№1 Махамбет жырларында Исатай бейнесін сомдаудағы ақынның тіл шеберліктерін мысалдар арқылы талдап жаз


№2 Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романындағы Қайрош бейнесін берудегі автор



Pdf көрінісі
бет2/50
Дата07.02.2022
өлшемі0,71 Mb.
#85004
түріReferat
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
50 esse gumanitar 2019

№2 Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романындағы Қайрош бейнесін берудегі автор 
шеберлігін сипаттап жазыңыз.
«Ғабит Мүсірепов ардақты тұлға. Мүсірепов туралы мың сөзден «Мүсірепов» деген сөздің 
мағынасы әлдеқайда терең, мазмұны ерекше бай. Демек, Мүсіреповті мақтаудың керегі жоқ, 
Мүсіреповпен мақтану керек»,– деп З.Қабдолов айтқандай, кеңестік дәуірде кең өріс жайған, 
көпжанрлы, биік профессионалды қазақ әдебиеті шеберлерінің алғы шебінде Ғабит 
Мүсіреповтің есімі аталады. Оның қаламынан көптеген қызықты әңгімелер, новеллалар, 
очерктер туды. Сондай туындыларының бірі – «Қазақ солдаты» романы.
«Зытып келем, зытып келем. Артыма қарай–қарай зытып келе жатқаным–қашып келемін, 
артыма қарай беретінім – қорқып келемін» деп шығарма басын жазушы сиыр айдап жүрген 
Қайроштың сөзімен бастап, оның соңында ержүректі, қайсар батыл тұлға болғанын 
әңгімелейді. Қайрош – романның басты кейіпкері. Ол – Кеңес Одағының батыры Қайырғали 
Сыпағұлов болып табылатын Қайрош Сарталиев еді. Ал осы кейіпкердің образын жасауда 
жазушы қандай шеберлік танытты? Қайрош бейнесі қалай сомдалады?
Біріншіден, Қайрош, ол – қысылшаңда жол табатын, басқа ажал қаупі төнген қиын қыстау 
шақтарда еңсесін түсіп езілмейтін, сонымен қатар, қайғы мұңға болй алдырмайтын жігерлі 
жауынгер. Романда соғыс шындығының талай қиын өткелдері, жауынгерлер басынан өткен 
талай қатерлі сынақтар көрсетілген. Осы қысылтаяң кездерде Қайрош үнемі сабырлы, 
байсалды қалыпта көрініп, қиындықтан шығудың жолын тауып отырады. Ер мінезділігімен, 
алғыр ойымен батыр тұлға әрдайым серіктерін сүйсіндіріп, оларға үлгі болып көрінеді. 
Мәселен, романда Қырым жағасында соғыс сипатталған бір сәтті көз алдымызға келтіріп 
өтелік. Сол бір қилы заманда совет сарбаздарының оқ дәрілері де азайған, азық түліктері де 
таусылған, көп күн ұйқы көрмей қажып шаршаған кездері болатын. Осы қатаң шайқаста 
Қайроштың көр серігі, жан жолдастары ерлікпен қаза табады. Толстов, Гришин, Қайрош 
үшеуі ғана тірі қалады. «Егер жау берілмесе, оны құртар болар», міне, дұшпанмен қанды 
шайқас үстінде әр совет жауынгерінің көкейінде сайрап жатқан сөз осы еді. Дұшпанға қарсы 
ерлікпен күресу үшін жауынгердің бойында Отанға деген зор махаббат болуымен қатар, 
оның оттай жүрегінде дұшпанға деген ызалы өшренділікте лапылдап жанып тұруы керек. 
Ғ.Мүсірепов Қайрош пен оның майдандастарының ерлігін суреттегенде, олардың 
бойындағы осы қасиеттерді толғана ашып отырады. Шығарманы оқығанда оқушыны өзіне 
баурап, оны ерлік сезімге бөлеп отыратын салалары да, міне осында еді.
Екіншіден, көркем шығарманың, оның кейіпкерлерінің толық ашылу қасиеті оқиғаларды 
таңдап алумен, шебер композициясымен, характерлердің шыншылдығымен ғана шектеле 
бермейді.Сол себептенде, «Қазақ солдаты» романында тілдік шеберліктің неше алуан 
жарқын, әрі сәтті мысалдарын кездестіруге болады. Мұнда мінез бен тұлғаны жарқ еткізіп 


www.BankReferatov.kZ https://vk.com/ubt_land 
аша түсетін диалогтарда, ішкі жан дүниесін танитын монологтар да, жанды бейнедей 
елестейтін табиғат суреттері де аз емес екеніне көзім жетті.
Қорыта келе, «Қазақ солдаты» романы – Ұлы Отан соғысының қаһарлы күндерінің 
шындығын бейнелейтін туынды болып табылады, Ал жазушының бақыты мен мәртебесі 
халықтың оған деген сүйіспеншілігі мен сенімінде, аталмыш шығармаларының жержүзілік 
даңқа ие болуында деп ойлаймын..
«Жауынгерді айналдырып кұрышқа,
Тайсалмастан кірген талай ұрысқа 
Ұрпағына үлгі болған ғұмырын 
Ұқсатамыз жарқылдаған қылышқа» 
Бұл қазақ солдаты – Қайырғали Смағұлов. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет