өткізілетін жарыстың ережелері жарияланды. Алғашқы ресми ережелердің авторы қазақ күресін дамытудың жанашыры Мұзафар Рахымқұлов және М. Гуннер болды.
1959 жылы КСРО халықтарының екінші спартакиадасы Мәскеу қаласында өтті. Спартакиада кезінде ұлттық күрес түрлері жаттықтырушылары мен спортшыларының бүкілодақтық семинары өткізілді. Оған барлық одақтық және автономиялық облыстар өкілдері қатысты. Семинар кезінде Кеңестер Одағындағы барлық ұлттық күрес түрлерінен өнер көрсетілді. Осы семинарда балқаштық Сағжан Аманжолов, Қарқаралық Жәкен Тәтиев қазақ күресі әдістерін көрсетіп, спорт мамандарынан жоғары баға алды.
1960 жылдың шілде айында Қазақ КСР Спорт комитетінің спорттық федерациялар бөлімі және спорттық қоғамдар бірлесе отырып, ұлттық спорт түрлеріне арналған спорттық классификацияны бекітті. Осы жұмыс
ұлттық спорт түрлерінің Қазақстанда, әсіресе, ауылдық жерлерде жақсы дамуына ықпалын тигізді. Ұлттық спорт түрлерінен спортшыларға разрядтар беріліп, жаттықтырушылардың жұмыстары бағалана бастады.
1961 жылы Қазақ КСР-нің құрылғанына 40 жылдығына арналған мерекелік 10-спартакиада өткізілді. Алдымен облыстық спартакиадалар өткізілді. Республикалық спартакиада өте тартысты өтті. Командалық есепте республикалық спартакиадада 1-орынға Семей облысының, 2-орынға Қарағанды облысының, 3-орынға Алматы облысының балуандары көтерілді.
1964 жылы «Қайрат» ерікті спорт қоғамының жекелей-командалық республикалық жарысы өткізілді. Бұл жарыс әйгілі балуан Қажымұқанның атына арналып ұйымдастырылды. Жарысқа өте көп балуандар қатысты. Жарыс жеңімпаздары болып 52 келі салмаққа дейін Үрімбеков (Шымкент), 57 келі салмақта Р. Берікболов (Семей), 62 келі салмақта Бөкенаев (Қарағанды), 67 келі салмақта Сақаев (Семей), 73 келі салмақта Бейсенов (Орал), 79 келі
салмақта Қонақбаев (Шымкент), 87 келі салмақ бойынша Қажымұқан атындағы бас жүлдені атақты балуан А. Айханов жеңіп алды.
Командалық орындар бойынша 1 -орын Семей облысы, 2-орын Шымкент облысы, 3-орын Қарағанды облысына берілді.
1965 жылы «Қайрат» ерікті спорт қоғамы өзінің республикалық біріншілігін Шымкент облысы, Темірлан ауылында өткізді. Командалық бірінші орынды Алматы облысы, 2-орынды Семей облысы, 3-орынды Қарағанды облысы жеңіп алды. Салмақ дәрежелері бойынша республика чемпионы болып Керебаев, Үртбаев (Семей), Айберов, Жепинов (Шымкент), Рахимов, Адырбаев, Еркенов, Райымбековтер (Алматы) атанды.
1968 жылы республикалық «Қайрат» ерікті спорт қоғамының үшінші спартакиадасы өткізілді. 14 облыстан жүзден астам спортшы қатысты. 52 келі салмақ бойынша Керебаев (Семей), 57 келі салмақта Смағұлов (Алматы облысы), 63 келі салмақта Изотов (Семей), 70 келі салмақта Сейсенбаев (Семей), 80 келі салмақта Қадарбенов (Шымкент), 87 келі салмақта Еркенов (Алматы), 97 келі салмақта Зиновьев (ШҚО), 97 келі салмактан жоғары Меновицкий (Целиноград) жеңімпаз атанды.
1968 жылы қазақ күресі колхозшылар мен совхозшылардың бүкіл Қазақстандық ойындары бағдарламасына енгізілді. Бұл жарыс Көкшетау облысы Қызылту ауылында өткізілді. Барлық облыстан он бес команда қатысты.
1970 жылы сәуір айында республикалық "Қайрат" ерікті спорт қоғамының ұйымдастыруымен қазақ күресінен республикалық семинар өткізілді. Бүл семинарға республикадағы барлық жаттықтырушылар мен мамандар шақырылды. Семинар бағдарламасына төмендегідей сұрақтар енгізілді:
қазақ күресінің спорттық классификациясын анықтау;
жаттықтырудың оқыту әдістемесі;
жаттықтыруды жоспарлау;
әдіс-тәсілдерді үйрету;
оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру және өткізу;
жалпы және арнайы дене дайындығы;
қазақ күресінің ережесін талқылау және бекіту.
Семинар қазақ күресінің дамуына оң ықпалын тигізгенімен, қазақ күресі осы жолы да өзінің ұлттық ерекшелігіне қарай ойыса алмады, оған себеп Кеңес Одағының сол кездегі «пішіні ұлттық, мазмұны социалистік» деген идеологиясы еді.
1970 жылы Қазақстанның 50 жылдығына арналған мерекелік спартакиада бағдарламасына қазақ күресінен де жарыс өткізілді. Жарыс Семей қаласында өтті. Оған республиканың 15 облысының және Алматы қаласының командалары қатысты. Жарыс екі топ бойынша өткізілді. Әр кіші топқа 8 команда кірді. Салмақ категориялары бойынша Сарбаев, Омарбаев, Ж. Ысқақов (үшеуі де Алматы), Мүсіпов (Семей), Ж. Шалқыбеков (Қарағанды), Рахбиев (Гурьев), 3. Шақаманов (Қарағанды), Ширанов (Алматы) чемпион атанды.
Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы физкультура және спорт комитеті коллегиясының 1971 жылғы 27 қаңтардағы қаулысы бойынша қазақ күресінен «Қазақ КСР спорт шебері» деген атақ енгізіліп, куәлік жөне «Қазақ КСР спорт шебері» деген төсбелгі берілетін болды. Осы жағдай көпшілік ұнататын спорт түрінің дамуына елеулі ықпалын тигізді.
Қазақ күресін одан әрі дамытып, кеңінен тарату ісінде Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы дене шынықтыру және спорт комитеті коллегиясының 1972 жылғы 3 желтоқсандағы қаулысының алатын орны ерекше. Қаулыда халық депутаттарының облыстық, қалалық жөне аудандық кеңестерінің жанындағы дене шынықтыру жөне спорт комитеттерінің, ерікті спорт қоғамдарының аудандық кеңестерінің назарын спорттың ұлттық түрлерін дамыту жөніндегі жұмыстардың қанағаттанғысыз жүргізіліп келе жатқандығына аударды. Республикада осы жұмысты жақсартудың нақты шараларын жасап, жүзеге асыруды ұсынды. Коллегия республикалық ерікті спорт қоғамдарының Орталық Кеңестерін және ведомстволарды, облыстық спорт комитеттерін жыл сайын жергілікті жерлерде спорттың ұлттық түрлерінен жарыстар өткізіп отыруды және республикалық жарыстар мен спартакиадаларға қатынасып отыруды міндеттеді.
1970 жылдан бастап жыл сайын Қазақстанның құрама командасы қазақ күресінен Қазақ КСР-інің аймақтык біріншілігі өткізіліп тұрды. 1973 жылы Қазақстан балуандары Ташкент қаласында өткен Орта Азия республикаларының дәстүрлі біріншілігіне қатысты. Өзбек КСР-інен кейін Қазақстан командасы жүлделі екінші орын алды. Спорт шеберлері М. Аманбаев (48 кг, Алматы), Р. Сапарғалиев (62 кг, Семей) чемпион атанды. Қазақ КСР министрлер Кеңесі жанындағы физкультура және спорт жөніндегі комитет 1974 жылы Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Фурмоновка селосында Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаев атындағы жүлде үшін қазақ күресінен екі мәрте республикалық жарысын бекітті. Сөйтіп мұнда жыл сайын күш сынасу үшін Орта Азия республикаларынан және Қазақстанның облыстарынан балуандар жиналды. Бұл жарыстар қазақ күресінің Жамбыл облысында жақсы дамуына үлкен септігін тигізді.
Қазақ физкультура институтында 1970 жылы қазақ күресінен мамандар даярлау қолға алынды, спорттық күрес кафедрасында қазақ күресі бөлімі ашылды. Бүл ұлттық күрестің өркендеуіне оң ықпалын тигізді. Осы кезеңде республика көлемінде қазақ күресінің дамуына үлкен үлес қосқан білікті мамандар П.Ф. Матущак, М. Рахымқұлов, М. Таникеев, М. Болғамбаев, Қ. Байдосов, А. Асубаев, М. Имашев, Т. Амиржанов, Р. Берікболов, П.Г. Терещенко, О. Исаханов, Д. Биткозов, М. Жақыт, Б. Жаналин т.б. болды.
Қазақ күресі федерациялары
Қазақ күресінің дамуына, оның алыс-жақын шет елдерге тарауына Республикалық Қазақ күресі федерациясының атқаратын рөлі зор.
1960 жылы Қазақ КСР-і спорттық федерациялар қоғамы ұлттық спорт түрлерінен алғашқы спорттық классификация жасады. Осы кезден бастап ұлттық спорт түрлерінен, оның ішінде қазақ күресінен спорттық разрядтар беріле бастады.
1981-1990 жылдары Республикалық Казақ күресі федерациясының төрағасы қызметін Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы, Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтының дене тәрбиесі кафедрасы меңгерушісі, доцент Ерғали Мухитдинов атқарды.
1991—1995 жылдары п.ғ.к, профессор Ерғали Мухитдинов Республикалық Қазақ күресі федерациясының бірінші президенті болып сайланды.
1995-1998 жылдары Республикалық Қазақ күресі және самбо федерациясының президенті болып Қазақстан Республикасының Білім және мәдениет министрі, спорт шебері Шайсұлтан Шаяхметов сайланды.
1998 жылы Республикалық қазақ күресі федерациясы Самбо күресінен бөлініп, жеке федерация болып құрылды. Оның алғашқы президенті болып «Атамұра» корпорациясының президенті, заң ғылымдарының докторы, профессор Мұхтар Құл-Мұхаммед сайланды. Ол осы қызметті 2002 жылға дейін атқарып, қазақ күресінің дамуына үлкен үлес қосты. Қазақстанның Тәуелсіздік алу кезеңінде болған қиыншылықтардан қазақ күресін абыроймен алып шықты.
2002 жылдан Республикалық Қазақ күресі федерациясының президенті қызметін спорттық күрес саласының маманы п.ғ.к, профессор, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы Серік Төкеев атқарып келеді.
2004 жылы Азия қазақ күресі федерациясы құрылды. Оның алғашқы президенті болып Алтай өлкесінің (Ресей) қазағы Жатқамбаев Әуелхан Жазитұлы сайланды.
2009 жылы желтоқсан айында Қызылорда қаласында өткен Азия қазақ күресі федерациясының конгресінде, Азия қазақ күресі федерациясының президенті болып Нұртаев Рзақұл Сәденұлы тағайындалды, вице-президенті Мұстафаев Садық Шоңмұрынұлы.
Европаның халықаралық Қазақ күресі федерациясының президенті Омархан Алтын (Германия).
2003 жылы Германияның Берлин қаласында өткен Дүниежүзі қазақтарының құрылтайында Дүниежүзілік «қазақ күресі» федерациясы құрылды. Оның алғашқы президенті болып Серік Адамұлы Төкеев сайланды.
Дүниежүзілік қазақ күресі қауымдастығының вице-президенті- Әбішев Ислам Әлмаханұлы, Өскемен қаласының әкімі.
Қазақ күресінде XX ғасырдың басына дейін балуандарды салмақ дәрежесіне немесе жас ерекшеліктеріне қарай бөлу болмаған. «Күш атасын танымас» деген қағидамен күрескен.
Буыны қатып, күші толған әр адам өзінің күш-жігерін сынау үшін күреске еркін қатысуына мүмкіндігі болған. Күреске шығушы күрес алаңына келіп, өзімен кімнің белдесуге шығатынын күтіп отырады. Онымен күреске шықпақ адамдар қанша болса, бәрімен күреседі.
Салмақ дәрежесіне, жас ерекшеліктеріне қарай бөлу XX ғасырдың 20-жылдарынан бастап ене бастады.
1928 жылы Петропавл қаласында қазақша күрестен өткізілген жарыста салмақ және жас мөлшеріне бөлінген алғашқы ереже қабылданды.
1938 жылы Қазақстанда өткізілген 1-спартакиада балуандары үш салмақ дөрежелеріне бөлінді. Жеңіл салмақ — 65 кг-ға дейін, орта салмақ - 76 кг, ауыр салмақ — 76 кг-нан жоғары.
1940 жылы қазақша күрестен жарыс өткізу 5 салмақ дәрежесіне бөлінді. Олар: аса жеңіл, жеңіл, орта, жартылай ауыр және ауыр салмақтар.
1949 жылы М. Гуннер және М. Рақымқұловтар шығарған ережеде қазақша күреспен күресуге жасы 18-ге толған балуан жарысқа жіберіледі және төмендегі салмақ дәрежелеріне бөлінеді деп көрсетілген. Олар: жеңіл салмақ - 66 кг-ға дейін, орта салмақ — 82 кг-ға дейін, ауыр салмақ — 82 кг-нан жоғары.
1952 жылдардан бастап балуаңдар 8 салмақ дәрежесіне бөлінді.
1985 жылдары балуандар жас ерекшеліктеріне қарай төмендегідей топтарға бөлінді: жеткіншектер — 12-13 жас, жасөспірімдер кіші топ - 14-15 жас, ересектеу тобы - 16-17 жас, жастар - 18-19 жас, ересек тобы - 20 жас және одан жоғары.
2000 жылы бекітілген ереже бойынша балуандар 7 салмақ дәрежесіне бөлінеді: 58, 65, 73, 82, 92, 92 келіден жоғары және «Түйе балуан» салмақ дәрежелері.
2002 жылы 4 сәуірде Қазақстан Республикасы Ұлттық қазақ күресі федерациясы бекіткен ереже бойынша балуандар төмендегідей үлгіде жасына қарай топқа бөлініп, салмақ дәрежелері бойынша белдескен.
Чемпионаттар мен біріншіліктерге, түрлі баска да жарыстарға қатысушы балуандардың куәлік-рұқсат құжаттары болуы тиіс.
Таразыға тартылған кезде жарысқа қатысушы өз рұқсат куәлігін ҚКФ-ның екілеттілігін алған ресми тексерушіге беруі керек.
Куәлік құжатқа ҚКФ-ның сол жылғы мөрі басылған жағдайда ғана күшін сақтайды.
Жасына қарай топқа бөлу, салмақ дәрежелері:
а) Жасөспірімдер (14-15 жас) - 38, 42, 46, 50, 55, 60, 66, 73, 73 келіден жоғары.
Белдесу мезгілі - 3 минут
ә) Ересек жасөспірімдер (16-17 жас) - 46, 51, 57, 64, 72, 81, 81 келіден жоғары
Белдесу мезгілі - 4 минут
б) Жастар (18-19 жас)
в) Ересектер (18 жастан жоғары) - 54, 60, 66, 74, 82, 90, 90 келіден жоғары.
Белдесу мезгілі - 5 минут.
Жастар тобындағы балуан өтіп жаткан жарысқа дейін 18-ге толған болса, ол ересектер арасындағы жарысқа қатыса алады. Жарысқа өз еркімен және жеке жауапкершілікпен қатысуға тілек білдірген әрбір балуан өз салмақ дәрежесі бойынша арнайы таразыға тартылған соң ғана белдесуге жіберіледі.
Бас балуан біріншілікке белдесем деушілер 74 келі салмак дәрежесінен жоғарылар қатыса алады.
2010 жылдың маусым айынан бастап Қазақ күресі бүкіл әлемдік күрес федерациясына (FILA) толық құнды мүше болып кіруіне байланысты 2012 жылдан бастап балуандар төмендегідей салмақ дәрежелеріне қарай бөлініп, белдесетін болады: 60, 70, 80, 90, +90.
Қажымұқан Мұңайтпасов туралы деректер
Тарихи деректерге сүйенсек Қажымұқан Мұңайтпасов 1871 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезі, Сарытерек болысына қарасты Жәдік деген жерде дүниеге келген.
Қазір Қажымұқан ауылы аталады. Әкесі - Мүңайтпас, шешесі — Кәбира. Қыстағы Қорғалжың қамысында болған.
Анасы Кәбира Қажымұқанның алдында Асан мен Үсен деген егіз бала көтереді, екеуі де екіден үш жасқа аяқ басқан кезінде «қарасан» ауруынан қайтыс болады.
Анасы да ер мінезді, күшті адам болыпты. Кәбира
6-сурет. Қажымұқанды дүниеге әкеліп, қайтыс болған.
Қажымұқан Қобыланды батыр Қажымұқанның он бірінші
Мұңайтпасов бабасы.
Төртінші атасы Шәді Абылай ханның тұсында батыр, асқан найзагер болыпты.
Мұңайтпастың әкесі Ернақ та батыр, күшті адам болған.
Балуанның мінез-құлқы да басқа ауыл балаларынан өзгеше бітіпті. Ол айқайлап, жүгіріп, ойынға онша қызбай, өз бетімен жүруді жаратқан. Аюдай қорбандаған жүгірісі, қимылы да өзге балалардан саябыр болған. Дала ойынында жүріп біреуді ұрса да, біреуден таяқ жесе де, сыр білдірмеген. Кейде балаларына ара түсіп, кейбіреуінің әкелері Мұқанды шыбықпен тартып-тартып жіберсе де, жауап қайтармаған, жыламаған, мінезі қайсар, жігерлі болған.
Қажымұқан 1938 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы, Шәуілдір ауданы, Шілік ауылына қоныс аударып, соңынан Темірлан селосында тұрған.
Қажымұқанның алғашқы зайыбы Бәтима, шын аты — Надежда Николаевна Чепковская. Одан балалары Халиолла және Абдолла (асыранды баласы) болады.
Екінші әйелі Ырыстыдан үш ұл, үш қыз көреді. Ұлдары ерте қайтыс болады. Қыздары София 1924 жылы, Әзия 1930 жылы, Рәшида 1933 жылы туған. Үшінші әйелі Мінәйімнен 1940 жылы Айдархан туады.
Төртінші әйелі — Айшагүл (Бибіжан), одан 1948 жылы ұлы Жанәбіл туады.
Қажымұқан балуан 1948 жылы 16 тамызда қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Темірлан ауылында қайтыс болған. Зираты Темірлан ауылында.
Қажымұқан атамыздың балуандық өнердегі жеңістері
Қажымұқан жас кезінен қазақ күресімен күресіп, күрестің кыр-сырының алғашқы мектебінен өтеді.
1889 жылдың тамыз айынан 1890 жылдың ақпанына дейін Қажымұқан Петербордағы Тадевско-Лебедев атындағы мектепте француз күресін үйренеді. 1890 жылдың ақпан айында Одессадағы Ветлижинский деген кісінің күрес мектебінде үш ай оқып Еуропа мен Американың күрес түрлеріне жаттығады. Сол жылы шілде айынан бастап Қажымұқан 12 ай бойы Гамбургтегі Ауен деген адамның күрес мектебінде оқып күрестің түр-түрін жетік меңгереді. Қажымұқанның балуандық өмірінде қай күрестің түрі болса да еркін күресуіне осы мектептегі жан-жақтылыққа үйрету дағдысы үлкен септігін тигізеді.
— 1890 жылдың қазан айында Қажымұқан түңғыш рет үлкен күреске түседі, күрес 1891 жылдың наурыз айына дейін созылады. Осы күресте Иван Зайкин секілді бірнеше белді балуандарды жығады. Иван Поддубныймен бас бәйгеге таласып, одан жеңіледі. Қажымұқан өмірінін соңына дейін Подцубныймен достығын, оның адамгершілігін мақтап өткен адам.
1892 жылы Қазан қаласында циркте күресіп, бірінші бәйгені және мың сом алтын ақша, бір алтын медаль алады.
1896 жылы Поддубный мен Қажымұқан Францияға барып Ресей атынан күреседі. Екеуі бірінші және екінші жүлдені бөліседі.
1896 жылдың көктемінде Парижде, соңынан жүз елуге тарта дүние жүзінің әйгілі балуандары жиналған Берлинде күреседі. Осы күреске келген Поддубный ауырып қалады. Ресей атынан Қажымұқан жалғыз күресіп, ағыл-шьш балуаны Пирар Колос екеуі бірінші және екінші орынды бөліседі. 1889 жылы Парижде Қажымұқан Пирар Колосты жеңеді.
1901 жыл. Омбы қаласында Ресейдің атақты балуаны Злобинмен күресіп, циркте өнер көрсетті.
1906 жыл. Гамбургте (Германия) оқу-жаттығу, тәжірибе курсынан өтеді.
Осы жылы Берлин қаласында өткен Еуропа біріншілігінде француз күресін халықаралық дәрежеде паш етті. Сол жолы Еуропа құрлығының жеңімпазы атанады.
1907 жыл. Петербор. Фарс паркіндегі біріншілік финалда И. Поддубныймен тең түседі.
жыл. Киевте халықаралық біріншіліктің жеңімпазы атанады.
жылы Омбы, Новосібір, Барнауыл, Иркутск, Орынбор, Түмен, Қызылжар, Кереку, Баянауыл, Семей, Өскеменде күресіп, өнер көрсетеді.
1909 жылы Ригада халықаралық «Алыптардың отаны» деп аталатын біріншілік өтіп, 65 балуан қатысады. Финалда Алекс Абергтен жеңіліп, кіші алтын медаль алып, екінші орынға шығады.
1909 жыл. Швецияның Гетеборг қаласында дүниежүзілік француз күресінен үлкен алтын медаль үшін жарыс өтеді. Финалдық айқаста Абергпен кездесіп, екеуі екі күн күресіп, бір-бірін ала алмайды, екеуіне де үлкен алтын медаль беріледі.
1909 жылы қыркүйекте Гамбург чемпионатында Қажымұқан Абергпен финалға шықты. Г. Лурих Қажымұқанға финалда Абергтен жеңілуін сұрайды, бірақ Қажымұқан оған көнбеді. Лурих екеуінің арасындағы қатынас осымен аяқталады.
Сол жылы Варшавадағы жарысқа қатысып, финалда Шемякин мен Марк Готтан ұтылып, үшінші орын алады.
1910 жылы Оңтүстік Америкадағы Аргентинаның Буэнес Айрес қаласында еркін күрестен Америка құрлығының жеңімпазы атанады.
жылы Германияда Берлин қаласында дүние жүзінің чемпионы Ганц Кауынды жеңіп, «Дүние жүзінің чемпионы» атанады.
жылы Мәскеуде, Петерборда, Варшавада өткен біріншіліктерде екі дүркін кіші алтын медальды жеңіп алады.
жылы Польша королі Сегизмундке арналған «Король Сегизмунд белдігі» атты жарыста екінші орынды иеленіп, 1912, 1913, 1914 жылдары осы белдіктің иегері атанады.
жылы Саратовта, Нижний Новгородта өткен Ресей біріншілігінде кіші алтын, үлкен күміс медаль алады.
жыл Бельгияның Генте қаласында өткен халықаралық жарыста Қажымұқан бірінші орын алып, үлкен алтын медаль тағады.
жылы Парижде өткен Әлем біріншілігінде Поддубный екеуі финалға шығады. Осы жолы «Ағаның жолына әдепсіз таласады», — деп Мұқан Поддубныйды кілемнен көтеріп, бірінші орын осы кісінікі деп, алаңнан алып кетеді.
1913 жыл Брюссельде Франция мен Ресейдің жүзден аса балуандары жиналған жарыста Қажымұқан үлкен күміс медаль алады.
1913 жыл Тбилисиде өткен біріншілікте Поддубный, Аберг, Қажымұқан бір-бірін жыға алмай, бас бәйге үш балуанға бөлінеді.
Қажымұқан осы жолы 8 кіші медаль, екінші орынға берілетін кіші алтын медаль қосып, 9 медальды жеңіп алады.
Сол жылы Парижден Петерборға келгеннен соң Мұқанға Париждегі жеңістері үшін патшаның бюсты салынған үлкен медаль беріледі.
1914 жылы Парижде (америкалық) еркін күрестен халықаралық жарысқа қатысады. Ол Махмут деген лақап атпен күреседі. Осы жарыста Қажымұқан еркін күрестен Әлем жеңімпазы атанады.
1914 жылы Американың Нью-Йорк қаласына келеді. Соңынан Сан-Францискоға келіп атақты балуандармен күреседі. Америкадан Қажымұқан Мәскеуге 1915 жылдың басында оралады.
1915 жылы Үнді, Қытайда болады.
1915 жылы Хабаровск қаласында өткен халықаралық біріншілікте финалдық айқасқа үлкен алтын медальды алу үшін Поддубный мен Қажымұқан шығады. Бүлар екі күн бойы ұдайы күресіп, бір-бірін жеңе алмай тең түседі, бірінші, екінші орынды бөліседі.
1915 жылы Саракики Джиндофудан хат келіп, онда Ресей балуандарын Харбинге шақыратындықтарын айтады. Сол жарысқа бойы 2 м. 10 см. болған Қытай балуаны Ци Хобанг және жапонның Саракикиі қатысады.
Поддубный мен Қажымұқан он бес күн бойы күресіп қарсылас балуандардың бәрін жеңіп шығады. Жартылай финалда «Шығыс жұлдызы» Саракики мен Қажымұқан кездеседі. 15 минут ішінде Қажымұқан Саракикидің жауырынын жерге тигізеді.
Поддубный мен Қажымұқан финалдық айқаста екі күн күресіп, бір-бірін жеңе алмайды. Бас жүлде екеуіне тең бөлінеді, бірақ жарыс ұйымдастырушылары жүлдені бермейтіндерін айтып, кім Саракикиді жапон күресі бойынша жеңсе жүлде соған берілетіндігін хабарлайды.
Саракикимен «Иттің күресі болса да күресемін»,— деп Қажымұқан күреске шығады.
Күрес аяғында Қажымұқан Саракикидің ернінен жоғары қарай тартып, бас терісін сыпырып алады.
1916 жылы. Қажымұқан Түркия, Мысыр, Иранелдерінде күреседі.
Хижраның 1286 жылы Стамбулда түріктің даңкты балуаны Нүрланы жеңеді.
Соңынан Мекке мен Мединеге барады. Осында Джилда қаласында ұйымдастырылған күреске 25 адам қатысады.
Қажымұқан осы жолы бәрін жеңіп, оған «Азия мен Африка чемпионы» деген жазуы бар алтын медаль және 5000 риал ақша тапсырылады.
1923 жылы Қоянды жәрмеңкесінде Қажымұқан мен Қытайдың әйгілі балуаны Мао-Дән-Фу күреседі. Жасының үлғайғанына қарамай Қажымұқан күреске шығып, жеңеді.
1927жылы Қажымұқанға «Қазақ даласының Батыры» атағы берілді.
Қажымұқан балуан туралы деректер әдеби, тарихи баспа беттерінде жарияланған. Сонымен қатар ғылыми-зерттеу бағытында 1960—1970 жылдары аралығында арнайы үкімет тапсырмасымен орындалған М. Таникеев, М. Кизекенов, А. Бүркітбаевтардың еңбектерінің бағасы зор. Қазір егеменді ел болып, мөдени мұраларымызды қайта түгендеп жатқан кезде өзіміздегі және шет елдердегі Қажымұқан туралы және басқа дене тәрбиесі, спортқа қатысы бар мәліметтерді жинақтау, қайтару жұмыстарын қолға алатын уакыт келді.
Қажымұқан ел арасында күш өнерін көрсетіп, алғашқы қазақ театрының, циркінің шаңырағын котеруге ат салысты. Белгілі мәдениет қайраткерлері Иса Байзақов, Жұмат Шанин, Қалибек Қуанышбаев, Серке Қожамқұловтармен қатар театр сахнасын қалыптастырды. Цирк артистерімен бірге Қажымұқан да Орынбор, Ташкент, Омбы қалаларында өнер көрсеткен, сонда оқып жатқан қазақ студенттеріне үнемі қаржылай көмек беріп, ақыл-кеңесін айтып қамқорлық жасап отырған.
Ұлы Отан соғысы жылдарында қарт балуан ел арасында өнерін көрсетіп, жинаған жүз мың сом ақшасына Амангелді Имановтың есімімен аталатын ұшақ жасатып, майданға жібереді.
Қазақ деген қабырғалы елдің атын әлемге алғаш танытқандардың санатында Қажымұқан балуанның тұратындығы даусыз. Дара туған ол, халқының адал перзенті, ұлы тұлғасына айналды. Көрнекті ғалым, профессор Әуелбек Қоңыратбаев: «Қажымұқан өзін жер жүзіне таныта білген бұқара өкілі, жеке балуан емес, бүтін бір елдің балуаны болды» деп жазған еді. Осы өнегені енді егеменді Қазақстан балуандары жалғастырсын деген тілек білдіреміз.
Оның бойындағы бұла күш елінің ұлттық намысының, рухының көтерілуіне бағытталды.
Қажымұқан атамыздың 75 жасындағы дене құрылысының өлшемдері
(Профессор Ә. Қоңыратбаевтың дерегі бойынша)
1. Салмағы — 174 кг.
2. Бойы — 195 см.
3. Төбесінен беліне дейін — 77 см.
4. Белінен аяғына дейін — 113 см.
5. Кеудесінің аумағы — 146 см.
6. Кіндік тұсынан белінің аумағы — 173 см.
7. Жуан санының аумағы — 49 см.
8. Сан жілігінің (тізеге дейін) ұзындығы — 65 см.
9. Балтырының аумағы — 49 см.
10. Балтырының ұзындығы — 58 см.
11. Табанының ұзындығы — 35 см.
12. Аяқ киімі — 54 размер.
13. Шалбарының белі — 220 см. 7-сурет. Қажымұқан
14. Белдеулігі — 170 см. атамыздың соңғы
15. Жалпақ жауырыны — 60 см. суреті
16. Қолтық еттің жуандығы — 50 см.
17. Қар етінің жуандығы — 47 см.
18. Екі иықтың ені — 56 см.
19. Мойнының жуандығы — 56 см.
20. Бас аумағы — 65 см.
21. Қол саусағының басынан білегіне дейін ұзындығы — 25 см.
22. Ортаңғы саусағының ұзындығы — 14 см.
23. Ортаңғы саусағының жуандығы — 10 см.
24. Үстіңгі және астыңғы еріндері — 12 см.
Балуан Шолақ туралы дерек
Балуан Шолақ (1864— 1919) белгілі әнші-сазгер, ақын, балуан, ерен күш иесі. Шын аты — Нұрмағамбет, Көкшетау облысының «Қайрақты» деген жерінде шаруа Баймырзаның отбасында дүниеге келген. Оң қолының төрт саусағы жоқ мұқылдығына және жауырыны жерге тимеген балуандық өнеріне байланысты халық оны Балуан Шолақ деп атап кеткен.
Қазақ халқының өнер тарихында Балуан Шолақтың орны ерекше. Оның ақындық, әншілік, сазгерлік
шығармашылығы халқымыздың асыл қазынасына айналған.
8-сурет Балуан Шолақ әр кезде шығарған «Ғалия», «Дікілдек», Балуан Шолақ «Сентябрь», «Тау көрмедім Көкшенің биігіндей», «Жастық», «Қызыл асық», «Қаршыға», «Сұрасаң менің атым Балуан Шолақ», «Бұл күнде қырық тоғызда менің жасым», «Тік шырқа», т.б. әндері көркемдік дәрежесінің биіктігімен халықтың сүйіспеншілігіне бөленген. Бүл әндер ойнақы ырғаққа, жан тебірентер шынайы лебізге, Сарыарқаның адуын балуанының бойындағы әр екпінге толы. Сонымен бірге ол қазақ даласына түңғыш цирк өнерін әкелуші де. Балуан Шолақ шаршы топқа түсіп күресумен қатар, гір көтеріп, күш жұмсалатын әр түрлі ойындарды, ат үстінде орындалатын алуан жаттығуларды шебер орындаған. Ізіне ерген өнерпаз жігіттермен бірге халық әндерін, өз шығармаларын хормен де айтқан. Балуан Шолақ орыс патшасының отарлық саясатына жан-тәнімен қарсы болған адам. Елін, жерін «қара шекпенділерден» қорғау үшін күрескен батыр.
Балуан Шолақтың көтерген 51 пүт гірдің тасы 816 келі. Осы салмақты 2000 жылы 22 наурызда Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде өткізілген Түйе балуандардың Республикалық чемпионатында белтемірге жинақтап, көтерген адамға автокөлік сыйға қойылды. Қойылған салмақты бірде-бір адам орнынан көтере алмады. Осы жүлде әлі өз иесін күтуде.
№