www.BankReferatov.kZ https://vk.com/ubt_land
қоя білген жандар еді.
Оның дәлелі, «Сауықшыл
есіл елім-ай, Сарыарқа сайран жерім-ай!» деп
туған жері туралы жырлаған екі ақынның «Сағындым» атты өлеңінен көруге болады.
Абай үлгісінен нәр алып, өзінің шығармашылық ортасында ақындық бетін айқындап, Міржақып
ықпалымен күллі ел жұртқа азаттық келбетін таныта білген Мағжан
өмір жолында таза ұлтжанды
тұлғаға айналады. Елдің елдігі уыздай ұйыған бірлікте деп түсінген ақын өзін Алаш үшін
құрбан
етуге даяр тұрады: «Не көрсем де, Алаш үшін көргенім; маған атақ ұлтым үшін өлгенім!» деп тіпті
Омбы түрмесіне қамалады.
«Абақты да айдан, күннен жаңылдым,
Сарғайдым ғой, сар даламды сағындым.
«Қарашығым, құлыным!» деп зарлаған
Алыстағы сорлы анамды сағындым»,-
деп абақтыда жатқан кезінде ішіндегі мұң шерін өлең арқылы жеткізеді. Бұл өлеңінде ең алдымен
туған анасын сағынып зарланса,одан кейін ғұмыр бойы бұлт арылмаған бостандық күнді аңсайды.
«Туған жерді Мағжаннан көп, онан артық суреттеген қазақ ақыны кемде-кем шығар» деп
Ж.Аймауытов айтқандай, Мағжан туып өскен жерінің, екінші анасындай болып кеткен табиғат
аясын, бауырында өскеннен кейін Сарыарқасын сағынбай тұра алмайды.
«Қазағымды, қалың елді сағындым,
Сарыарқамды сайран жерді сағындым.
Балдай бұлақ, мөлдір күміс көбікті,
Арқадағы айдын көлді сағындым»,-
деп кіндік қаны тамған жерін, оның жан жолдасына айналған жүйрік желіне дейін, атқан таңын,
батқан күнін аңсайды. Осы өлең арқылы өзінің мауқын басып, бәрін еске алу арқылы бізге
жеткізгендей.
Мағжандай ақынмен қатар тұратын сыршыл сезімге толы, қазақ поэзиясындағы лирик ақын
Сәкенде туған даласы Сарыарқаны сағына жырлаған. Ол «Сағындым» өлеңінде:
Мал бағып, шауып ойнаған,
Үйреткен асау байлаған...
Сарыарқа сары белі бар,
Өрісті шалқар белі бар
Сағындым мен аулымды...
Сағындым бейбіт елімді
Сағындым Арқа жерімді,-
деп сағынышын жыр арқылы жеткізеді. Туған дала төсінде жүрген шақтарын сағынып, табиғат
аясындағы сезімінің сұлулығы мен тұрақтылығын, оны ардақтау, қадірлеу идеясын жеткізеді.
Ал осындай сыршыл ақындардың, Мағжан мен Сәкеннің өлеңінде қандай үндестік бар? Бұл
өлеңдерде ақын адамның ішкі сезімі қалай жеткізілген?
Менің ойымша, ақындар жырларына ғұмыр бойы арқау еткен дала келбеті мен кіндік қаны тамған
жері Сарыарқаға деген сағынышын жеткізу, екі ақынның да өлеңдеріне арқау болады. Қазақ
поэзиясының жаны мен жүрегіне арналған «Сағындым» өлеңінің тағы да бір ұқсастығы туған
жерімен қатар, жүректері Алаш деп соғып, қазақ еліне деген сағыныштарын жеткізуі деп білемін.
Елінің бостандығын аңсап, азаттықты аңсау екі шығармада да үндестік табады.
Сөз соңында айтарым, Сәкен мен Мағжан өлеңдеріндегі сөз қолдану шеберлігі екі ақын мұрасын
етене жақындастырып тұрғандай. Сонымен қатар, туған жерге, халқына деген махаббатын жырға
қосып, елге деген сағынышын білдіру, қазақ топырағындағы жырымен өрнек үлгісін паш ете
www.BankReferatov.kZ https://vk.com/ubt_land
отырып, махаббатын сағынышы арқылы білдіру Сәкен мен Мағжан жырларында үндестік тауып
тұрғандай. Осы арқылы бізге ел мен жерді қастерлеп, қадірлеудің үлгісін көрсетіп кетті.
Достарыңызбен бөлісу: