№1 Махамбет жырларында Исатай бейнесін сомдаудағы ақынның тіл шеберліктерін мысалдар арқылы талдап жаз


№12. Зар заман ақындарының шығармаларына арқау болған мәселелерді жинақтап



Pdf көрінісі
бет12/50
Дата07.02.2022
өлшемі0,71 Mb.
#85004
түріReferat
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   50
Байланысты:
50 esse gumanitar 2019

№12. Зар заман ақындарының шығармаларына арқау болған мәселелерді жинақтап, 
дәлелдер арқылы тұжырымдап жазыңыз.
Бағзы заманнан бері қарай өмір сүрген ақын жыраулар қазақ жеріндегі замана көшінің 
бағыт бағдарын елден бұрын бағамдап, өмір ағымының беталысын, тіршілік тынысының 
өзгерістерін дөп басып танып отырған. Іштен, сырттан келетін қауіп қатерлерді алдын ала 
сезіп білген. Өзгелерден дара туған ақын, өзгелерден ақылы мен бітімі бөлек болуын 
Тәңірдің берген ерекше қасиеті десек болады. олар қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған 
мамыражай заман болса, шабыттанып, ел арасындағы бірлікті ту етіп жырлаған.
Ел басына қара бұлт үйірілген аласапыран заманда отты жырларымен жауларына шоқтай 
түссе, қалың қазақ әскерін жігерлендіріп, тұтастық пен бірлікке шақырған. Ал туған жеріне 
жатжұрттықтар сұқтанып жерлеріне көз алартып, шеңгелдеп қол сала бастағанда, жыландай 
жылжып келе жатқан қасіреттен халқын сақтандырып зарын жырмен төккен. Жат 
пиғылдардың елдің іргесін ірітіп, ырысын шашып, қазынасын қасықтап таситынын елден 
бұрын аңғарған да осы «Зар заман» ақындары болатын. Олар алмағайып заманда елдің 
жігерін жанып, төнген қауіптің бетін қайтар жолында халықты жауға қарсы үгіттеп отырған. 
Ал отты жырымен көзге түскен ақындардың шығармаларына арқау болған қандай 
мәселелер? Қазақ деп шырылдаған жыраулардың шығармалары қандай үндестік табады? 
Осыны бірге талдап көрелік. 
Біздің дәуіріміздің 18 ғасырынан бастап көршілес Ресей патшалығы қазақ жерінде өзінің 
отаршыл әрі озбыр саясатын іске асыра бастайды. Орыстар қазақтарды алдап қармағына 
түсіріп, жерімізді емін еркін билеп төстеп, елдің шырқын бұзып, шырайлы жерді еріксіз 
тартып алып, халықты тілі мен дінінен, ата баба заманынан бері келе жатқан салт дәстүрінен 
бездірмекке әрекет етеді.
Менің ойымша, халық басынан өтіп жатқан дәл осындай мәселелер «Зар заман» 
ақындарының зарлай төккен жырларында үндестік тапқандай. Әлмисақтан атадан балаға 
мирас болып, сан ғасырлар бойы қаймағы бұзылмай сақталып қалған ұлттық 
құндылықтарымыз жан жақтан анталаған жаулардың, әсіресе, орыстардың озбырлығынан 


www.BankReferatov.kZ https://vk.com/ubt_land 
өзгеріске ұшырауы әр ақынның намысына тиіп, шырқатпай қоймасы анық. Ел басқарудың 
жөні сол екен деп басынған орыстардың жасаған әрекеттері сансыз көюейді. Халықты 
қисынға келмейтін салықтармен, ретсіз алымдармен қанауы, отаршылдық саясаттың белең 
алуының бәрі де, менің пайымдауымша, «Зар заман» деп аталатын ақындардың 
шығармаларының басты мәселесі деп толыққанды айтуға болады.
«Зар заман» деп атауының өзі де барлық жағдайды айтып тұрғандай. Себебі, олар сол 
замандағы қазақ халқының мұң мен зарын, тартып жүрген азабын, көріп отырып, алдағы 
күнді ойлаған ұлт қайраткерлері алдыға суырылып шығады, елдің мұңын жоқтап, өлеңмен 
шерін тарқатқан екен. Әр шығармалары үндестік пен рухани байланыс тапқан олардың 
өлеңдерінде замана тағдыры ащы көрсетілген. Өз заманының тамыр соғысын елден бұрын 
сезетін, өмір ағысының беталысын алдын ала біліп отыратын дана жыраулардың өлеңдерінің 
ұқсастығы да осында.
Қорыта келе, зауалы мол заманда ғұмыр кешіп, отарлық езгіге, орыс патшалығының 
қанауына түскен халық тағдырын запыранды зармен, күңіренген мұңмен жырлай төккен 
ақындар халық үшін ерен ерліктер атқарып, бізге тәлім тәрбие бергендей. Болашақ ұрпақ 
үшін бастарын қатерге тіккен жауынгер жыраулардың әрбір ісі біз үшін үлгі өнеге болуымен 
қатар әдебиетімізде асыл мұра қалдырып кетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет