www.BankReferatov.kZ https://vk.com/ubt_land
алатынын біледі. Бұл оның өміріне серік, өнеріне көрік берген ұстанымы. Ал осындай
ақынның өткір тілмен танылған жері қайсы? Қырғыз бен қазақ еліне озық ойды қалай
дәріптеді?
«Хандарың отыр қысылып,
«Көппін» деп маған айтпай ақ қой
Баймын десең жетпей ме?!
Асқаралы тау мен едім,
Адырмақ тау сен едің»
деп ақиық қырандай құйылып келіп, даланың жел ілеспес сәйгүлігіндей құйын перең
көсіліп, құйғыта шабуында осы мәнер, осы ұстаным арқылы жеткізгенін аңғарамыз.
Сүйінбайдың ең бір дарынды адам екенін танытатын жері Қатағанмен айтысында еді.
Жырдың қуаты алпыс екі тамырыңызды кезіп, ішіңізде әлдекім сарыала тілін салқитып
тандыр өртеп жатқандай күйге бөлейтін бірден бір айтыс десек те болады. Сондықтанда:
«Шығарма енді үніңді,
Есіңе сақта құлаған,
Қанатың сынған күніңді.
Қырғыз, қазақ жиылып,
Жалпылдатпа мұныңды!»,
деген атақты Қатағанмен болған айтысында басымдылықпен түсіп, Қатағанның абыройын
айрандай төгеді.
Қорыта келе, қазақ халқының дара да дана жырауы болып табылатын Сүйінбайдың
шешендігі, өткір тілділігі мен озық ойлылығы түркі тіолес тайпаларына таныта отырып,
оның асқан ақылдылығын танытады. Сонымен қатар, тек танылып қана қоймай, оның бізге
қалдырып кеткен өнегесі мен ақыл өсиеті бізге өмірлік азық іспеттес.
Достарыңызбен бөлісу: