www.BankReferatov.kZ https://vk.com/ubt_land
олардың Еуропа халықтарының, әсіресе славяндардың осы тектес шығармаларымен бір
сарындастығына қайран қалдым» деп көрсетеді. Орыс қазақ ертегілерін, мақал мәтелдерін
салыстыра отырып нақты дәлелдейді. Мысалы: өмір шындығының сәйкестігі әдебиеттеде
тақырып, сюжет ұқсастығын туғызатындығын ғалым қазақ пен араб поэзиясын салыстыра
отырып, дала өмірін жырлағанекі елдің бір біріне ұқсастығын, көшпелі ел тұрмысы сұлу
табиғат, рулық тартыс, қайшылықтарды суреттеуінен анық көрінетінін айтады. Әсіресе, бұл
халықтарда өлеңді суырып салып айту өнерінің ерекшелігіне назар аударған. Қазақтың
шешен билері жайында құнды пікір білдіре отырып, олардың дауды шешкендегі әділдігі мен
сөздің түбін түсіретін сөз шеберлігіне қайран қалады.
Шоқан қазақ халқының ауыр тауқыметін жеңілдеті жолын іздеп, ойластырған. Оған бар
ынтасы мен ұмтылыс та жасап көреді. Шоқанның өзі туған халқы алдында сіңірген еңбегін
бірер сөзбен былай түйіндесек болады: ол халқын өзін өзі тануға, өзін өзі түсінуше
шақырды, сөйтіп, арманының орнына барынша ғылымды игеру мәселесін қоя білді.
Қорыта келе, Шоқан « Өмірдің жоғары үлгісі» туралы көзқараста болды. Өзінің
ғылымның қай саласы болмасын зор үлес қосып, келешек ұрпаққа сенім артып кеткендей.
Ол аз ғұмыр сүрсе де, оның артынан жаңаша көзқараспен қазақ тарихын зерттеуге қадам
жасайтын, ынтасы мол жас буын, жаңа толқын келеді дегенге кәміл сенген. Сол жолда
дарын тарихшы мамандарды көбейту, бағдарымызды ізгілікке бастау үшін мақсатты
нақтылыққа бастайтын іс қимылда үлгі боларлық тұлға болсын деп тілейік.
Достарыңызбен бөлісу: