www.BankReferatov.kZ https://vk.com/ubt_land
жасап, зерделесек, оның қазақ қоғамы, сол замандағы өзекті мәселелерді өз туындысына
арқау еткенін көреміз. Ал осы шығармада Абай заманы мен қазіргі қоғамның айқындап
отырған мәселелерінің қандай үндестігі бар? Ол қазіргі күні де өзекті болып отыр ма?
Қара һәм дара сөздерден менің түйгенім көп. Айталық, менің ойымша, адамзат баласының
алдында үш айғақты зор міндет тұр. Олар: бейбітшілік, руханият, табиғат ананы қорғау.
Бұлардың қай қайсысын да біздің тіршілігіміздің қайнар көзі, басты бағдары десекте артық
айтқандық емес. Осы үш бастауға қазақ елінің ғана емес әлем болашағының баспалдағы деп
Елбасымыз айтқандай, адамзат баласының өмір сүруіне қажетті деп танитын осы үш таған.
Енді қара сөдерге тоқталар болсақ, олардың өзектілігі де бүгінгі күнмен астасып жатқаны
анық.
Менің пайымдауымша, қазақтың рухани мұрасы, адалдығы дәл осы Абай қарасөздерімен
бірге біте қайнасып кеткендей. Абайдың мұрасымен таныспаған қазақ, оны сүймеген жас
жапырақсыз терек тәрізді деуге болады.
Қорыта келе, біз ұлы ақынымыз Абайдың дәуірінде қалдырып кеткен сөздерінің әлі күнге
дейін қоғамымызға қажеттілігін ұғынғандаймыз. Оның адамзаттың ең асыл қасиеті
адамгершілікке баулыған, тәрбиелеуге негізделген қара сөздері арқылы рухани азық алдық,
адамдық сипатта бой түзеуге тырыстық, себебі біз халқын сүйген қаламгердің, ұлық
ақынның ұрпағымыз.
Достарыңызбен бөлісу: