1. 8 Қорлар есебі



Дата22.03.2020
өлшемі30.8 Kb.
1.8 Қорлар есебі
Тауарлық-материалдық құндылықтар бір жылдың ішінде немесе компанияның бір операциялық циклының ішінде сатылатын немесе пайдаланылатын болғандықтан ағымдағы активтер қатарына жатады. ТМҚ шаруашылық субъектісінде келесі түрлерге бөлінеді:

  • өндіріс процессінде немесе жұмыстар орындағанда және қызмет көрсетілгенде пайдалануға арналған шикізат, материалдар, шала фабрикаттар және құрастырмалы бұйымдар, отын, ыдыс материалдары, қосалқы бөлшектер, өндірістік және шаруашылық инвентарьдың өзге де материалдары (материалдар шоттары);

  • аяқталмаған өндіріс. Оның өзіндік құнына тек шикізат шығындары ғана емес, сонымен бірге еңбек шығындары және жанама үстеме шығыстар да кіреді (негізгі және көмекші өндіріс, меншікті өндірістің шала фабрикаттары шоттары);

  • дайын өнім және шаруашылық субъектісінің қалыпты қызметі барысында сатуға арналған тауарлар (дайын өнім және тауар шоттары).

Тауарлық-материалдық құндылықтар құрамына кірмейтін тауарларға мыналар жатады:

  • Консигнациядағы тауарлар.

  • Жолдағы тауарлар.

ТМҚ бағалау күрделі процесс болып табылады және келесі сатылардын тұрады:

  1. ТМҚ-ға жатқызылатын тауарлардың санын анықтау;

  2. ТМҚ-ның өзіндік құнына кіруге тиісті шығындарды анықтау;

  3. ТМҚ құнын шығысқа жатқызу тәртібін анықтау.

Қорлардың өзіндік құнына келесі шығындар кіреді:

  1. ТМҚ сатып алуға кеткен шығындар;

  2. өнімді өндіруге кеткен шығындар

  3. өзге де шығындар(тмқ‑ны орналасқан жеріне тасымалдау кезінде немесе оларды тиісті жағдайға келтіру барысында пайда болса ғана өнімнің өзіндік құнына кіреді).

Келесі шығындар ТМҚ-ның өндірістік өзіндік құнына кірмейді:

    • өткізу шығыстары;

    • әкімшілік шығыстар;

    • өзге де операциялық шығыстар.

Жалпы, ТМҚ есебі №2 «Қорлар» Қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына сәйкес жүргізіледі. Қорлардың құнын анықтау барысында олардың бағасын дұрыс белгілеу маңызды болып табылады. Есепті кезең ішінде материалдардың көптеген түрлерінң бағалары өзгеріп тұрады. Материалдың бір түрі, мысалы, бір ай ішінде әр түрлі бағамен келіп түсуі мүмкін. Сонымен бірге, материалдардың бір түрін сатып өткізгенде, оның қандай ретпен және бағамен сатылғандығын анықтау мүмкін емес. Сондықтан, материалдар құнының болжамды қозғалысын аталмыш стандарттарға сәйкес келесі әдістермен бағалау ұсынылады:

  • арнайы сәйкестік тәсілі;

  • орташа өлшенген құндық тәсіл;

  • бірінші тауарлар бағасы арқылы қорларды бағалау тәсілі.

Қараша айы бойынша материалды құндылықтардың мөлшері және қозғалысы туралы мәліметтер 1 кестеде көрсетілген.

Кесте 1.9.1 - Қараша айы бойынша материалды құндылықтардың мөлшері және қозғалысы туралы мәлімет



Көрсеткіштер

Көлемі, дана

Бағасы, тңг

Сома, тңг

1.11 қалдық

1000

20

20000

Қарашада алынған

1 партия


2 партия

3 партия


4 партия

200


300

600


200

21

23



20

22

4200

335000


12000

4400


Кірістегі қорытынды

1300




27500

Қалдықпен қорытынды

2300

Орташа баға 20-65

47500

1 желтосанға қалдық

8100







Сәйкестіктің арнайы тәсілі ТМҚ өзіндік бірлігінің есебін болжайды. Ол көбінесе арнайы тапсырыстар мен жобалар үшін ауысымды және жасамды болып келмейді. Бұл тәсіл партия арқылы қорлар есебін құрастыру мүмкін болғанда қолданылады. Осы мысалда 8100 дана қалдығын болжамданған, 6 кестеде көрсетілген.


Кесте 1.9.2 - Шешуі

Ай басындағы қалдықтан

300 дана

20

6000

1 партия

100

21

2100

3 партия

300

20

6000

4 партия

200

22

4400




8100




18500

Осыдан ай ішіндегі шығындалған материалдар құны 281000 теңге (47500-18500).

Орташа есептелген құн тәсіл. Осы тәсілбарысында материалдық қорлар құны - ай басындағы бар қордың орташа құны және осы айда түскен ТМҚ құны.біздің мысалымызда материал бірлігінің орташа құны 20 теңге 65 тиын (475002300) болады, ай ішінде шығындалған материал 28910 теңге (2300-8100)=1400 20,65.

FIFO тәсілі - бірінші түскен тауар бағасы бойынша қорларды бағалау тәсәлә. Бұл тәсіл болжаумен негізделген, алдымен қорлардың фактілік өз құны шығындалған материалдарға енгізілуі тиіс. Ай аяғында қордың өз құны ақырғы жеткізілген тауарға сәйкес келеді, ал олардың сатылғандары бұрын жеткізілгендерге жатады.

Ай аяғында 8100 бірлік қалдық былай бағаланады: 4 партия 20022 = 4400, 3 партия 60020=12000, 2 партия 100*23=2300.

Қор шығын 1400 (18700) 47500-18700=28800 тең болады.

Қорларды бағалаудың тәсілдерін салыстыру 7 кестеде көрсетілді.
Кесте 1.9.3 - Қорларды бағалаудың тәсілдерін салыстыру

Көрсеткіштер

Сәйкестендірудің арнайы тәсілі

Орташа құн тәсілі

FIFO тәсілі

Үлкен кіріс

30000

30000

30000

Қорлар шығыны

бірлік мөлшері құны, теңге



1400

281000


1400

28910


1400

28800


Ай аяғындағы қорлардың қалдығы

бірлік мөлшері

құны, теңге


8100


18500

8100


18580

8100


18700

Сатудан кіріс

1000

1098

1200

Әр тәсілдің айырмашылықтары мен кемшіліктері бар және ешқайсысы ең қолайлысы және жетік деп қарастырылмайды. Бағаның тәсілін таңдау оның Балансқа, Есепке, қаржылық нәтижелерге, салықтық есепке әсеріне байланысты болады. FIFO тәсілі көбінесе Балансты құру үшін қолайлы, себебі есептік периодтың соңында қорлардың бағасы өтпелі бағаларға жақын болады. Осылайша кәсіпорын активтеріне нақты боп көрінеді. Сонымен қатар, тәсілді таңдау кезде есептелетін салықтың көлеміне жақсы әсер етуін ескеру керек.

Материалдық құндылықтардың барлық түрлері 1300 бөлімшенің активті шоттарында жүргізіледі.

1310 "Шикізат пен материалдар" онда өндірістік процесте одан әрі пайдалануға арналған шикзаттар және материалдар есепке алынады;

1320 "Дайын өнім”, онда дайын және аяқталмаған өнім есепке алынады;

1330 “Тауарллар” онда сатып алынған және қайта сатуға сақталған тауарлардың қлзғалысына байланысты операциялар көрсетіледі;

1340 «Аяқталмаған өндіріс», онда аяқталмаған өндіріс бойынша шығындар есепке алынады;

1350 «өзге қорлар», онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге қорлар есепке алынады;

1360 «қорларды есептен шығару бойынша резерв», онда қорлардың құнын сатудың таза құнына дейін төмендетуге арналған резервтерді құруға және қозғалысына байланысты немесе моральдық жағынан ескертуге байланысты есепке алуға жататын қосылған құн салығының сомасын есепке алуға арналған.

Материалдық босалқылардың қозғалысына байланысты барлың операциялар бойынша құжаттар дайындалып, аз данамен шығарылады. Материалдық босалқылардың қабылдануымен байланысты келіп түскен құжаттар (шот-фактуралар, төлем талап тапсыр-малары, тауарлық-көліктік жөнелтпе қағаздары) жабдықтау бөліміне тексеруге және акцептке (төлеуге) қабылдауға беріледі. Бұл жерде оларды келіп түскен жүктерді есепке алатын журналға (ү. №М-1) тіркейді. Бұл журнал қорлардың түсуі мен кіріске енгізілуін бақылауға, сондай-ақ шоттарды төлеу мерзімдерін немесе акцептен бастартуды жедел түрде бақылауға арналған.

Материалдардың қозғалысын есепке алу бойынша төмендегідей типтік құжаттар пайдаланылады.

Ceнім-хат (№ М-2 немесе М-2а үлгілері). Материалдық қорлар-ды қабылдау кезінде лауазымды тұлғаның, субъектінің сенімді өкілінің құқысы бар адамға сенімхатты рәсімдейді. Сенімхатты бухгалтерия рәсімдеп, алушының қолын қойғызып, қолхат алу арқылы береді. №М-2а үлгісін, материалдық құндылықтардың алынғандығы, берілген сенімхаттарды есепке алатын, алдын ала нөмірленген және түптелген Журналға (ү. №М-3) тіркейтін субъектілер қолданады.

Берілген сенімхаттарды есепке алу Журналы (у.№М-3). Берілген сенімхаттар мен оларды алғандығы туралы қолхаттарды тіркеуге қолданылады. (ү.№М-2) сенімхатты пайдаланған кезде оның берілгендігі және алынғандығы сенімхаттың түбіртегіне жазылады. Мұндай жағдайда берілген сенімхаттарды есепке алу Журналы жүргізілмейді.

Kіpіc ордері (ү№М-4) жабдықтаушылардан немесе өткізілгеннен кейін субъектілерге келіп түсетін босалқыларды есепке алуға қолданылады. Босалқылар қоймаға келіп түскен күні материалдық жауапкершілігі бар тұлға кіріс ордерін 1 дана етіп толтырады.

Материалдардың қабылданғаны туралы AKT (ү.№М-7). Жабдықтаушылардың жолдама құжаттарындағы мәліметтерден сандық және сапалық айырмашылықтары бар босалқыларды қабылдау кезінде қолданылады; сондай-ақ құжаттарсыз түскен материалдарды қабылдағанда жасалады.

Материалдың құндылықтардың өндірісте дайындалу, сортталу процесінде жетіспеушілігі мен жоғалуы жөніндегі AKT (ү. №M-7)

Табиғи шығьн нормаларына сәйкес материалдардың жоғалуы туралы АКТ(ү№М-7б). Субъектінің қоймасына жабдықтаушылардан келіп түскен кезде табиғи шығын нормаларына сай қорлардың кемігені анықталса немесе өңделгеннен кейін оларға табиғи шығын нормалары қойылған болса, осы AKT жасалады.

Материалдардың (тауарлардың) бұлінуі, сынуы, қирауы туралы AKT (ү.№М-7в). Кәсіпорында бұлінудің, сынудың, қираудың нәтижесінде арзандауға және шығарылуға тиіс қорлардың (тауарлардың) есебін алу үшін пайдаланылады. Ол 2 дана етіп жасалынады да, қол қойылады. 1-ші дана бухгалтерияға жіберіліп, қорлардың жоғалуына материалдық жауапты кісілерден шығарып тастауға негіз болады, 2-ші данасы бөлімшеде қалады.

Материалды айырбастауға (қосымша босатуға) талап-актсы (ү. №М-10), Бұл құжат қорлардың белгіленген лимиттен артық бо-сатылуын немесе оларды ауыстырылуын есепке алу үшін қолданылады, сондай-ақ қоймадан қорларды шығаруға негіз болып табылады.

Қоймалардан түскен құжаттар жік-жігімен жинақталып, жөнелту қағаздарымен жабдықталып, содан соң олардың деректерін бухгалтериядағы мәліметтерімен салыстырады. Құжаттардың бірінші даналары кейінгі есептік өңдеуге пайдаланылады, ал екінші даналары материалдар сақталатын орындарда қалады, олар құндылықтар топтары және номенклатуралық нөмірлер бойынша орналасады. Олар анықтамалық мақсаттарда және қоймалар мен бухгалтериядағы есеп деректерін салыстырып тексеру үшін пайдаланылады.


Бақылау сұрақтары:

  1. 2 ҚЕХС «Қорлар».

  2. Тауарлы – материлдық қорлардың жіктелуі.

  3. Материалдардың түсуін құжаттау және оның тәртібі.

  4. ТМҚ қозғалысын құжаттау.

  5. ТМҚ бағалау әдістері.

  6. ТМҚ түгендеу.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет