Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына (IAS) 2 «Қорлар» сәйкес ұйымда тауарлы – материалдық қорлар есебі жүргізіледі.
Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына (IAS) 2 «Қорлар» сәйкес ұйымда тауарлы – материалдық қорлар есебі жүргізіледі.
Материалдық қорлардың барлық түрін есепке алу үшін 1300 «Қорлар» бөлімінің негізгі, активті мүліктік шоттары пайдаланады. Бұл бөлімше құрамына төмендегі синтетикалық шоттар кіреді:
1310 "Шикізат және материалдар",
1320 "Дайын өнім",
1330 "Тауарлар",
1340 "Аяқталмаған өндіріс",
1350 "Басқа да қорлар",
1360 "Қорларды қажетсіздендіруге резервтер".
310 "Шикізат және материалдар" шотында шығарылатын өнімнің негізін салатын немесе өнімді жасап шығаруда оның компоненті болып табылатын қажет шикізаттар мен материалдарын есепке алады. Бұл жерде сондай-ақ өнімді шығаруға қатысатын немесе шаруашылық, технологиялык және өндіріс процесіне септігін тигізетін көмекші материалдар да есепке алынады.

1320 "Дайын өнім" шотында өңдеудің барлық сатыларынан өткен, техникалық талаптарға сай, тұтынуға және сатуға дайын бұйымдар есепке алынады.
1340 "Аяқталмаған өндіріс" шотында өндеудің барлық түрінен өтпеген және техникалық бөлім де, тапсырыс беруші де қабылдап алмаған аяқталмаған жұмыстар аяқталмаған өндіріске жатқызылады, ал олар бойынша жұмсалған шығындар аяқталмаған өндіріске жұмсалған шығындарды кұрайды және есепке алынады.
1350 "Басқа да қорлар" өндіріс қалдықтары, жөнделмейтін ақау бөлшектері, негізгі құралды жою барысында алынған материалдар және т.б есепке алынады.
1360 "Қорларды қажетсіздендіруге резервтер" шотында қоларды қажетсіздендіруге арналған резервтер есепке алынады.
Әрбір ұйымдар қажеттігінше әрбір шоттар бойынша субшоттар және материалдық есебі бойынша аналитикалық (талдамалы) шоттар аша алады.
Әрбір ұйымдар қажеттігінше әрбір шоттар бойынша субшоттар және материалдық есебі бойынша аналитикалық (талдамалы) шоттар аша алады.
Тауарлы-материалдық құндылықтар келесідей активтер түрінде болады: өндірісте пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған шикізаттар, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар және құрастырушы бұйымдар, отын, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа материалдар; аяқталмаған өндіріс;ұйым қызметі барысында сатуға шығарылған дайын өнім, тауарлар.
Өндіріс процесіне еңбек құралдарымен қатар өндірістік босалқы қорлары еңбек заттары ретінде қатысады. Еңбек құралдарынан айырмашылығы еңбек заттары өндіріс процесіне бір-ақ рет қатысады және олардың құны өндірілетін өнімнің материалдық негізін құрай отырып, өнімнің өзіндік құнын құрайды.
Өндіріс барысындағы функционалдық ролі мен мақсаты бойынша барлық материалдық босалқылар негізгі және көмекші болып бөлінеді.
Материалдардың бір ғана түрінің алу бағасы есептік кезең барысында әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан оларды дұрыс анықтау үшін, ҚЕХС (IAS) 2 «Қорлар» қарастырылған әдістердің бірін қолданады: арнайы (тұтастай) идентификациялау әдісі; орташа өлшемді әдіс қорларды бастапқы сатып алу бағалары бойынша бағалау әдісі («ФИФО»).

Орташа өлшенген құндық әдісі. Бұл әдіс кезінде материалдық қорлардың құны – ай басындағы қалдық құнына ай бойында келіп түскен құндылықтарын қосып есептелінген орташа бағасы түсіндіріледі.
«ФИФО» әдісі
«ФИФО» әдісі – босалқыларды алғашқы сатып алу бағалары бойынша бағалау әдісі. Бірінші кезекте сатып алынған құндылықтардың нақты өзіндік құны жұмсалған материалдарға жатқызылады деп есептеледі, яғни бірінші келген – бірінші кетеді. Сонымен қатар, соңғы қалдық құны ең кейінгі сатып алынғанның құнына негізделеді.
Арнайы идентификациялау (бірыңғайлау) әдісі. Бұл әдіс запастардың партиялық есебін дәл ұйымдастыру мүмкіндігі болған жағдайда қолданады.
Өндіріс запастарының шығысы мен түсімі бойынша жасалатын алғашқы құжаттар материалдық есепті ұйымдастырудың негізі болып табылады. Тікелей алғашқы құжаттардың көмегімен тауарлы-материалдық қорлардың тиімді пайдалануын және сақталуын, қозғалысын алдын ала, ағымдағы және келешектегі бақылануын жүзеге асырады. Есепті тиімді ұйымдастыру ісінде қорлардың сақталуы мен есепке алынуына қатысы бар барлық тұлғаларға баға көрсеткішінің номенклатурасын жасап, таратудың маңызы зор. Онда ұйымның қолында барлық материалдық корлар белгілі бір белгілері бойынша әзірленеді.